Түйінді сөздер: «Каспий теңізінің конституциясы», каспий теңізінің құқықтық
мәртебесі туралы конвенция.
Мемлекет басшысы жүргізілген келісімдердің табыстылығына тоқталып,
Конвенцияны дайындау процесінде барлық ел Каспий өңірінің саяси тұрақтылығы мен
дамуын, сондай-ақ оның табиғи байлығының қорғалып, көбейтілуін қамтамасыз ету
мүддесін көздегенін айтты.
Көп жылғы сіңірген еңбектің шарықтау шегі бойынша Каспий теңізінің құқықтық
мәртебесі туралы конвенцияға қол қоюмен аяқталды. Конвенция «Каспий теңізінің
конституциясы» болып саналады. Мұнда теңіз жағасындағы мемлекеттердің құқықтары
мен міндеттері, сондай-ақ, өңірдің қауіпсіздігі, тұрақтылығы мен өркендеуіне кепіл
болуға қатысты барлық кешенді мәселелерді реттеу қарастырылған.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Конвенцияның Каспий жағасындағы елдердің
ынтымақтастығы үшін барлық бағыттар бойынша тиімді заңды база қалыптастыратынын
және әрбір тараптың қызметі үшін негізге алынатын ұстанымдарды анықтайтынын
айтты. Атап айтқанда, Каспий теңізін бейбітшілік, тату көршілік және достық аймағына
айналдыру, оны бейбіт мақсатта пайдалану, егемендігі мен аумақтық тұтастығын
құрметтеу, Каспий теңізінде тараптарға қатысы жоқ қарулы күштерді болдырмау
мәселелері қамтылған. Аумақтық су көлемін 15 теңіз мил етіп бекітті. Осыған орай оның
сыртқы шекарасы мемлекеттік мәртебеге ие болады. Аумақтық суға он мильдік балық
аулау аймағы жалғасады. Әрбір мемлекет балық аулау кәсібінде ерекше құқыққа ие
болады. Теңіздің балық аулау аймағынан тыс бөлігі ортақ су кеңістігі болып қала береді.
Мемлекеттік теңіз шекарасынан тыс аумақта Каспий жағасындағы елдердің туы бар
кемелері еркін жүзе беретін болады. Басқа теңізге және әлемдік мұхитқа шығу еркіндігі
жөніндегі уағдаластықтың маңызы зор. Әрбір мемлекет өз бөлігінің шегіндегі теңіз
түбінің байлықтарына қатысты егемендік құқығын жүзеге асырады. Сондықтан, теңіз
түбі арқылы магистральды құбырлар мен кабельдерді жүргізу экологиялық талаптарды
сақтағанда ғана мүмкін болатыны қарастырылды.
Қазақстан Президенті осы ұстанымдардың сақталуы Каспий жағасындағы
елдердің көлік инфрақұрылымының дамуына, Каспий өңірінің транзиттік әлеуетінің
артуына сондай-ақ Каспийдің экологиялық жүйесі мен биологиялық ресурстарының
керемет популяциясының қорғалуына септігін тигізетінін атап өткен болатын [1].
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Каспий теңізі бойынша ынтымақтастықты
одан әрі дамыту жөнінде бірқатар қосымша шараларды, соның ішінде, әскери қызмет
413
саласындағы келісілген сенім шаралары жөнінде бес жақты арнайы келісімнің
қорытындысы,
Каспий
жағасындағы
елдердің
сауда-экономикалық
қарым-
қатынастарын, әсіресе, инвестициялық ынтымақтастық және энергетикалық саладағы
жобаларды жүзеге асыру жөніндегі мәселелерді жандандыру, саясат тарифін жетілдіру
және тасымалдау жағдайын жақсарту, сондай-ақ биологиялық ресурстарды заңсыз
кәсіпке айналдырғандарға қарсы күрес жөнінде құжат қабылдауды ұсынды. Мемлекет
басшысы Ақтау саммиті Каспий маңы елдері ауқымды міндеттерді бірлесіп шеше
алатынын тағы бір рет көрсеткенін айтып, қабылданған халықаралық шарттар мен қол
жеткізілген уағдаластықтар «Каспий бестігінің» әлеуетін толықтай ашуға мүмкіндік
беретініне сенім білдірді. Сондай-ақ, саммит қорытындысы бойынша Әзербайжан
Республикасының Президенті Ильхам Әлиев, Иран Ислам Республикасының Президенті
Хасан Рухани, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Түрікменстан
Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов мәлімдеме жасап, бесінші Каспий саммитінің
қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды:
1. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция;
2. Каспий теңізінде терроризмге қарсы күрес жүргізу саласындағы
ынтымақтастық туралы хаттама;
3. Каспий теңізінде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жүргізу саласындағы
ынтымақтастық туралы хаттама;
4. Каспий маңы мемлекеттерінің үкіметтері арасындағы сауда-экономикалық
ынтымақтастық туралы келісім;
5. Каспий маңы мемлекеттерінің үкіметтері арасында көлік саласындағы
ынтымақтастық туралы келісім;
6. Каспий теңізінде жанжалдың алдын алу туралы келісім;
7. Шекара ведомстволарының ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылы туралы
хаттама. Осы ретте Конвенция Каспий теңізінің суын, түбін, қазба байлықтарын, табиғи
ресурстары мен әуе кеңістігін қоса алғанда, Каспийге қатысты тараптардың құқықтары
мен міндеттерін реттейтін негізгі жан-жақты құжат болып саналады. Сонымен қатар
Каспий маңы елдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу
және оларды болдырмау, әскери қызметтер мәселелеріне айрықша назар аударылды.
"Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға" Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 шілдедегі №465 қаулысына сай қол қою
туралы ұсыныс енгізілген болатын [2].
Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойылып, Қазақстан
тәуелсіздігін жариялаған кезден бергі кезеңде өзінің құрлықтағы мемлекеттік шекарасын
халықаралық құқық негізінде айқындап әрі мызғымастай етіп бекітіп алды. Енді
еліміздің кең-байтақ жеріне шекаралас мемлекеттердің де, өзге елдердің де ешқайсысы
дауласуға да құқықтары жоқ. Ал Каспий теңізін бөлу арқылы оның құқықтық мәртебесін
айқындау мәселесіне келсек, мұнда Қазақстанның ұстанымы айқын. Біздің еліміз бұл
мәселеде БҰҰ-ның теңіз құқығы жөніндегі 1982 жылғы конвенциясының жекелеген
ережелерін басшылыққа алатынын бастапқы кезде-ақ мәлімдеген. Қазақстан ұстанымы
Каспий маңы мемлекеттерінің саяси және экономикалық мүдделерін тиімді қамтамасыз
ету мақсатын көздейді. Ол – Каспийдің аумақтық теңіз, балық аулау аймағын және ортақ
су кеңістігін белгілеу. Бұл жоғарыда аталған конвенция ережелеріне толық сәйкес келеді.
Сондай-ақ аумақтық теңіздің сыртқы шекарасы жағалаудағы мемлекеттің барлық
егеменді құқықтарға толығымен ие болатын мемлекеттік шекарасы болуы қажет. Бұған
қоса, еліміз балық аулау аймағын, оның ені мен режимін Каспий маңы мемлекеттерімен
келісе отырып, жеке санатқа бөліп қарастыруды ұсынады. Бұл балық аулау мен
биоресурстарды пайдалануды тиісті аймақтарда және ашық теңізде кәсіпті лицензиялау
414
мен балық аулаудың келісілген квоталары негізінде жүзеге асыру қажеттігін көздейді.
Каспийдің құқықтық мәртебесін айқындауда Қазақстан тарапы арнайы жұмыс
тобының аясында теңіз маңындағы елдермен екіжақты және үшжақты келіссөздерді
тұрақты жүргізіп келеді. Соның нәтижесінде еліміз Каспий маңы мемлекеттерінің
барлығымен жекелеген мәселелер бойынша тиісті құжаттарға қол қойды. Ол құжаттар
теңіздің биологиялық әртүрлілігін сақтау, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету,
болуы ықтимал тосын оқиғалардың алдын алу және басқа да өзекті мәселелерге
бағытталған... Ондаған жылдардан бері Каспий бассейніндегі мол энергетикалық қор
мен өте сирек кездесетін биоресурстар әлемдегі ірі мемлекеттердің қызығушылығын
тудырып келеді. Өйткені мұнай мен газ бүгінде отын-энергетика көзі ретінде
халықаралық қатынастарда ерекше маңызға ие әрі әлемдік экономикада алатын орны
жоғары. Каспий теңізінің табанын бөлуде оған қатысқан бес мемлекеттің әрқайсысының
өз үлесі бар: Қазақстан – 29 пайыз, Ресей – 19 пайыз, Әзербайжан – 18 пайыз,
Түрікменстан – 21 пайыз, Иран 13 пайыз үлеске ие. Ал кез келген ортақ мәселеге қатысты
халықаралық құқық ең алдымен мемлекеттер арасындағы қатынастарды нығайтуға негіз
болады. Сол себептен халықаралық қатынастар саласында қызығушылықты арттырып
отырған Каспийдің құқықтық мәртебесін нақтылау бүгінгі күннің аса маңызды
мәселелерінің бірі саналады. Каспий – ерекше маңызды стратегиялық аймаққа жатады.
Географиялық жағынан орналасуы оны Еуразия құрлықтарында ғана емес, дүние
жүзіндегі ықпалы күшті теңіздердің қатарына қосты.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамыз.
2."Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға" Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 шілдедегі №465 қаулысы.
Достарыңызбен бөлісу: |