№№13-14 (197-198) 16.07.2014 ж.
7
«Қат
«Ақшағаладағы»
тамаша демалыс
Шипалы, шалқымалы жағалауда,
көңілді демалыс бар балаларға
Жылдағы дәстүр бойынша Теректі ауданы
Сары-өмір ауылы Шалқар көлі жағалауында орналасқан
Қаратөбе балалар шығармашылығы үйі жанындағы
«Балдәурен» жазғы демалыс лагері еліміздің ертеңгі –
балғын өрендеріне өз құшағын айқара ашады.
Балалардың
жазғы
демалысын тиімді және
мазмұнды ұйымдастыру,
салауатты
өмір
салтының дағдыларын
қ а л ы п т а с т ы р у ,
денсаулықтарын нығайту
мақсатында бой көтерген
демалыс лагері жылдан-
жылға көркейе түсуде. Оқу
жылын ойдағыдай аяқтаған мектеп оқушыларының жазғы
демалысының ұтымды ұйымдастырылуына ата-аналармен
қатар мектептер Қаратөбе балалар шығармашылығы үйі
жанындағы “Балдәурен” жазғы демалыс лагеріне демалуға
ерекше көңіл бөледі. Лагерьде балалардың демалуы үшін
барлық жағдай жасалған. Жаңа жиһаздалған ғимарат,
ойын алаңы, санитарлық талаптарға сай. Биылғы жылы
жоспар бойынша 10 кезеңде аудан мектептерінен 250 бала
демалады. Оның ішінде даму мүмкіндігі шектеулі балалар,
әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары, оқу озаттары,
қамқорлық қорғаншылықтағы балалар, көп балалы отбасы
балалары, Қаратөбе балалар шығармашылығы үйіндегі
үйірмеге қатысатын оқушылар топтары бар. Балалардың
демалысын қызықты өткізу үшін экскурсиялар, әр-
түрлі бағыттағы танымдық ойындар, көңілді кештер
ұйымдастырылу жоспарға қойылған. Сондай-ақ лагерьде
демалушы балаларға сол өлкенің табиғаты «Сантас»,
«Сасай» тауларына таным жорықтар ұйымдастырылып,
таулардың атаулары, өсімдіктерімен таныстырылады.
Ата-аналар тарапынан балаларын лагерьге
жіберуге өтініштері жыл сайын артып келуде. Балалардың
жазғы демалысын ұтымды ұйымдастыру, оқушы
дүниетанымын кеңейту, оларға жан-жақты көмек көрсету
бағытында жұмыстанатын “Балдәурен” жазғы демалыс
лагері бала өмірінде маңызды орын алады. Лагерьде
бағдарламаға сай іс шара жоспарлары аудандық білім
бөлімінің келісімімен бекітіледі. “Балдәурен” жазғы
демалыс лагері балаларға қолайлы жағдай тудыру
үшін жас ерекшеліктеріне байланысты белгіленген
санитарлық гигиеналық
норманы
ескеріп
отырады.
Лагерьде
лагерь меңгерушісі, екі
тәрбиеші, шаруашылық
м е ң г е р у ш і с і ,
медбикелер жұмыс жасайды. Балалардың демалыстарын
тиімді өткізуі мақсатында ұйымдастырылған лагерьде
түрлі іс шаралар оздырлып демалыс кезеңі көңілді де
әсерлі өтуі үшін тәрбиеші ұстаздар бар күш жігерімен,
тәжірибелерін жұмсайды. Лагерьде болған мерзімде
балалар бір отбасының мүшелеріндей болып кетеді.
Олар емдік қасиеті бар Шалқар көліне суға түседі, табиғат
сұлулығын тамашалайды, спорттық ойындарға, басқа іс
шараларға белсене бірге қатысады. Сондықтан да ауысым
соңында қоштасу оларға қиын соғады. Оқушылардың
жазғы демалысын ұйымдастыруда «Балдәурен» жазғы
демалыс лагері алдағы уақытта да өз жұмысын тың
серпінмен жалғастырады.
гүл БОРАНБАЕВА
Қаратөбе балалар шығармашылық үйінің
директорының орынбасары
Ертеңгі еліміздің тірегі мықты болуы өсіп келе
жатқан болашақ ұрпағымызға байланысты.Олардың
дені сау, салауатты өмір салтын ұстануына,адамгер
шілік,кеңпейілділік,достық сезімдерін бойына сіңіруде
білім және тәрбие саласының маңызы зор.Осындай
игілікті шаралардың бірін атқарушы аудандық Балалар
шығармашылығы жанынан құралған «Ақшағала»
демалыс лагеріне тәлімгерлік қызметпен барып қайттым.
Өте тамаша демалыс болды. Жан-жақтан келген балалар
өте өнерлі,бауырмал,спорт
десе
жанып
тұрған
өрендер екен.Емін-еркін
демалып,шығармашылық
қабілеттерін
дамыту
үшін
лагерде
барлық
жағдай жасалған. Лагерь
күні таңғы жаттығудан
басталып, демалушылар
үшін қызықты шаралармен
жалғасын
табады.
Психологиялық тренингтер,балалардың ой- өрісін
дамытуға арналған сергіту сәттеріұйымдастырылды.
Балалар бос уақыттарында сурет салып,спорттық
ойындар ойнап,лагердегі әрбір күнді қызықты өткізуге
барынша атсалысты. «Досыма сыйлық»акциясы,
«Жүректен жүрекке», «Танысу»тренингтері балалардың
бір-бірімен танысып,достасып кетуіне жақсы әсерін
тигізді. Сасай тауына жорыққа шығып,сол жердің
тарихи сырларымен
таныс болдық. «Ерте,
ерте,
ертеде...»
ертегі айту байқауы
балалардың сөздік
қорларын
дамытып,
әртістік қабілеттерін
ба й қ а т т ы . С о н ы м е н
қатар демалушылар
лагерь орналасқан
Сарыөмір ауылының мәдениет үйі ұйымдастырған «Ән
Жұмбақ»бағдарламасына қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
Төрт мезгіл ас балалардың денсаулығына қажетті азық-
түлікпен толық қамтылған. Бөлмелердің жарық,әрқашан
таза тұруына,тамақтың дәмді әрі құнарлы,ұйқыларының
тыныш болуына демалыс орнында қызмет ететін
апайлардың, ағайлардың еңбегі зор.Барымыз балалар
үшін демекші бала қамы үшін бәрі қызғылықты,
тартымды жабдықталған. Тимур,Арай,Мирлан сынды
тәлімгерлер де балаларға бар мейірімдерін төгіп,алты
күн бойы алуан түрлі іс-шаралармен жалықтырмады.
Соңғы күні қоштасу кеші ұйымдастырылып,балалар
бір-біріне жақсы тілектерін арнап,қимай қоштасты.
Біздер де достық сезімге толы лагерьден сүйкімді
балақандармен қимай қоштасып,щаттыққа толы жарқын
болашақ тілеп аулымызға аттандық.
Достарыңызбен бөлісу: