№№13-14 (197-198) 16.07.2014 ж.
10
Аба
Лагерьде өткен қызықты күндер
Лесқалиев Арнат менің аты. Мен Бөрлі ауданының Кеңтүбек ауылындағы ЖББ
Григорьев орта мектебінің 3 «А» сыныбын бітірдім. Бізде мектепте оқу жылы қызықты өтеді.
Сабақтан тыс жыл сайын, ауданымызда білім беру бөлімінің әдіскері С.Қарағойшиеваның
ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушылары арасында түрлі «Жас математик», «Менің
суретім сөйлейді», «Ойнайық та, ойлайық», ғылыми жоба қорғау сайыстары болады.
Биылғы оқу жылы мен үшін ерекше жыл болды. «Дарын» қосымша білім беру орталығының
ұйымдастыруымен жылда өтетін «Зерде» интеллектуалдық марафонына қатысып, облыстық
«Дарын» лагеріне шақыру алып демалып келдім. Лагерьде қызықты болды. Онда бізді таңғы
7-де тұрғызады. Жаттығу жасатады, би билетеді. Бізді: «Галактика» ойын-сауық кешеніне,
Қазақ драма театрына, кинотеатрға, бассейнге апарды. Маған «Галактикаға» барған кезім
ұнады. Одан басқа лагерьде тәрбиешілеріміз бізге КТК, «Сегіз қырлы, бір сырлы», «Жігіт
сұлтаны» сайыстарын жәнеде басқа топтық сайыстар өткізіп тұрды. Біз бөлмеде 5 бала
жаттық. Олар: Алихан, Бейбарыс, Абай, Аңсар. Мен лагерьдегі басқа да ауданнан келген
балалармен дос болып алдым. Кетерде лагерьмен, достарыммен қимай қоштастым.
Лагерьде өткізген қызықты күндерім үшін тәрбиешілеріме, «Дарын» қосымша білім беру
орталығының әкімшілігіне, Бөрлі ауданы білім беру бөлімінің әдіскері С.Н.Қарағойшиева
апайға, мені апарып, алып келген сынып жетекшім Г.Кустанаеваға алғысым шексіз. «Дарын»
лагері маған қатты ұнады. Қуанышымда шек жоқ! Тағы да барғым келеді....
Достарыңызбен бөлісу: