Түйінді сөздер: Шешендік, шешен, риторика, этика, ділмарлық, шеберлік, тіл,
мәдениет, өнер.
94
Шешендік – қазақ елінің көнеден келе жатқан дәстүрлі тіл өнері. Шешендік–
сирек ұшырасатын қасиет-дарын. Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр
қисынға құрылады. Шешендік өнер мен билік қолма-қол туып айтылатын, суырыпсалма
жүрекжарды әділ сөздерге негізделіп шығармашылық сипатымен дараланады.
Асыл ойдың алтын қазығы болған шешен-билердің халық жадында сақталып
келген дана ойлары келешек ұрпақ үшін әрқашан тәрбие-өнер мектебі болған. Енді
елдікке, бірлікке шақыруда, халық тарихын байыппен саралап, бүгінгі ұрпақ санасына
жеткізуде шешендік сөздердің маңызы ерекше. Халқымыз «Сөз қадірін білмесең, өз
қадірінді білмейсің», «Сөз сүйектен өтеді», «Шешеннің тілі қылыштан өткір, қылдан
нәзік» деп, сөз өнерін ерекше тани білген. Шешендік сөздер – ғасырдан-ғасырға ұласып,
халық игілігіне жарап келе жатқан ұлттық мұрамыздың бірі. Қысқа да нұсқа, бейнелі,
мағынасы терең, шымыр, қисынға құрылған бұл сөздер тындаушының көңілінен шығып
оны сөзсіз иландырады.
Ұлттық философия, психология, риторика мен логика, этика мен эстетика,
музыка мен бейнелеу өнері шынайы ұлттық мағынаға ие болып, мәдени-рухани,
ғылыми-біліми үрдістердің кең өріс алуына мүмкіндік туды.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында: «Білім беру
жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар ғылым мен
практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби
шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау»,- деп атап көрсетеді.
Демек, шешендік өнер – қазақтың ұлттық құндылығына да, жалпы адамзаттық
құндылыққа да тән мұра. Жас ұрпақты шешендік өнерге үйрету мәселелері ҚР
Үкіметінің заңдары мен құжаттарда көрініс тапқан. Атап айтсақ, ҚР «Тілдер туралы»
заңы [1], ҚР «Білім туралы» заңы [2], 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра»
мемлекеттік бағдарламасы [3], ҚР этно-мәдени білім тұжырымдамасы [4] және т.б.
құжаттарда көрініс тапқан. Көрсетілген қаулы-қарарларда болашақ ұрпақтарды
ұлттық-рухани құндылықтарды сақтай отырып, олардың өз ұлтының салт-дәстүрін,
тілін, ділін, мәдениетін, рухани байлықтарын сақтауға, құрметтеуге, шешендікті,
ділмарлықты меңгертуге, этномәдениет рухында тәрбиелеу қажеттілігі баса айтылған.
Шешендік өнеріне ерте замандардан-ақ, үлкен мән берілген. Ежелгі грек, рим
елдерінде шешендік өнерді «риторика» деген атпен жеке пән ретінде оқыған. Дүние
жүзіне әйгілі ерте заман шешендері Пратогор, Демоссфен, Цицерон, Квинтилиан сияқты
өз заманының мемлекет қайраткерлері, ел аузына қараған ойшылдары болған.
«Риторика» ғылымы өнердің падишасы ретінде ерекше бағаланған. М.В.Ломоносовтың
1748 жылы басылып шыққан «Шешендікке қысқаша басшылық» атты еңбегі бұл өнердің
Ресейде дамып, қалыптасуына түрткі болды [5].
Шешендік өнерді зерттейтін ғылым шешендіктану (риторика) – негізі қаланған,
заңдылықтық жүйесі айқындалып бір ізге түскен сала. Шешендік – қазақ халқының
өзіндік ерекше ұлттық қасиеті ретінде мәдениетіне де тарихына да қалыптасқан өнер.
Қазақ зерттеушілері Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М.Әуезов,
Оразбаева Ф., Р.Сыздықова, Ж.Дәдебаев, Балғазина Б. еңбектері қазіргі оқыту мақсатына
сәйкес шешендіктің теориялық заңдылықтарын жасауға енді-енді негіз етіп алына
бастады [5].
А.Байтұрсыновтың әдістемелік мұрасынан бастап Негимов С., Адамбаев Б.,
Балақаев М., Бисенов К., Ажам М., Төреқұлов Н., Қазбеков М., С.Жиенбаев,
Н.Сауранбаев, Ғ.Бегалиев, Қ.Басымов, Ш.Х.Сарыбаев еңбектеріндегі тіл мен ойлауды
дамыту туралы қағидалар – шешендік өнерге үйретудің негізі болып табылады [6].
Шешендік сөздердің алғашқы үлгілерін халық ауыз әдебиеті туындыларынан,
ертегі, аңыз әңгімелерден, өлең-жыр, дастандардан ұшыратамыз. Осы сөз өнерінің кең
95
қанат жайып, орнығып дамуында тапқырлық пен шешендіктің тамаша нұсқалары –
жыраулар толғаулары, айтыстар мен мақал-мәтелдердің орны ерекше.
Шешендіктанудың негізі қайдан басталады деп білеміз? Тарих фактілері
шешендік өнердің шарықтап дамуын көне Грек және көне Рим елдерінің кемелденген
кезеңіне байланыстырып көрсетеді.
Ежелгі шешендік өнері туралы толық түсінік беретін деректер, еңбектер Перикл
заманынан (б.э.д. V ғасыр) бастап жазыла бастаған. Перикл – мемлекет қайраткері.
Оның шешендік сөздері тыңдаушыларға орасан зор әсер еткен. Мәселен, оның
Пелопонесс соғысының алғашқы жылы қаза болған афиндықтарды жерлеу кезінде
сөйлеген әйгілі «Қабір басындағы сөзі» бұған толық дәлел бола алады.
Софистер (б.э.д. V ғасыр) өздерінің теориялық және практикалық дәрістерінің
мақсатын жастарды шешендікке баулу – оларды қоғамдық өмірге әзірлеу деп білді де,
кәсіпқой шешендерді, риторларды дайындады. Олар (софистер) пікірталас өткізуді
өрбіту арқылы дәлелдер құруды дамытты, қисынды ойлау (логикалық ойлау)
мәдениетін көтерді.
Риторика туралы алғашқы оқулықтардың бірін софист Георгий жазды.
Ділмарлық теориясына барынша қомақты үлес қосқандар грек философтары Платон
(б.э.д. 427-347 ж.ж.) мен Аристотель (б.э.д. 384-322 ж.ж.) деп те есептеледі. Риторика
пәні мен оның мәніне Платон мынадай анықтама берді:
«Ділмарлық – сендіру шеберлігі, оның барлық мән-мағынасы мен мақсаты – осы»
[7]. Платонның бұл тұжырымы жөнінде А.Ф.Лосев «Ясно вытекает вывод об огромном
интересе Платона к ораторскому искусству об его постоянной склонности стоит теория
этого искусства», - деп баға берді [7].
Шешендік теориясы дамуында Аристотель еңбектерінің алатын орны ерекше.
Ол риториканы ғылым ретінде дамыта отырып, өзіне дейінгі көзқарастарды жаңа
белеске көтерді. Аристотельдің айтуынша, риторика жеке пән ретінде тұйықталып
қалмайды. Ол барлық басқа пәннің мүддесі үшін, кез-келген пәннің ережесін дәлелдеу
үшін жұмсалады. Оның өзге пәндерден, мәселен, арифметика, геометрия т.б.
айырмашылығы да осында. Аристотель риториканың мақсатын айқындап және оның
жалпылама сипатын көрсетіп, шешен мақсатына жету үшін нені пайдалану керек екенін
атап айтады. Шешен өз ойын дәлелдеу әдістеріне қарай риториканы үш бөлімге бөледі:
Бірінші бөлімде шешеннің тыңдаушыны әлденеге итермелеу (иліктіру), көндіру
принциптеріне талдау жасайды.
Екінші бөлімде шешен тыңдаушылардың сеніміне кіріп, сол арқылы өз
мүддесіне қол жеткізуге септігін тигізетін жеке қасиеттермен ерекшеліктерін
сипаттайды.
Үшінші бөлімде ол риториканы техникалық жағына, яғни сөйлеу кезінде
пайдалануға болатын сөйлеу әдістері мен сөз құрылымдарына көңіл бөледі.
Ертедегі Рим дәуіріндегі шешендік өнердің асқан шыңы ретінде аты әлемге
жайылған атақты шешен Марк Туллий Цицерон (б.э.д.106-430 ж.ж.) шешендіктің
көрнекті теоретигі болды. Өзінің риторикалық жүйелерінің мәнін ол «Шешен туралы»,
«Брут», «Шешен» т.б. еңбектерінде баяндап берді [7]. «Шешеннің қуаты – деп есептейді
Цицерон, - тыңдаушының көңілін бүтіндей аударып, бағындыра білуінде. Қызыл тілді
шешен деп, кім форумда және азаматтық сот процестерінде тыңдаушыны иландыра алса,
сүйсіндіре алса, өзіне бағындыра алса – соны айтамыз» [7].
Цицеронның трактатында сөз құрау, сөз стилі, сөзді әзілмен, сынмен жеткізу,
басқа да әдеби ерекшеліктерді пайдалану, сөзді дыбыстық әдістермен құлпырту т.с.с.
шешендер үшін құндылығы аса зор нұсқаулар келтірген.
96
Ресейлік ғалымдар тобы Ресейде Шешендік өнер теориясын дамытуға батыл
қадам жасады. Мәскеу университеті мен Орыс ғылым академиясының іргетасын қалаған
М.В.Ломоносовтың (1711-1767 ж.ж.) «Ділмарлыққа қысқаша басшылық» («Краткое
руководство к красноречию») деген еңбегі орыс риторикасының негізін қалаған
алғашқы құрал болды. М.В.Ломоносов ділмарлықтың шарты ең алдымен рухани
дарындылық (өткір ой мен еске сақтау қабілеті) және тән ерекшеліктері (зор дауысты
«ұзақ» дәмді, еңселі де келбетті) деп есептеледі. Алайда шешен болу үшін табиғи
қасиеттер аздық етеді. М.В.Ломоносов сөздің 4 бөліктен: кіріспе, түсініктеме,
пайымдама және қорытынды бөліктерден құралғанын жөн деп санады. Әр бөліктің
өз мақсаты және қалай айтылу қажеттілігі туралы кеңес берді [8].
Қазақ халқының ұлттық шешендік өнер тарихы: Түркі қағанатымен сонау
қараханидтер, монғолдар, қыпшақтар т.б. мемлекеттері дәуірінен бастау алады.
Зерттеуші ғалымдарымыз айтып жүргендей, (VI-IX ғасырлардағы) түркі тілдес
халықтарға ортақ саналатын Орхон-Енисей жазба ескерткіштеріндегі (Күлтегін, Білге
қаған, Тоныкөк ескерткіштері) қашалып жазылған жырлардан бері таратылады [9].
Жүсіп Баласағұнидің «Құтадғу білік» («Құтты білік»), Махмут Қашқаридің
«Диуани лұғат-ат-түрік» («Түрік сөздігі»), Қожа Ахмет Иассауидің «Диуани хикмет»
(«Ақыл кітабы»), Ахмет Игүнекидің «Хибатул хақайық» («Ақиқат сыйы») сияқты
көптеген кемеңгерлер еңбектерінің (X-XIII ғ.ғ.) өркениет әлеміндегі орны ерекше. Әбу
Насыр әл-Фарабидің «Риторика» атты трактатында түркі халықтарына ортақ шешендік
сөз өнеріне алғаш рет ғылыми-теориялық талдаулар жасалынған [10]. Оның
көрсетуінше, егер де диалектика тек шынайы білімге негізделген қисынды дәлелдер
арқылы тұжырымдалған ой қорыту тәсілі болса, риторика шешендік қисынға ой-пікір
жүйелілігіне, ұғымдар үйлесімдігіне негізделеді; сонымен қатар көз жеткізу, көкейге
ұялату, ден қойып тыңдау, дәлелді пікір айту, шыншыл көзқарас, тиянақты білім,
сөйлеушінің бет-жүзі, қимыл әрекеті сияқты ұғымдарды жіктеп, бажайлап түсіндіред.
Қазақ фольклорында жасалып, сөйлеу тілінде көбірек қолданылатын мақал-
мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш түрінде айтылатын ғибратқа толы нақыл үлгілерін шешендік
сөздер деп атаймыз. Мұндай сөздер образдап ойлау мен логикалық ойға бірдей ортақ
тілдің күрделенген фразалық материалы болып саналады. Оған «орақ орып, айдарынан
жел есіп» деген идиомалық фразаларды, қанатты сөздерді қосар болсақ, бұл үлгілердің
тіл мен ойдың аса биік дамығандығын көрсететін өзінше бір сала екендігін байқаймыз.
Ал афоризмдер сөйлеу тілі мен жазу тілінде қатар кездеседі.
Шешендік сөздер заңдық, нақылдық, философиялық, сатиралық болып жіктеледі.
Шығыс елдерінде ол Қожанасыр әңгімелері түрінде сақталған. Қазақ халқының арасында
туған шешендік сөздердің табиғаты одан басқалау. Қазақ шешендік сөздерді Асанқайғы
мен Жиреншеден бастайды. Асан сөздері ойлы, Жиренше сөздері күлдіргілеу болып
келеді. Шешендік сөздің үшінші бір өкілі – Аяз би. Солардың дәстүрін біреу өлең, біреу
қара сөз түрінде сақтап, дамытқан. Дүр сөздердің арғы тегі ертегі, аңыз, эпостан
басталады. Аязбидің немесе Меңсұлудың жұмбақтары аса көркем әрі терең. Шешендік
сөздердің жұмбақтары аса көркем әрі терең. Шешендік сөздердің бәрін билер ортасы
жасапты деген пікірдің шыңдығы жоқ.
Рас, Мөңке, Қазыбек, Әйтеке сияқты билер айтыпты дейтін сөздер бар. Бірақ ел
солардың сөзін халыққа жат еді дегенді айтпайды. Ертеде қазақ шешендерді «би» деп
атаған. Осы ұғым Досбол шешеннің кезіне дейін келген. Шешендік сөздер ішінде
Тәукенің «Жеті Жарғысының» заңдық сипаты болған. Кейін шыққан болыс-билер ішінде
сөз білмегендері болмаған. Бұлар жегіш, парақор, топас, ұсақ адамдардан сайланып, жай
әкім ғана болған.
97
Халық қай кезде болса да аталы сөзді биік қадірлеген. Өйткені олардың этикалық-
тәрбиелік мәні болған. Кейбіреулер шешендік сөз, тапқырлық біздің заманымызда жоқ
деседі.
Шешендік
сөздердің
кемуі
жазба
әдебиеттің
өркен
жаюуымен
байланысты. Қазақтың шешендік өнері – ұлттық ауыз әдебиетінің бір саласы ретінде
қазақ фольклорының өзіндік бітім-болмысын айқындайтын, халық дүниетанымын
көрсететін ерекше жанр. Ал әлеуметтік феномен тұрғысынан алғанда, шешендік дәстүр
– белгілі бір әлеуметтік ортада, қоғамда, қалай да бір адами оқиғаға байланысты туып,
қалыптастырып, айрықша тапқырлықпен, суырып-салмалылықпен, көркем тілмен
айтылатын үлгілі ойлар, мұраттар, тұжырымдар үрдісі.
Қазақ оқымыстылары (Ш.Уәлиханов, Ә.Диваев, М.Көпеев т.б.) қазақтың халық
ауыз әдебиетін, оның ішінде, шешендік, тапқырлық, мақал, мәтел, жұмбақ, нақыл
сөздерін алғаш жинап, бастырушылар болды [9]. Ыбырай Алтынсарин «Қырғыз
хрестоматиясына» шешендік сөздерді («Ізбасшы», «Бай ұлы», «Жәнібек», «Жиренше
шешен» т.б.) молынан енгізген [9]. Бертін келе «Қазақ», «Айқап», «Дала», «Дала
уалаяты», «Түркістан уалаяты» газеттерінде бірнеше мақалалар (Ш.Құдайбердиев «Би
һам билік туралы», Ә.Бөкейханов «Би һам билік», «Тағы да би һам билік» т.б.) жарық
көрді. Х.Досмухамедовтың айтуынша, «Халық әдебиетін тыңдаушы және сақтаушы
қазақ халқының өзі болғанымен халық шығармашылығын жарқыратып көрсетушілер
– өлеңшілер, халықтың суырып-салма ақындары және халық билері. Қалың бұқара
арасынан шыққан шешендер –халық қазынасының мән-мазмұны мен тіл тазалығын
сырттан келетін жат әсерлерден қорғаушылар, ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа
жеткізіп, қазақ халық әдебиетін сақтаушылар» [11].
ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап бүкіл саналы ғұмырын шешендік өнерді,
шешендік сөздерді жинақтауға, зерттеуге, дәріптеуге арнаған ғалым Балтабай
Адамбаев. Оның шешендік өнерге байланысты еңбектері 1967 жылдан бастап жарық
көрді («Қазақтың шешендік өнері» (1984), «Алтын сандық» (1989), «Шешендік сөздер»
(1990), «Тозған қарды топтанған қарға жейді» (1991), «Шешендік сөздер» (1992),
«Шешендік өнер» (1990-1999) [12].
Шешендік өнерде ең алдымен, адамгершілік заңдары, педагогтік этика бірінші
орында тұратыны белгілі. Сонда шешендік өнерге үйрету пәні оқушылардың жеке тұлға
(личность) ретінде дамуына берік баспалдақ деп саналады. Ал, оқушының жан-жақты
дамуы – барлық дидактикалық жүйелердің басты мақсаты екені белгілі.
Шешендік өнер ғылымы философия, психология, логика т.б. қоғамдық
ғылымдармен тығыз байланыста отырып, сол ғылымдардың мәліметтеріне сүйенеді.
Оқушылар шешендік өнерді үйренуде психологиялық процестерді де білуге тиіс.
Психологиялық таным процесінің бастапқысы – түйсік, яғни сыртқы дүниені танып
білу түйсіктен басталады. Тілдік шешендікті меңгертудегі орны ерекше түйсіктер
мыналар:
көру түйсігі;
есту түйсігі;
қозғалыс түйсігі.
Таным әрекеті процесінің онан арғы күрделісі – қабылдау. Оқыту және тілдің
мәліметтерді ұғыну қабылдауға байланысты болады. Қабылдау берілген анықтамаларды,
мағлұматтарды іріктеу арқылы жүзеге асады.
Тілді меңгеруде ес әрекетінің де атқаратын қызметі ерекше. Психолог ғалымдар
есте сақтаудың екі түрін көрсетеді: механикалық есте сақтау және мағыналық есте
сақтау.
98
Жалпы ес туралы сөз болғанда ұлы импровизатор ойшылдардың есте сақтау
қабілеті аса күшті болғандығын француз зерттеушісі М.Ажам дәлелдеп берген
болатын.
Ойдың толыққанды болуында ес пен қиялдың алатын орны ерекше. Ал ой –
сыртқы дүниені адам миында бейнелеуші, күрделі процесс. Тіл – ойды басқа біреуге
жеткізетін қатынас құралы. Не айтылатыны жөнінде туған ой сөз қабығына еніп, толық
кіріккенде ғана айқындалып дәлелденеді, яғни адамның ойы сөйлеу (әрекет) арқылы
беріледі.
Ойлау тәсілдеріне:
аналитикалық;
синтетикалық;
абстракциялау;
жалпылау;
нақтылау амалдары жатады.
Тіл – бірқатар қызмет атқаратын жүйе, оның қызметінің ішінде ең бастылары
информация (хабар) жасау, оны сақтау және тарату. Тіл – адамды қоршаған орта туралы,
адамның өзі жөніндегі білімді сақтау үшін қажет (эпистемиялық қызметі). Жаңа білім
игеру де тіл арқылы жүзеге асады (танымдық немесе когнитивтік қызметі) және ол
байланыс құралы (коммуникативтік қызметі).
Тілдік коммуникация – тек адамға ғана тән процесс. Тіл адамның ішкі
өрнектелген ойын сыртқа шығаратын құралы. Соның барлығында да күрделі
психикалық процестер жүріп жатады. Осы процестердің өзі көптеген зерттеулерге негіз
болды, психофизиологиялық (Б.А.Ананьев, П.К.Анохин, А.Р.Лурия т.б.) және
психологиялық (Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Н.И.Жинкин т.б.) [13].
Психолог ғалым М.М.Мұқановтың тіл мен сөйлеудің, тіл мен ойлаудың тығыз
байланысы, ұлттық ойлау мәнері ұлттық сөйлеуді туғызады деген ұлағатты ойлары – тіл
дамытудың негізі болып саналады. М.М.Мұқанов қазақ тіліндегі этнопсихология
мәселесіне алғаш көңіл бөліп, ойдың әр тілде түрліше берілуі этнопсихологияның
зерттеу объектісі екеніне баса назар аударған ғалым. (Ойды этно және лингвопсихология
тұрғысынан талдау. А., 1971, 4-бет) [14].
Ал тіл дамытудың психологиялық негізі ретінде Ә.Алдамұратовтың
грамматикалық ұғымдарды меңгерту мәселелері туралы пікірлерін де басшылыққа
алуға болады. Сонымен қатар, шешен өз сөзінің мазмұнын дұрыс, толық және белгілі бір
тәртіппен жүйелеп құру үшін айтатын мәселесін жан-жақты, терең білуі қажет. Егер ол
айтайын деген мәселесін өзі жете түсінбесе, оның мазмұнын да шығара алмайды,
жүйесін де табу мүмкін емес. Мұндай құбылыс жөнінде Цицерон: «Сөз мәселені терең
білу негізінде ғана гүлдеп, құлпыруы қажет, егер сөздің артында шешеннің
өзі жете түсінген және зерттеген мазмұн тұрмаса, сөзді қалай әшекейлесең де бос
мылжың болып қала бермек», - деген болатын.
Сөзді сөйлеу әдісі мен сөйлеу түрінің де этикалық мәні зор. Қағаздан оқығаннан
гөрі ауызша, бетпе-бет сөйлесу әлдеқайда қиынырақ, оның есесіне бұлайша сұхбаттасу
өзара шынайы сенімділік жағдайын туғызады, демек, сөздің пәрменділігін арттырады.
Сөз сөйлеу кезінде шешеннің өзін-өзі ұстауы, жүріп-тұруы, қолын сермеуі,
керекті жерде дауыс ырғағын өзгерте білуі, жарасымды ишараттар жасауы – осының
бәрі адамның тәрбиелілігін, шешендік шеберлігін, білімін, тәжірибесін т.с.с. көрсетеді.
Сөзді бастай білу – үлкен өнер. Бұхар жыраудың:
«Көш бастау қиын емес, -
Қонатын жерде көл бар.
Қол бастау қиын емес, -
99
Шабатын жерде жау бар.
Бәрінен де қиыны –
Топ алдында сөз бастау», -
дегені, «сөз бастау» – үлкен мәдениет пен білімді, жауапкершілікті қажет ететінін
көрсетеді.
Алғашқы айтылған бірер сөздің өзі-ақ аудиторияның назарын өзіне аударып,
шешен сөзіне құлақ түргізуі, қызығушылық туғызуы мүмкін. Немесе, керісінше,
тыңдаушылар шешеннің бар дайындығын жоққа шығарып, оның өзіне де, сөзіне де
сенімсіздік тудыруы мүмкін. Сондықтан алғашқы сөздің этикалық мәнін мықтап
ескерген жөн.
Сонымен, ана тілі сабақтарының танымдық мақсатына мыналар ескерілу қажет:
1.Шешендік сөздерді халқымыздың қадір тұтуы
2.Шешендік сөздердегі ұлттық мәдениет және парасаттылық
3.Асыл сөздің астарындағы ұлағатты сөздер
4.Дау - жанжалдардың бітімін екі – ақ ауыз сөзбен шешіп, ел мен елді бітістіріп,
жарастырып келелі мәселелерді тындырып отыратындығы
Қазақ шeшeндiк сөздeрi - бастаy алар қайнар бұлақтарын түркiлiк танымнан
түптeн тартып, өзiндiк ұлттық eрeкшeлiктeрдi, қасиeттeрдi бойына жинақтап, көркeмдiк
қyатымeн, ғибраттық сарынымeн дараланған, сондай - ақ, аса бай поэтикалық тiлiмeн
өзгeшe қалыпта көрiнгeн, халқымыздың рyхани азығына айналған көркeмдiк құбылыс.
Сонымен, біздің негізгі мақсатымыз – оқушыларды шешендік өнер табиғатынан
хабардар ету, сөйлеу шеберліктерін қалыптастыру және дамыту, оқушылардың
шешендік өнерге деген бейімділіктерін ұштау және дамыту.
Аристотель риториканың табиғатын түсіндіре келіп, мынадай пікір айтады:
«Шешендік өнер – дәрігерлік өнерге ұқсас, дәрігерлік өнер – барлық адамды бірдей
сауықтыра алмайды, бірақ, мүмкіндікше, сауықтыруға жақындатады; сонымен қатар,
мүлде айықпайтын адамдарды тәуірлендіреді».
Қорыта айтқанда, шешендік өнерге үйретуде бастауыш сынып оқушыларының
логикалық мәдениетін қалыптастыру – алдыңғы орында келетін маңызды бағыттың бірі.
Жүйелі сөз жүйесіне жету үшін, оқушының ой жүйелілігі туралы нақты, білік-
дағдылары дұрыс қалыптастырылуы керек. Ол үшін бізге психология, логика ғылымы
үлкен тірек бола алады. Сөйтіп шешендік өнерді үйретудің философиялық және
психологиялық негізгі заңдылықтарының шешендік өнерді үйрету үшін зор маңызы бар
екенін атап өтуге болады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы заң //Егемен Қазақстан. 1997 жыл,
11 шілде.
2. Қазақстан Республикасының бiлiм беру туралы Заңы, 2007, 27 шілде,
3. 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы
4. ҚР этникалық-мәдени бiлiм тұжырымдамасы туралы, ҚР Президентiнiң Өкiмi
1996 жылғы 15 шiлде.
5. Адамбаев Б. Шешендік сөздер. – Алматы: Жазушы, 1997.- 140 б.
6. Байтұрсынов А. «Қазақ» газеті. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас ре-
дакциясы, 1998. – 560 б.
7. Цицерон М.Т. Три трактата об ораторском искусстве. – М.: 1961. 256 с.
8. Ломоносов М.В. Краткое руководство к красноречию, М.; 1976, 290с.
9. Жарықбаев Қ., Қазақ психологиясының тарихы, -Алматы, 1996. 160 б.
100
10.
Баласағұн Ж. Құтты бiлiк. - Алматы, 1986. - 616 б.
11.
Досмұхамедов Х. Аламан. Құраст. Ғ.Әнес, Мектеп. – Алматы: Ана тілі,
1991.- 172 б.
12.
Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің ауызша түрі. І тарау.Шешендік сөздер. –
Алматы: ҒА, 1987.-112 б.
13.
Ананьев Б.Г. Избранные психологические труды. - М.: Педагогика, 2010.
– Т.1. 20 с.
14.
Мұқанов М.М. Ойды этно және лингвопсихология тұрғысынан талдау. –
Алматы, 1971.- 41 б.
Достарыңызбен бөлісу: |