Физикалық практикум



Pdf көрінісі
бет64/113
Дата12.04.2022
өлшемі3,87 Mb.
#30798
түріПрактикум
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   113
Байланысты:
annotation88215

 
11.6.  Әдебиет 
 
11.6.1. Калашников С.Г. Электричество. – М.: Наука, 1985. 
11.6.2. Сивухин Д.Г. Общий курс физики. т.3. Электричество – М.: Наука, 1977. 
11.6.3. Матвеев А.Н. Электричество и магнетизм. – М.: Высшая школа, 1991. 
11.6.4. Гершензон Е.М., Малов Н.Н. Курс общей физики: Электричество и магнетизм. – 
М.: Просвещение, 1980. 
 
 
 
 
 


90 
 
 
№ 12. ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС 
Cobra3 қондырғысымен соленоидтың индуктивтілігін өлшеу 
 
12.1. Жұмыстың мақсаты 
Катушкадан  және  конденсатордан  тұратын  тізбектен  еркін,  өшетін  тербелісті  алу. 
Конденсатор  сыйымдылығы  белгілі  соленоид  индуктивтілігін  тербеліс  жиілігін  өлшей 
отырып табу. 
12.2. Қысқаша теориялық кіріспе 
Электр тогы өзінің айналасында магнит өрісін тудыратыны белгілі. Керісінше, магнит өрісі 
арқылы контурда электр тогын алуға болады ма? Бұл есептің шешімін 1831 ж. ағылшын 
ғалымы М. Фарадей тапты, ол электрмагниттік индукция құбылысын ашты. 
Тұйық контурмен шектелген аудан арқылы өтетін магнит индукциясының ағыны өзгергенде 
контурда электр тогы пайда болады. Бұл құбылыс электрмагниттік индукция құбылысы деп 
аталады. Ал пайда болган ток индукциялық ток деп аталады. 
Нәтижесінде бірінші текті құбылыстар үшін электрмагниттік индукция заңы алынды: тұйық 
контурда пайда болатын электрмагниттік индукцияның ЭҚК-і сан жағынан осы контурмен 
шектелген бет арқылы өтетін магнит ағынының уақытқа байланысты өзгеру жылдамдығына 
тең және таңбасы бойынша қарама-қарсы: 
 
                                                                                   (12.1) 
Индукциялық токтың бағыты Ленц ережесі бойынша анықталады: индукциялық токтың 
тудыратын магнит өрісі индукциялық токты тудырған магнит өрісінің өзгерісіне кедергі 
келетіндей болып бағытталады. 
Екінші текті индукциялық құбылыстың мысалы ретінде біртекті магнит өрісінде  магнит 
индукция векторына перпендикуляр  жылдамдықпен қозғалатын тогы жоқ, ұзындығы 
өткізгіш алынады. Өткізгішпен бірге қозғалған әрбір электронға магнит өрісі тарапынан 
Лоренц күші әсер етеді. Нәтижесінде өткізгіштің ұштарында потенциалдар айырмасы пайда 
болады 

Егер тұйық контур бір-біріне тізбектеліп жалғанған N орамнан (катушка немесе соленоид) 
тұрса, онда ЭҚК әрбір орамның ЭҚК-ң қосындысына тең, 
 
                                                                              (12.2) 


91 
 
мұндағы 
- ағын ілінісуі, яғни 
орамнан өтетін толық магнит ағыны. 
Егер  электр  тізбегінде  уақыт  бойынша  өзгеретін  ток  жүрсе,  онда  осы  токтың  магнит 
өрісі де өзгереді, олай болса, магнит ағынының өзгерісі индукцияның ЭҚК-н тудырады. Бұл 
құбылыс  өздік  индукция  деп  аталады.  Өздік  индукцияның  ЭҚК-і  Фарадей  заңынан 
анықталады.  Ферромагнетик  болмаған  кезде  контур  арқылы  өтетін  магнит  ағыны  I  ток 
күшіне пропорционал 
                                                                                    (12.3) 
мұндағы  - контурдың индуктивтілігі деп аталатын коэффициент, ХБ жүйесінде өлшем 
бірлігі  -  генри  (Гн).  (12.3)  сәйкес  ток  күші  1  А  болғанда,  онда  1  Вб-ге  тең  магнит  ағыны 
өтетін  контурдың  индуктивтлігі  1  Гн-ге  тең  болады.  Контурдың  индуктивтілігі 
контурдың  пішіні  мен  өлшемдеріне,  сондай-ақ  қоршаған  ортаның  магниттік 
қасиеттеріне тәуелді. 
Ұзын соленоидтың индуктивтілігінің формуласын магнит өрісінің индукциясы 
 
, ағын ілінісуі 
, бір орам арқылы өтетін магнит ағыны 
үшін 
жазылған қатынастарды пайдаланып анықтауға болады: 
 
                                                          (12.3) 
 мұндағы 
- бірлік ұзындыққа келетін орамдар саны; 
- соленоидтың көлемі. 
Ток өзгергенде өздік индукцияның ЭҚК-і пайда болады 

 
                                      (12.4) 
Минус  таңбасы 
әрқашан  ток  күшінің  өзгерісіне  кедергі  жасайтындай  етіп  бағытталады, 
токты  өзгеріссіз  сақтауға  ұмтылады,  яғни  токқа  қарама-қарсы  әсер  етеді.  Өздік  индукция 
құбылыстарында  ток  инерттілікке  ие  болады,  себебі  бұл  жерде  индукция  әсерінің  магнит 


92 
 
ағынын  тұрақты  етіп  ұстауға  ұмтылуы  айтылып  тұр,  ал 
индуктивтілік  ток  күшінің 
өзгерісіне қатысты контурдың инерттілік мөлшері болып табылады. 
 
                                                                   (12.5) 
Әрбір  контурдағы  ЭҚК-і  басқа  контурдағы  токтың  тудыратын  магнит  ағынының  өзгерісі 
есебінен пайда болады. Бұл құбылыс өзара индукция құбылысы деп аталады. 
Бір-біріне жақын орналасқан екі қозғалмайтын контурларды қарастырайық Егер 1 контурда 
ток жүрсе, ол екінші контур арқылы өтетін 
толық магнит ағынын тудырады 
 
                                                                                (12.6) 
онда осы сияқты екінші контурда  ток жүрсе, ол бірінші контур арқылы өтетін толық 
магнит ағынын тудырады 
 
.                                                                         (12.7) 
және 
коэффициенттері – бірінші контурдың екінші контурға қатысты және 
сәйкесінше екінші контурдың бірінші контурға қатысты өзара индуктивтілігі деп аталады. 
Сызықты орталарда, мысалы ферромагнетиктер жоқ кезде, 

 
Өзара индуктивтілік магниттік байланысқан контурлардың геометриялық өлшемдеріне, 
олардың орналасуына және ортаның магниттік қасиеттеріне тәуелді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет