өзгерді. Жаһандану заманындағы барлық қоғамдық жүйенің өзгеруі орай, оның басты
нысаны «адам» болғандықтан, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени салалардың басты
бағдары мен құндылықтарының өзгеруі, жаңа ғасырда білім беру жүйесінде демократия
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің басты
міндеті – «ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға
бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» екендігі атап көрсетіліп,
онда білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Осындай міндеттерді
жүзеге асыру үшін Елбасы Н.Назарбаев «Интеллектуалды ұлт – 2020» ұлттық жобасын
67
ұсынды. Интеллектуалды ұлт болу үшін тұлғаның ғылыми, кәсіби, мәдени ақпаратына,
білімі және біліктілігіне, психологиялық, моралдық ерекшеліктері мен әлеуметтік
ұжымда өзін-өзі ұйымдастыра, басқара алуына баса назар аудару қажеттігі туындап отыр
[1]. Қазіргі кезеңде білім беру жүйесінің міндеттерінің өзгеруіне орай, білім берудің үш
тұжырымдамалық үлгісі анықталды. Олар:
1. пәнге бағытталған білім беру үлгісі;
2. тұлғаға бағдарланған оқыту үлгісі;
3. пәндік және тұлғаға бағдарланған оқыту үлгілерінің кіріктірілген түрі–
ынтымақтасу үлгісі.
Білім беру парадигмасының өзгеруіне орай, жеке тұлғалық парадигмаға көшу
қазіргі білімнің басты тенденцияларының бірі болып саналады.
Бұл – технократтық қоғамның дағдарысынан туындаған адам жайлы ойлаудың
тереңдігінің көрінісі. Тұлғалық парадигма білімнің мөлшерінің өсуі, ондағы
бірсарындылық сияқты құбылыстарды мойындамайды, керісінше ол оқу үдерісіндегі
ішкі ізгілікке негізделеді
[2].
Жеке тұлғаға бағытталған білім беру дегеніміз, педагогикалық іс әрекеттің
әдіснамалық жаңа бағыты, яғни баланың қайталанбас дара тұлға ретінде өзін- өзі тануын,
өзін - өзі жетілдіре отырып дамытуын қамтамасыз ететін өзара тығыз байланысты
идеялар, түсініктер және іс - әрекеттер жиынтығы.
Жеке тұлғаға бағыттап оқыту технологиясының мақсаты: оқушылардың
танымдық белсенділігін көрсетуі үшін, мектеп оқушыларының жеке тұлғалық
ерекшеліктерін ескеру мен дамыту, өзіндік оқу іс-әрекетін қамтамасыз ету үшін жағдай
жасау. Білім беру үдерісінде оқытушы білімденушілердің жеке тұлғалық даралық
болмысын дамытуға «барлығы әрқайсысын жеке және әрқайсысы барлығын оқытады»
деген қағидасын педагогикалық жағдай жасау мақсатында жүзеге асырады. Ұжымдық
жұмыстың жеке тұлғалық бағыты саралап оқыту қажеттіліктерімен айқындалады.
Саралап оқыту оқу ісін білімденушілердің бейімділіктерін, мүдделері мен
байқалған қабілеттерін ескере отырып, бірақ олардың жалпы даярлығының базалық
деңгейін төмендетпей ұйымдастырудың тиімді нысаны.
Саралап оқыту адамның қажеттіліктерімен мүдделерін қанағаттандыру үшін
жағдай жасау арқылы оның біршама дамуына бағдар ұстай отырып, оқу
процесін ізгілендіреді [3].
Әлеуметтік тұрғыдан алғанда, саралап оқытудың мақсаты қоғамның
шығармашылық интелектуалдық, кәсіптік әлеуетін қалыптастыруға, қоғамның әрбір
мүшесінің мүмкіндіктерін барынша толық пайдалануға ұмтылуға мақсаткерлікпен әсер
ету. Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:
1. Интерактивтік тақта;
2. Мультимедия;
3. Интернет кеңістігі;
4. Электрондық оқулық.
Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі – оқу үрдісіне
электрондық оқулықтарды пайдаланып қана қоймай, оны жасау және пайдалану.
Сондықтан білім беру жүйесінде электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу
мүмкін емес. Соның нәтижесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып,
білім сапасының өсуіне мүмкіндік туғызады.
Мұғалім үшін электрондық оқулық бұл күнделікті дамытылып отыратын ашық
түрдегі әдістемелік жүйе. Оны әрбір мұғалім өз педагогикалық тәжірибесінде
материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады.
68
Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электрондық оқулықтардың атқаратын
ролі зор. Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп
түсіндіріледі. Теориялық материалдарды графикалық иллюстрация түріндегі әр түрлі
суреттер, сұлба тәсілдері арқылы толықтырып отырса, онда теориялық білімді оқып,
көзбен көріп, түсініп және мида бекіту үрдістері ұтымды болады.
Электрондық
оқулықтар оқытудың модульдік
технологиясы негізінде
жасақталады. Әр сыныптың білім мазмұны модульдерге бөлініп, әр тақырып
бірізділікпен, жүйелі түрде беріледі. Оқушылар электрондық оқулықтағы интерактивті
тапсырмалармен жұмыстана отырып сабақта алған білімдерін кеңейтеді, өз бетімен
шығармашылықпен жұмыстануға дағдыланады. Алған білімдерін өзбетімен тексеру
үшін тест тапсырмаларын орындайды.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
https://multiurok.ru/files/bilim-bieru-zhuiiesindieghi-zhiekie-tu-lg-ag-a-bag.html
2. Т.И. Шамова, Т.М.Давыденко, Г. Н. Шибанова. Управление образовательными
системами.; – М.: Издательский центр «Академия», 2005.
3. Е.С.Полат, М.Ю.Бухаркина, М.В.
Моисеева,
А.Е.
Петров.
Новые
педагогические и информационные технологии в системе образования. –М.:
Издательский центр «Академия», 2002.
Достарыңызбен бөлісу: