Yessenov forum «ЖАҢа мағыналар»



Pdf көрінісі
бет195/255
Дата11.04.2022
өлшемі7,85 Mb.
#30604
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   255
Байланысты:
itog

Түйінді сөздер: егіншілік, Маңғыстау, әлеуметтік жағдай, аграрлік, өнім. 

 

Қазақстан Республикасы аграрлық саясатының стратегиялық нысанасы отандық 



өндірісті ұлғайту, өнім сапасын жақсарту және оның өзіндік құнын әлемдік бәсекелестік 

деңгейінен  асырмау,  халықты  экологиялық  азық-түлік  өнімдерімен,  ал  өнеркәсіпті 

шикізатпен толық қанағаттандыру болып табылады. 

Қазақстанның  аграрлық  секторы  әлеуметтік-экономикалық  жағынан  терең 

түрлендірілді,  шаруашылықты  жүргізудің  экономикалық  механизімі  өзгерді, 

щаруашылықтың  жаңа  нышандары  қалыптастырылды.  Экономикасы  дамыған  елдер 

тәжірибесі  аграрлық  өндірісте  жандандырмай  елдің  азық-түлік  қауіпсіздігі  мәселесін 

шешу және дамыған нарықтың қатынастарды қалыптастыру мүмкін еместігін дәлелдеп 

отыр.  Аграрлық  саясат  ол  ауыл  шаруашылық  өндірісі  мен  агробизнестің  басқа  да 

салаларын тиімді дамытуға бағытталған және осы негізде халықтың тұрмыс дәрежесімен 

елдегі қоғамдық процестің дамуын қамтамасыз ету саясаты. 

Маңғыстау  өңірі  Қазақстандағы  бірден  бір  жер  үсті  су  көздері  жоқ,  қатал 

табиғатымен ерекшеленетін, экономика дамуының негізгі салалары мұнай мен газ өндіру 

болып табылатын, шөл және шөлейт аймақ. Сол себепті Маңғыстау облысын аграрлық 

өңірге  жатқызу  мүмкіндігі  шектеулі.  Дейтұрғанмен,  аграрлық  секторды  облыс 

экономикасының  драйверіне  айналдыру  мақсатында  ата  кәсіп  –  мал  шаруашылығын 

қарқынды дамытумен қатар, егін шаруашылығын дамыту іске асырылып келеді.  

Израильдік  фермерлер  ыстық  шөлде  үздіксіз  құм  мен  судың  жетіспеушілігі 

жағдайында  плантацияларын  жыртады,  бірақ  олар  тонналап  жемістер  мен  көкөністер 



398 

 

жинайды.  Барлығының  себебі,  суды  құрметтеу,  оларда  бұл  -  әшекей,  барлық 



қолданылатын  технологиядан  қымбат.  Әрбір  бақша  төсегіне  су  жіберілетін  жүздеген 

километр  құбырлар,  компьютерлер  су  қоймасынан  әрбір  зауытты  реттейді. 

Вегетациялық  кезеңде  торлар  немесе  басқа  мульча  материалы  орналастырылады, 

олардың  қасиеттері  мақсатқа  байланысты,  бұл  ақырында  булануды  азайтады  және 

суаруды аз талап етеді. Осы әдістерді ескере отырып маңғыстау егін шаруашылығының 

тәжірибесіне енгізіп келеді. 

Шетелде әр жылыжайда немесе егістікте стенд түріндегі шағын бөлме болса, онда 

терминал орнатылған, сағат сайын суару үшін бағдарламаланған, қанша мөлшерде және 

қай сағатта суару әдеттегідей 

[1].


 

 Бұл  техникалық  трюктердің  барлығы  қымбат:  түтіктерді  екі  жыл  сайын 

ауыстыру, компьютерлік бағдарламалау құны, күн торлары, жұмысшыларды оқыту және 

т.б. Бірақ мұның бәрі өз жемісін береді: израильдік жемістер мен көкөністер бүкіл әлемге 

жөнелтіледі. Бұл технологиялардың барлығы Маңғыстау облысы жағдайында жер және 

су ресурстарын сауатты пайдалану жағдайында қолданылады. 

Маңғыстау  облысының  егін  шаруашылығы  жағдайын  мынадай  статистикадан 

көруге болады. 

160 шаруа қожалығы өсімдік шаруашылығында басым бағыттағы көкөніс - бақша 

дақылдары  өсіреді.  Қажетті  тұқымдармен,  жанар-жағармай  материалдарымен  өздерін 

қамтамасыз етеді. 

2020 жылы көкөніс пен бақша дақылдарының егістік көлемін 875 гектарға (Ақтау 

43,4  га,  Жаңаөзен  36,5  га,  Қарақия  300,4  га,  Маңғыстау  239,2  га,  Мұнайлы  119,3  га, 

Түпқараған 132,7 га, Бейнеу 3,1 га), оның ішінде 820 гектарға тамшылата суару жүйесін 

қолданып егуді және 17 500 тн(көкеніс 4 500 тн, бақша 13 000 тн) жоспарланған 

Субсидияланатын 494 тыңайтқыш түрлерінің тізбесі және 1 тоннаға (килограмм, 

литр)  субсидия  нормалары  ҚР  Ауыл  шаруашылығы  министрлігімен  келісіліп,  облыс 

әкімдігінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 62 қаулысымен бекітілді. 

Сонымен  бірге  жабық  топырақта  (жылыжайлар)  өсірілетін  көкөніс 

дақылдарының көлемін 27 гектардан (өнеркәсіптік 11,7 га, фермерлік 15,3 га) 4189 тн 

өнім алынған, (Ақтау 8,5 га, Жаңаөзен 1,0 га, Қарақия 1,4 га, Маңғыстау 0,3 га, Мұнайлы 

11,2 га, Түпқараған 5,2 га, Бейнеу 0,2 га) 34 гектарға (7,0 га) 5200 тн өнім алуға дейін 

ұлғайту жоспарланды (Ақтау 1,0 га, Жаңаөзен 1,0 га, Қарақия 1,0 га, Маңғыстау 0,5 га, 

Мұнайлы 1,3 га, Түпқараған 2,0 га, Бейнеу 0,2 га). 

Статистикалық мәліметке сәйкес облыс бойынша егін шаруашылығы бағытында 

161 шаруа қожалықтар бар. 

2019  жылы  869,2  гектар  суармалы  жерлерге,  оның  ішінде  790  гектарына 

тамшылата суару әдісімен, басым бағыттағы көкөніс-бақша дақылдары өсірілді. 

Жылыжай жалпы көлемі 27,4 гектар құрайтын 57 жылыжай жұмыс жасады (2018 

ж. – 42 жылыжай – 23,4 га), оның ішінде жалпы көлемі 13,8 гектар құрайтын 7 жылыжай 

өнеркәсіптік үлгідегі және жалпы көлемі 13,6 га құрайтын 50 фермерлік жылыжай, өсім 

4 гектар және жылыжайлардың саны 15-ке артты. 

2020 жылға ауыл, орман және балық шаруашылығы салсында өндірілген өнімнің 

көлемі - 20,9 млрд ал НКИ- 103,0 % деп жоспарлануда. 

Мал  шаруашылығы  –  ауыл  шаруашылығының  мал  өнімдерін  өндіру  үшін  мал 

өсірумен айналысатын саласы. Мал шаруашылығы халықты азық –түлікпе (сүт, май, ет, 

т.  б.) жеңіл  және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен (жүн, тері,  ет  өнімдері  қалдықтары 

т.б.) ауыл шаруашылық өндірісін күш – көлік (ат, өгіз, түйе т.б.)  және тыңайтқышпен 

қамтамасыз етеді. Мал шаруашылық өнімдері мен оның қалдықтарынан мал азықтары 

(майы алынған сүт, ет сүйек, және сүйек ұндары, т.б.), дәрі –дәрмектер мен биологиялық 




399 

 

белсенді  заттар  (емдік  сарысулар,  гормонды  қосылыстар,  т.б.)  алынды.  Мал 



шаруашылығы салаларына сиыр, қой, ешкі, жылқы және түйе шаруашылықтары жатады. 

Мал  шаруашылығының  тарихы  осыдан  10  мың  жылдай  бұрын  жабайы 

жануарларды  қолға  үйрету  кезеңінен  бастау  алады.  Алғашқыда  мал  шаруашылығы 

табиғи  сипатта  дамығандықтан  малдардың өнімділік  бағыттары  мен тұқымдары 

санын ұлғайтуға  жеткілікті  жағдайлар  болмады.  Мал  тұқымдарын  шығарудың  қарқын 

алуы 


мал 

шаруашылық 

өнімдерін 

өндіру 


тауарлары сипат 

алған 


капиталистік қатынастардың  өркендеуімен  тығыз  баыланысты  жүрді.  Мыңдаған 

жылдық  тарихы  бар  мал  шаруашылығының  Қазақстанның  экономикалық,  әлеуметтік 

және мәдени дамуындағы орны ерекше болды.  20-ғасырдың басына дейін адамдардың 

әл  –  ауқаты  мен  тұрмыс деңгейі  түгелге  жуық  мал  шаруашылығының  өркендеу 

деңгейімен   анықталды.   Қазақстан  жерінде  мал шаруашылығы  ежелден  жайылым 

ауыстырып отыруды талап ететін көшпелі жүйе бойынша дамығандықтан негізінен қой, 

ешкі, 

жылқы 


және 

түйе 


өсірілді. 

Салыстырмалы 

түрде 

күтімді 


және  құнарлы  азықтарды  көп қажет ететін сиырдың кең таралуы, сондай  – ақ, қазақ 

төрт  түлік  мал  санатына  қоспайтын  шошқа  өсірудің   қолға   алынуы   19  –  20 

ғасырларда   Ресейден   орыс  шаруаларының   қоныс  аударып  келе   бастауымен   тығыз 

байланысты.  Сол  кездерде Орталық  Қазақстан  аймағындағы  мал  шаруашылығы 

ерекшеліктерін анықтау мақсатында жүргізілген зерттеулер нәтижесі мал түрлері үлес 

салмағының төмендегідей болғандығын көрсетті 

[2].

 

Мал  шаруашылығы  –  ауыл  шаруашылығының  мал  өнімдерін  өндіру  үшін  мал 



өсірумен айналысатын саласы. Мал шаруашылығы халықты азық –түлікпе (сүт, май, ет, 

т.  б.) жеңіл  және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен (жүн, тері, ет  өнімдері  қалдықтары 

т.б.) ауыл шаруашылық өндірісін күш – көлік (ат, өгіз, түйе т.б.)  және тыңайтқышпен 

қамтамасыз етеді. Мал шаруашылық өнімдері мен оның қалдықтарынан мал азықтары 

(майы алынған сүт, ет сүйек, және сүйек ұндары, т. б.), дәрі –дәрмектер мен биологиялық 

белсенді  заттар  (емдік  сарысулар,  гормонды  қосылыстар,  т.б.)  алынды.  Мал 

шаруашылығы салаларына сиыр, қой, ешкі, жылқы және түйе шаруашылықтары жатады. 

Мал  шаруашылығының  тарихы  осыдан  10  мың  жылдай  бұрын  жабайы 

жануарларды  қолға  үйрету  кезеңінен  бастау  алады.  Алғашқыда  мал  шаруашылығы 

табиғи сипатта дамығандықтан малдардың өнімділік бағыттары мен тұқымдары санын 

ұлғайтуға  жеткілікті  жағдайлар  болмады.   Мал  тұқымдарын  шығарудың  қарқын  алуы 

мал шаруашылық өнімдерін өндіру тауарлары сипат алған капиталистік қатынастардың 

өркендеуімен  тығыз  баыланысты  жүрді.  Мыңдаған  жылдық  тарихы  бар  мал 

шаруашылығының  Қазақстанның  экономикалық,  әлеуметтік және  мәдени дамуындағы 

орны  ерекше  болды.   20-ғасырдың  басына  дейін  адамдардың әл  –  ауқаты  мен  тұрмыс 

тіршілік 

деңгейі түгелге жуық мал шаруашылығының 

өркендеу 

деңгейімен   анықталды.   Қазақстан  жерінде мал шаруашылығы  ежелден  жайылым 

ауыстырып отыруды талап ететін көшпелі жүйе бойынша дамығандықтан негізінен  қой, 

ешкі, 

жылқы 


және 

түйе 


өсірілді. 

Салыстырмалы 

түрде 

күтімді және  құнарлы  азықтарды  көп қажет ететін сиырдың кең таралуы, сондай – ақ, 



қазақ  төрт  түлік  мал  санатына  қоспайтын  шошқа  өсірудің   қолға   алынуы   19  –  20 

ғасырларда   Ресейден   орыс  шаруаларының   қоныс  аударып  келе   бастауымен   тығыз 

байланысты.  Сол  кездерде  Орталық  Қазақстан  аймағындағы  мал  шаруашылығы 

ерекшеліктерін анықтау мақсатында жүргізілген зерттеулер нәтижесі мал түрлері үлес 

салмағының төмендегідей болғандығын көрсетті. 

Еліміздің  солтүстігіндегі  орманды  дала  және  дала  зоналарында,  сонымен  бірге 

биік таулы аймақтарда етті  – сүтті мүйізді  ірі қара малы өсіріледі. Себебі  бұл  жерлер 

малды шырынды азықпен қамтамасыз етуге қолайлы. 




400 

 

Етті  –  сүтті  ірі  қара  өсіру  –  республиканың  егіншілікке  маманданған  бөлігі  – 



Солтүстік  Қазақстан,  Оңтүстік  Қазақстан  және  Шығыс  Қазақстанның  тау 

бөктерлеріндегі  аудандарға  тән.  Ондағы  жазық  өзендердің  аңғарларындағы  мен 

көлдердің қазан шұңқырларындағы шүйгін шабындық жер және тау бөктерлері  етті  – 

сүтті мүйізді ірі қара мал шаруашылығымен айналысуға өте қолайлы. Мүйізді ірі мал 

басының  өнімділік  дәрежесі  әр  түрлі.  Шырынды  азықпен  қамтамасыз  етуге  қолайлы 

солтүстік  аудандарда  сүтті  –  етті,  ал  қала  халқы  тығыз  орналасқан  аудандарда  сүт 

бағытындағы ірі қара өсіруге маманданған. Мүйізді ірі қара малын жайылымда немесе 

қолда  ұстап  бағады.  Қазақстандағы  асыл  тұқымды  мүйізді  ірі  қарадан  ерекше  көзге 

түсетіндері  сүтті  –  етті  ірі  қырдың  қызыл  сиыры,  алатау  сиыры,  талас  сиыры  және 

қазақтың етті – сүтті ақбас сиыры. 

Республикамыздың 

барлық 


аудандарында 

жылқы 


шаруашылығымен 

айналысады. Жалпы көшпелі тұрмыс кешкен халықтардың көне заманнан бергі ең көп 

өсірген малы және төрт түліктің ішіндегі қастерлеп пір тұтаты – ны – жылқы. Тарихи 

деректер  бойынша  жылқының  ең  алғашқы  қолға  үйретілген  негізгі  отаны  Шығыс 

Еуропаның далалық аймағы, Орталық Азия және Қазақстан деп саналады, Кеңес өкіметі 

жылдарында Қазақстанда 1,3 млн  жылқы  болса, қазір  оның  саны  950 мыңдай. 

Қазіргі  кезде  Қазақстанның  арнайы  жылқы  өсіретін  заводтары  мен 

шаруашылықтарында  жылқының  17  қолтұқымы  өсіріледі.  Қазақстанда  ерте  кезден 

бастап  өсіріліп  келе  жатқан  қолтұқымның  бірі  –  қазақы  жылқы.  Ол  жергілікті  халық 

көлік ретінде әрі еті мен сүтін пайдалану үшін өсіріледі. 

Қазақы  жылқының  өзін  жабы  жылқысы,  адай  жылқысы,  көшім  жылқысы, 

қостанай жылқысы деп бөледі. 

Жабы  жылқысын  күш  көлігі  ретінде  пайдаланады.  Қалың  қарда 

тебіндеп  жайылады әрі қысқы  аязға  шыдамды  келеді.  Биелері тәулігіне 18 – 20 литр 

сүт  береді.  Жабы  жылқылары  Атырау,  Ақтөбе,  Қарағанды,  Қызылорда,  Оңтүстік 

Қазақстан, 

Ақмола 

және 


Солтүстік 

Қазақстан 

облыстарының 

кейбір   шаруашылықтарында   өсіріледі.   Мысалы,  Ақтөбе  облысындағы  «Мұғалжар», 

Қызылорда  облысындағы  «Құланды»,  Алматы  облысындағы  «Басши»  жылқы 

заводтарында бар. 

Адай  жылқысы  салт  мініске  қолайлы,  жүріске  жеңіл  әрі  жүйрік.  Қазақстанның 

батыс аймағының табиғат жағдайларына бейімделген. Биелері  тәулігінде 12 – 15 литр 

сүт  береді.  Бұл   жылқы  негізінен  Атырау  мен  Маңғыстау  облыстарының 

шаруашылықтарында  өсіріледі.  Мысалы,  Маңғыстау  облысындағы  «Құланды»  және 

«Түнқараған» шаруашылықтарында адай жылқысының негізгі тобы таралған. 

Түйе   шаруашылығы   еліміздің   неғұрлым  шөлді  аудандарында  Атырау, 

Маңғыстау, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында өсіріледі. Шөл, шөлейт 

және  дала  зоналарындағы  аудандарда  түйе  өсірумен  айналысады.   Өйткені   олар  жыл 

бойы  жайылымда  болады.  Түйе   шөлге   төзімді,   тікенекті,   сораңды  шөптермен 

коректенеді. Бірнеше күн су ішпей, ауыр жүк тарта алады. Қазақстанда 92 мыңнан астам 

түйе бар. 

Халқымыз  түйенің  етін,  сүтін  және  жүнін  күнделікті  тұрмыс  қажеттіктеріне 

пайдаланады. Түйе сүтінен шұбат дайындалады, оның емдік қасиеті жоғары. 

Қазақстанда  ауыл  шаруашылығы  мен  өндірісті  жоспарлы  түрде  дамыту,  жаңа 

жерлерді  игеру  және  отырықшылық  өмір  салтының  берік  орнығуы.    Мал 

шаруашылығының  жаңа  бағыттары  —  сүтті  және  етті  мүйізді  ірі  қара  мал 

шаруашылығын,  биязы  және  биязылау  жүнді  қой  шаруашылықтарын,  қаракөл  қойы 

шаруашылығын  өркендетуге  кең  жол  ашты.  1934  —  90  жылы  аралығында  ұжымдық 

және  кеңестік  шаруашылықтар  жұмысының  жүйелі  ұйымдастырылуы  мал 



401 

 

шаруашылығының  барлық  салаларын  айтарлықтай  жоғары  қарқында  дамытуға 



мүмкіндік берді. 1990 — 92 жылы Қазақстанда малдың 51, оның ішінде 18 қой, 11 мүйізді 

ірі  қара,  13  жылқы,  3  түйе  тұқымдары  мен  тұқымдық  топтары  өсірілді.  Олардың 

жартысына жуығы 12 қой, 4 сиыр және 3 жылқы тұқымы Қазақстан ғалымдары мен Мал 

шаруашылығы  саласы  мамандарының  бірлескен  жемісті  еңбегі  нәтижесінде 

шығарылды.  Осы  мал  тұқымдарының  гендік  қорын  тиімді  пайдалану,  зоотехникалық 

талаптарға  сай  азықтандыру  мен  бағуға  негізделген  технологиялардың  кеңінен 

қолданылуы жыл сайын 1,5 млн. тонна ет (сойыс салмағымен), 5,5 млн. тонна сүт, 100 

мың  тонна  (табиғи)  жүн  және  1700  мың  данаға  жуық  қаракөл  елтірісін  өндіруді 

қамтамасыз  етіп  келді.  1990  —  2000  жылы  ауыл  шаруашылығын  реформалауда 

жіберілген кемшіліктер салдарынан мал саны күрт кеміді, оның ішінде сиыр 2,4, қой мен 

ешкі  3,7,  жылқы  1,7,  түйе  1,5  есеге  азайды.  Нәтижесінде  негізгі  мал  шаруашылығы 

өнімдерін өндіру көлемі 2,5 — 3,0 есеге дейін қысқарды. 

2021  жылдың  маусым  айында  БАҚ  пен  әлеуметтік  желілерде  Маңғыстау 

облысында  ірі  қара  малдың  жаппай  қырылғаны  көрсететін  фотолар  мен  куәгерлердің 

фотосуреттері  пайда  болды.  Мұның  себебі  су  мен  жем-шөптің  болмауы 

болды.   Фермерлердің  көмек  сұраған  өтініштеріне  Ауыл  шаруашылығы  министрлігі 

дереу  жауап  қайтарды.  Мал  азығын  артқан  жүк  көліктері  бүкіл  елден  ағылды. 

Қазақстанның солтүстігінде осы шудың арқасында азық бағасы қымбаттады. 

Каспийдің тартылуы өңірдегі ауа-райына қатты әсер етіп жатыр, дейді ол. 

«Маңғыстауға жауын жаумағалы биыл үшінші жыл болды. Мұның себебі арыда 

жатыр.  Жылдан  жылға  Каспий  теңізінің  Маңғыстау  жақ  бөлігі  өте  қатты 

тартылуда.    Қаламқастың  жағалауы  15  километрге  дейін  тартылды.  Шаруалар 

көктемнен үміт күтіп еді, көктемде де жауын-шашын болмады. Тіпті мал тұяғы тимеген 

жерлерде де биыл шөп шықпай қалған. Өңірдегі ауа-райының басты құраушы факторы 

– Каспий теңізі. Оның деңгейі қатты түсіп кетіп отыр. Ауа-райын зерттеушілері де мұны 

растап отыр 

[3].

 

Бұрын теңіздің 50-60 шақырым жерге  дейінгі жағалауы ылғалды болатын. Ащы 



шөптер шығатын. Бұл шөптер шабындық болмай қалған жылдары маз азығының екінші 

қоры болатын. Қазір мұның бірі де болмай отыр. Қыстың қарлы, көктемнің жаңбырлы 

болуы  осы  Каспий  теңізіне  тікелей  байланысты.  Каспий  теңізі  негізінен  Еділ  өзені 

суымен қоректенетінін білесіздер. Бірақ Ресей оған жіберілетін Еділ өзенінің жылдық су 

мөлшерін жылдың әр маусымында әркелкі жібереді. 

Қыста  көп  жібереді  де,  жазда  өздерінің  қажеттіліктеріне  пайдаланады.  Мұның 

барлығы  енді  халықаралық  деңгейде  реттелетін  мәселелер.   Мұның  барлығы  жақын 

арада шешілуі тиіс мәселе 

ҚР ауыл шаруашылығы министрлігімен сүт, ет, тері, жүн, майлы дақылдар, астық, 

жеміс-көкөніс, қант қызылшасы және картоп өңдеудің 9 бағыты бойынша қайта өңдеу 

кәсіпорындарының картасы жасалған. Оған өңірдегі келесі қайта өңдеуші кәсіпорындар 

енді отыр, яғни «Ақтау сүт», «Ақ-нек», «Бейнеу сүт зауыты», «Жаңаөзен сүт зауыты», 

«Millina  food  production  company  ltd»  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестіктер.  Бұл 

кәсіпорындар  негізінен  Ресей  және  Беларусь  елдерінен  тасымалданатын  құрғақ  сүт 

негізінде жұмыс жасайды. 

 Жоғарыда айтылған жаңа бизнес жобалар негізінен Ақтау қаласы және Қарақия, 

Түпқараған,  Мұнайлы  аудандарында  жүзеге  асырылып  жатыр.  Нәтижесінде,  барлығы 

300-ден астам адам жаңа жұмыс орындарымен қамтылады. Яғни, мал шаруашылығын, 

егін  шаруашылығын  дамыту  жөніндегі  іс-шара  жоспарын  жүзеге  асыру  Маңғыстау 

облысының  әлеуметтік-экономикалық  жағдайын  жақсартуға,  сондай-ақ  өңірде  шаруа 

қожалықтарын дамытуға маңызды серпін бермек. 



402 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.https:// http://turaninform.kz/?p=4295 

2.https://www.lada.kz/aktau_news/society/38622-deputaty-mangistauskoy-oblasti-

obsudili-problemy-razvitiya-selskogo-hozyaystva.html 

3.https://atameken.kz/ru/news/30198-agronomy-mangistauskoj-oblasti-izuchayut-

novye-puti-razvitiya-rastenievodstva 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет