157
Люминисценттік жарқыл жарығы ФЭК фотокатодына түсе отырып, күшейеді. Сонымен
қатар, фотокөбейткіштегі электрлік импульс амплитудасы бірінші
ретті -квант энергиясына
пропорционал екені анықталды. Осылайша, бұл қондырғы бір уақытта энергияны да және
сцинтилляторға түскен -квант сандарын анықтайды, сонымен қатар -кванттардың энергия
бойынша таралуын, яғни спектр бойынша табуға мүмкіндік береді.
20.4-сурет. Сцинтилляционды спектрометрде алынған амплитудалық спектр.
Тіркелген және күшейтілген электрлік импульстер арнайы құрылғы- амплитудалық
анализатор арқылы каналдарда тек осы каналға белгілі бір амплитуданың (энергия) электрлік
импульстері ғана түсетіндей таралады. 20.4-суретте осындай импульстердің спектрі
көрсетілген. Абсцисса осі бойында каналдар, ал ордината осінде сол каналға түскен
импульстердің саны салынған. Бұл спектрде ерекше көрінетін А шыңы. Бұл «толық жұтылу
шыңы» немесе «фотошың» деп аталады.Осы шыңды анықтай отырып, біз -кванттың
максимал энергиясын таба аламыз.
А шыңының сол жағында спектрі бірнеше шоқыға шығатын кішкене дөңес
минимумдар көрінеді. Сондай-ақ, барлық сол жақ үзіліссіз және анық байқалатын шыңдары
жоқ. Спектрдің бұл бөлігі бірнеше эффекттерді, ең алдымен комптондық шашырауды
көрсетеді. NaI сцинтиллятор затына түсе отырып -кванттар әртүрлі жағдайда болады:
біреулері , жоғарыда айтылғандай иондалады және затпен толықтай жұтылады; басқалары
атом электрондарымен соқтығысып комптондық шашырауға ұшырайды және электронға
өздерінің энергияларының бөлігін ғана беріп, -квант сцинтиллятор шегінен шығады.
Қайтарымды электрондар, яғни
-кванттан импульс алған электрондар құлаған
фотоэлектрондар секілді еркін күйге ауысады және сцинтилляционды жарқыл мен өздеріне
сәйкес келетін белгіленген амплитудадағы электрлік импульс шығарады. Бірақ,
фотоэффекттен айырмашылығы, импульс барлық каналдарда үзіліссіз таралған, себебі
комптондық -кванттар сцинтилляторда әртүрлі бұрыштармен шашырайды, сол себепті
159
шашырауы секілді процестердің қисықтары жүреді. Бұл шыңдардың барлығының
интенсивтілігі аз және олардың орналасқан жағдайы кішігірім нақтылықпен анықталады.
Интенсивтілігі жоғарырақ шың С шыңы болып табылады және ол кері шашырауға сәйкес
келеді. Бұл шың
-кванттың 180
шамасында комптондық шашырау кезінде көздің
қорғаушысы және детекторда сцинтиллятор NaI мен жұтылу нәтижесіне сәйкес келетін
фотошың нәтижесінде пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: