Түйінді сөздер: тәуелсіз, еліміз, ел болашағы, білім, жастар.
Тәуелсіз ел болашағы – білімді ұрпақ бүгінгі таңда басты мәселе бәсекелестікке
қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген нақыл
сөзден халқымыздың ықылым замандардан-ақ білімнің қадірін білгендігін аңғару қиын
емес. Бұл күнде осы аталы сөздің өзектілігі артпаса, кеміген жоқ. Білім беруді дамыту,
оқыту үрдісін жетілдіріп, оны аса жауапкершілікпен ұйымдастырып отыру керектігі
туралы ойларды М. Жұмабаев А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, сынды алаш арыстары
сол кездің өзінде - ақ айтып кеткен. Еліміздің өркениетті, алпауыт мемлекеттерден
қалыспай, тең қадам басуы үшін болашақтың тұтқасын ұстар білімді ұрпақ тәрбиелеу –
бүгінгі күннің міндеті. Еліміз егемендігін алып, етек-жеңін жиды, оның одан әрі
өркендеуі қоғамымыздың әр азаматының еңбегіне, біліміне, жауапкершілігіне
байланысты.
«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас
ұрпаққа мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы.
Қайсар рух пен қара күшті қару етіп, еркіндік үшін күрескен бабаларымыздың ерлік
жолындағы күресі бүгінгі таңда айбыны аспан тіреген тәуелсіздік тұғырын биіктетті.
Қазіргі таңда жаңа көзқараспен қарайтын жалынды жастар еліміздің жаңару үдерістеріне
белсене қатысып келеді. Алысқа қол сермеп, әлемдік деңгейдегі ұстанымды игеріп,
келешектің кілтін өз қолдарына алуда.
Кез келген мемлекеттің болашағы – білімді жастар. Білімсіздің күні қараң. Көзі
ашық, көкірегі ояу кез келген білімді ұрпақ өз Отанын даму жолында аянбай тер төгеді.
Қазіргі бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заманда «алма піс, аузыма түс» деп
жатудың өзі әбестік. Жалын мен жігерді, ізденіс пен талпынысты талап ететін жастық
шақта ел болашағы үшін еңбек ету әркімнің міндеті.
Бүгінгі жас болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Жастарды білім жолына
салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстату
мемлекет пен қоғамның міндеті саналады. Қандай мықты мемлекет болмасын жастардың
білімі мен оқу-ағарту ісіне көп көңіл бөледі. Келешектің іргетасын қалау үшін, ең
алдымен сол елдің жастарының саналы ұрпақ болып жетілуіне күш салу керек. Өмірге
ұрпақ береген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да
сондай ардақтауға міндеттіміз» деген Бауыржан Момышұлы.
Әрбір өскелең ұрпақ жеке қабілетіне және кәсіби біліміне сай қоғамымызда өз
орнын табуы қажет. Біздің әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы қарқынымыз,
жастардың қоғамдық-саяси өмірдегі ұстанымына, олардың ертеңгі күнге деген сенімі
20
мен белсенділігіне тікелей байланысты. Ендігі кезекте тәрбие мазмұны мен жастарды
тәрбиелеу ісі олардың дүниетанымын қалыптастыру және ақпараттық-саяси мәдениетін
көтеруге баса көңіл аударуға тиіспіз. Әрбір қазақ жастары өздерін ұлтжандымын деп
ұғынып, өн бойларында ұлттық намысын жоғары қою керек. Еліміздің бейбіт аспанында
қазақ жастары тәуелсіз елдің айқын мақсаттарымен жігерленіп, тек қана алға ұмтылуға
жұмыс жасаймыз. Ел сенімін, үмітін ақтау – жастардың қолында.
Жастар – кез келген мемлекеттің ең белсенді мүшесі. Бүгінгі жастар – егеменді
елдің ертеңгі үміті, ата-бабамыз сан жылдар армандаған тәуелсіздігімізді көзінің
қарашығындай сақтайтын ұрпақ жалғасы.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні // http: kk.wikipedia.org/wiki
2. Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. — Алматы:
Раритет, 2010. — 448 б.
3. Сұлтанов Қ. Серпінді кезең. — Астана: Елорда, 2005. — 608 б.
4. Абрахманов С. Тәуелсіздік шежіресі. — Алматы: Атамұра, 2006. — 392 б.
5. Назарбаев Н.Ә. Нұр Отанның дамуында жаңа белес басталды. Мемлекет
басшысы Н.Ә. Назарбаевтің «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген
отырысында сөйлеген сөзі // Егемен Қазақстан. — № 21 — 18—қаңтар. — 2008.
6. Абдулпаттаев С. Халықаралық қатынастар және Қазақстанның сыртқы саясаты.
— Алматы: Қарасай, 2006. — 216 б.
Достарыңызбен бөлісу: |