Қамажай. Сөйтіп, бұл да өз жөнімен кетеді де...
Нәзила. Өз жөніне емес, үкіметтің тапсыруымен барады. Омар жалғыз
сіздікі ғана емес.
Қамажай. Иә, иә... солай... Бәлкім, сен де кететін шығарсың. Бәрің
де кетіңдер жанжаққа тарап, мен қалайын жападанжалғыз.
Нәзила. Жалғызсырамассыз. Құдай қаласа,
Ақтау жақтан кішкене
немере ініңіз де кеп қалар. Әкеп тастайды ғой. Одан соң Омар да кешікпес.
Қамажай (
күліп). Әй, тентегімай. Айтқаның келсін. Ол үшін Омар
жан әуелі үйленуі керек қой.
Нәзила. Ол жағынан қам жемеңіз. Кафедра меңгерушісі болудан
үйлену қиын деп пе едіңіз. Ол Алматыдан Астанаға біреу емес, екеу боп
барады.
Қамажай. Нәзила
ау, сен студент емессің, мұғалім болдың, абайлап
сөйлемейсің бе?