ӘОЖ 37.0138
ОҚУШЫЛАРДЫ ШЕШЕНДІК ӨНЕРГЕ БАУЛУ
Асабай А., Бисенбаева Д., Лепесова Г., Сүйеуова С., Таджикулова А.
Ғылыми жетекші: Егенисова А.Қ.
Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті,
Ақтау қ., Қазақстан
Аңдатпа. Бұл мақалада шешендік өнер проблемасын зерттеген ғалымдар мен
зерттеушілердің шығармаларына талдау жасалып, даму тарихы сөз етіледі. Шешендік
өнерді зерттейтін ғылым шешендіктануға (риторика) да сипаттама беріліп, шешендік,
ділмарлық, риторика ұғымдарының мәнін ашады.
Шешеннің өз ойын дәлелдеуіне қарай риториканың үш бөліміне: шешеннің
тыңдаушыны әлденеге итермелеу (иліктіру), көндіру принципіне; шешен
тыңдаушылардың сеніміне кіріп, сол арқылы өз мүддесіне қол жеткізуге септігін
тигізетін жеке қасиеттермен ерекшеліктеріне; риториканы техникалық жағына, сөйлеу
әдістері мен сөз құрылымдарына сипаттама беріледі. Қазақ халқының ұлттық шешендік
өнер тарихына, билердің қанатты сөздеріне, қазақтың халық ауыз әдебиеті, оның ішінде
шешендік, тапқырлық, мақал, мәтел, жұмбақ, нақыл сөздердің тәрбиелік мәндері
ашылады.
Достарыңызбен бөлісу: |