8-775-909-01-77 167 ең алғашқы мәліметтер бұдан 8000 жыл бұрын пай-
да болған. Ғалымдардың қала жасына байланысты
деректі анықтаған тәсілі қызығушылық тудырады.
Қала үйіндісінен күннің тұтылуын баяндаған жазба-
лар табылды. Бүгінгі астрономдар Вавилонда күннің
қашан тұтылғанын есептеп шығарды, осының нә-
тижесінде вавилондық және біздің күнтізбелер ара-
сындағы байланысты анықтау мүмкін болды.
Осылайша біз 8000 жыл бұрынғы Вавилон тұр-
ғындары шумерлердің қабырғалармен қоршаған
қалаларда өмір сүргеніне көз жеткіздік. Демек, бұл
қалалардың қанша ғасыр бұрын салынғанын болжау
ғана мүмкін. Ол тұрғындар сол кездің өзінде-ақ бекі-
ніске тығылған жабайылар емес еді.
Тарихтың дәлеліне жүгінсек, олар адамзаттың
алғашқы инженерлері, жұлдызшылары, математик-
тері, қаржыгерлері, басқаша айтқанда, жазу-сызуы
бар алғашқы адамдар болған екен.
Шөліркеген алқапты жұмаққа айналдырған суа-
ру жүйесі туралы еске салып өттік. Сол суарнала-
рын әлдеқашан құм басса да, олардың іздері әлі
сайрап жатыр. Кейбір арналардың кеңдігі сонша-
лық – олардың табанымен оншақты ат қатарласып
өте алатындай әсер қалдырады. Ауқымы бойынша
олар Колорадо мен Юта штаттарының ең ірі суарна-
ларымен тайталаса алар еді.
Алқапты суландырумен бірге, вавилондық инже-
нерлер маңызы жағынан одан кем түспейтін жобаны
жүзеге асырған. Тапқырлықпен жасалған құрғату
жүйесінің арқасында олар Евфрат пен Тигр өзенде-
рінің батпақты сағаларын құрғатып, үлкен аумақты
ауыл шаруашылығына жарамды ете білді.