г.ҚАПИТОВА,А.ИБРАЙМОВА, А.СЕРІКОВА
Сатыбалды орта жалпы білім беретін мектебінің оқушылары
Казталов ауданы
Жаз айының он төрті
мен он жетісі аралығында
аудандық
туристік-өлкетану
бағытындағы үш күндік
шатырлы лагерде жетекшіміз
Елдос
Әліпқалиевтың
жетекшілігімен
демалып
қайттым. Екі мектептен бір
лагерде он оқушы болса да,
бір үйдің балаларындай тату
да ұйымшыл бола білдік. «Мың
қосшыға бір басшы» - демекші,
он оқушы түсіністігімізбен
татулығымыздың арқасында
жетекшімізге бір кісідей бағына
біліп, бүкіл тапсырмаларды тез, әрі ұқыпты орындадық. Бұл
жазғы шатырлы демалыс лагері болса да, біздер, болашақ
туристтер өз бетімізбен тамақ пісіруге дағдыланып, таңмен
ерте тұрып өз бетімізбен таңғы жаттығуларды жасап, отын
тасып, от жағып, «Тазалық денсаулық кепілі» - демекші
шатырымызды күніне екі рет тазалап тұрдық. Бос уақытымызды
тиімді пайдалану үшін лагерді ұйымдастырушылар футбол
алаңын дайындап, сонымен қатар үстел теннисін де құрып
берді. Әрі түстен кейін лагер жанындағы су тоғанына барып,
суға шомылып, қайықпен серуендедік және «Жас балаға
үлгілі іс пен ақыл көп керек» - дегендей жетекшіміз Елдос
ағай мен
шатырлы лагерде әр күннің күнтәртібін таныстыратын
нұсқаушы Мерлан ағай суға түскен кездегі сақтық шараларын,
суға батқан адамдарды құтқару жолдарын, судан шыққаннан
кейінгі алғашқы көмектерді көрсетіп, үйретті. Демалысымыздың
соңғы күні кеште шатырлы лагер мен аудандық «Балдәурен»
туритік-өлкетану лагерінің ұйымдастыруымен «Лагерь аруы-
2014» пен «Жігіт сұлтаны» сайысы оздырылып, жүлдегерлер
д и п л о м д а р м е н ,
с ы й л ы қ т а р м е н
марапатталды. Ең
соңғы күні бәріміз
лагерь
жанын
қ о қ ы с т а р д а н
т а з а р т ы п ,
к е р е м е т т е й
т а б и ғ ат ы м ы зд ы ң
таза
болуына
титтейде
болса
өз үлестерімізді
қосып, лагерімізбен,
достарымызбен
қимай-қимай
қоштастық.
Жазғы
демалысымызды жадыратар осындай лагерьлер көп бола
берсін деймін.
Достарыңызбен бөлісу: |