75
қамтамасыз ететін арнайы қолғаптар және олар синтетикалық немесе табиғи каучуктан дайындалады.
Қолғаптар бес саусақты. Олар қорғаныс құралдары ретінде пайдаланылатын қорғаныс қолғаптарынан
ерекшеленеді; диэлектрлік қолғаптар жақсы оқшаулағыш және жоғары механикалық қасиеттерге ие
болуы, жұмсақ әрі қолайлы болуы тиіс.
Диэлектрлік қолғаптар потенциалы әртүрлі кернеулі құрамдастарға тікелей жанасудан
оқшаулай отырып, оператордың қолын ток өткізгіш бөліктерден және электр тоғының соғуынан
қорғауға мүмкіндік береді.
Диэлектрлік қолғаптар кернеу сыныбы бойынша 1, 2 және 3-түрге
бөлінеді. 1-түрге жататын қолғаптар қуаты 3 кВ және одан төмен таратушы жабдықтармен жұмыс
жасауға жарамды; 2-түрге жататын қолғаптар қуаты 6 кВ және одан төмен таратушы жабдықтармен
жұмыс жасауға жарамды; 3-түрге жататын қолғаптар қуаты 10 кВ және одан төмен таратушы
жабдықтармен жұмыс жасауға жарамды.
Диэлектрлік қолғаптардың беті тегіс, ішінде де, сыртында да ешқандай тесіктер, ақаулар,
сызаттар, дақтар, кесіктер, қысқыштың іздері немесе басқа да көзге көрініп тұрған ақаулықтар,
қатпарлар және жаншылулар болмауы тиіс. Бояғыш заттарды бүркуге жол берілмейді.
Диэлектрлік аяқкиім (бәтеңкелер) оқшаулағыш материалдардан дайындалады. Аяқкиім
өнеркәсіптік жиілігі бойынша классификацияланады: диэлектрлік бәтеңкелер 3-10 кВ-не және 0,4 кВ-
ден төмен – бұл желі кернеуі бойынша, сондай-ақ материалы бойынша классификацияланатын
диэлектрлік аяқкиім: матадан, былғарыдан және резеңкеден дайындалған диэлектрлік аяқкиім.
Резеңке бәтеңкелер кернеулі орташа вольтты желілерде жұмыс жасау үшін қолданылады, ал матадан
және былғарыдан тігілген аяқкиім немесе диэлектрлік аяқкиім кернеуі төмен кернеулі токқа арналған
желілерде жұмыс жасау үшін пайдаланылады. Диэлектрлік аяқкиім (бәтеңкелер) операторды жерден
оқшаулауды қамтамасыз етеді. Жоғары вольтты желілерде жұмыс жасаған кезде диэлектрлік аяқкиім
жерден оқшаулайтын қосалқы қорғау құралдары ретінде қызмет атқарады. Төмен кернеулі токқа
арналған желілерде жұмыс жасаған кезде диэлектрлік бәтеңкелер кернеудің артуынан қорғайтын
негізгі құралдар ретінде қолданылады. Диэлектрлік қолғаптар мен аяқкиімдерді 4.7--суреттен көріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: