Физикалық практикум



Pdf көрінісі
бет2/113
Дата12.04.2022
өлшемі3,87 Mb.
#30798
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113
Байланысты:
annotation88215

№17 зертханалық жұмыс.  Комптон эффектсі Радиоактивті препараттың абсолют 
активтіліктерін анықтаудың салыстырмалы әдісі 
 
№18 зертханалық жұмыс. Изотоптардың ыдырау тұрақтысын альфа-
бөлшектердің еркін жүру жолының ұзындығынан анықтау 
 
№19 зертханалық жұмыс. Бета-сәулесінің максимал энергиясын толық жұтылу 
әдісімен анықтау 
 
№20 зертханалық жұмыс. Гамма-сәулесінің энергиясын оның затта жұтылуынан 
анықтау 
 
 



 
                                                                  Кіріспе 
       Алдарыңызға ұсынылып отырған лабораториялық жұмыстардың сипаттамалары       әл-
Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық  Университеттің  физика  факультетінде  профессор  Исатаев 
Совет  Исатайұлының  басқаруымен  қойылған  жалпы  физика  курсы  бойынша  физика 
мамандығынан  басқа  мамандықтарға  арналған  физикалық  практикумның  “механика”    және 
“молекулалық физика” бөлімін қамтиды. 
       Физикалық  практикумның  негізгі  мақсаты  –  лекциялық  курстарда  алған  теориялық 
білімнің  негізінде  физикалық  құбылыстар  мен  процесстерді  және  түрлі  физикалық 
заңдылықтарды  практика  жүзінде  жаңғыртып  зерттеп,  физикалық  шамалардың  арасындағы 
сандық  қатынастарды  іс  жүзінде  алу.Сонымен  бірге,  физикалық  практикум  сабақтарында 
студенттер түрлі мақсатта қолданылатын құрал-саймандар мен арнайы приборлармен жұмыс 
істеуді үйренеді және тәжірибе жүзінде алынған мәліметтерді математикалық өңдеудің айла-
тәсілдерін меңгеріп, қорытынды нәтижеге сараптау жасауға дағдыланады.                                                                                                                
    Тәжірибе барысында алуан түрлі өлшеулер жасалынады.                                                                                                                  
    Өлшеу  деп  белгілі  бір  физикалық  шаманың  мәнін  тәжірибе  жүзінде  табу  арқылы 
физикалық          объектінің  қасиеттерінің  сандық  сипатын  анықтауды  айтады.Физикалық 
практикумның      негізгі  өлшеулері  екі  немесе  одан  да  көп  физикалық  шамалардың 
арасындағы функциялық   тәуелділікті табуға бағытталған. 
        Өлшеулердің  бірнеше  түрі  болады.  Өлшеулерді  өлшенетін  шаманы  уақытқа  тәуелділік 
сипаттына  қарай,  өлшеу  мәліметінің  дәлдігіне  әсер  етуші  шарттарға  байланысты  және 
алынған  мәліметті  өңдеу  әдістеріне  қарай  классификациялайды.  Уақытқа  тәуелділігіне 
байланысты өлшенетін шама статистикалық және динамикалық болып бөлінеді. 
          Уақыт  бойынша  физикалық  шаманың  мәні  тұрақты  болса,  мұндай  өлшеу-
статистикалық  деп  аталады.  Мысалы:денелердің  геометриялық  өлшемдерін,  массасын, 
ыдыс ішіндегі тұрақты қысымды, т.б. өлшеу. 
   Егер  уақыт  бойынша  өлшенетін  шаманың  мәні  өзгеріп  отыратын  болса,  онда  мұндай 
өлшеуді  динамикалық  өлшеу  деп  атайды.  Мысалы:  өшетін  тербелістің  амплитудасын, 
жылдамдықтың  лүпілін,  т.б.  өлшеу.  Өлшеулер  мәліметтерін  алу  әдісі  бойынша  өлшеулер 
тікелей, жанама, жиынтықты және үйлесімді болып бөлінеді. 
    Тікелей  өлшеу  деп  ізделініп  отырған  мәнді  тәжірибе  барысында  өлшеу  құралының 
көмегімен  бірден  анықтауды  айтады.  Бұл  жағдайда  физикалық  шаманың  мәні  өлшегіш 
құралды  объектіге  жанастыру  (тиістіру)  арқылы  табылады.  Мысалы:  дененің  өлшемін 
микрометрмен, уақытты секундомермен табу т.б.. Тікелей өлшеуді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет