Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет155/164
Дата07.04.2022
өлшемі6,68 Mb.
#30165
түріМазмұндама
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   164
8-775-909-01-77
167
ең алғашқы мәліметтер бұдан 8000 жыл бұрын пай-
да болған. Ғалымдардың қала жасына байланысты 
деректі анықтаған тәсілі қызығушылық тудырады. 
Қала үйіндісінен күннің тұтылуын баяндаған жазба-
лар табылды. Бүгінгі астрономдар Вавилонда күннің 
қашан тұтылғанын есептеп шығарды, осының нә-
тижесінде вавилондық және біздің күнтізбелер ара-
сындағы байланысты анықтау мүмкін болды.
Осылайша біз 8000 жыл бұрынғы Вавилон тұр-
ғындары шумерлердің қабырғалармен қоршаған 
қалаларда өмір сүргеніне көз жеткіздік. Демек, бұл 
қалалардың қанша ғасыр бұрын салынғанын болжау 
ғана мүмкін. Ол тұрғындар сол кездің өзінде-ақ бекі-
ніске тығылған жабайылар емес еді. 
Тарихтың дәлеліне жүгінсек, олар адамзаттың 
алғашқы инженерлері, жұлдызшылары, математик-
тері, қаржыгерлері, басқаша айтқанда, жазу-сызуы 
бар алғашқы адамдар болған екен. 
Шөліркеген алқапты жұмаққа айналдырған суа-
ру жүйесі туралы еске салып өттік. Сол суарнала-
рын әлдеқашан құм басса да, олардың іздері әлі 
сайрап жатыр. Кейбір арналардың кеңдігі сонша-
лық – олардың табанымен оншақты ат қатарласып 
өте алатындай әсер қалдырады. Ауқымы бойынша 
олар Колорадо мен Юта штаттарының ең ірі суарна-
ларымен тайталаса алар еді.
Алқапты суландырумен бірге, вавилондық инже-
нерлер маңызы жағынан одан кем түспейтін жобаны 
жүзеге асырған. Тапқырлықпен жасалған құрғату 
жүйесінің арқасында олар Евфрат пен Тигр өзенде-
рінің батпақты сағаларын құрғатып, үлкен аумақты 
ауыл шаруашылығына жарамды ете білді.


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   164




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет