Нәзила.Абайлағанда да, абайламағанда да солай.
Қамажай. Кім екенін білесің бе?
Нәзила. Кім екенін өзің ойлап тапшы.
Қамажай. Қайдан білейін. Осы күні қыз көп. Шошаңдаған біреу бол
маса жарар еді.
Нәзила. Жоқ, шошаңдаған емес. Өте сыпайы, ақылды, көрікті, сізді
туған әпкесіндей сыйлайды. Оның үстіне мен сияқты ағылшын тілінен
сабақ береді.
Қамажай. Не дейді, не дейді? Мыналарды жын ұрған шығар?!
Гауһар?!
Нәзила. Дәл таптыңыз!
Қамажай (
теңселіп тұрып қалады). Не боп кеткен бұл? Бәрің...
бәрің, шеттеріңнен, залымсыңдар...
Нәзила. Ол екеуінің залымдығы жоқ. Залым – мына менмін. Екеуін
былай иіп әкеп (
қолымен көрсетеді), тоқайластырдым да қойдым.
Қамажай. Ұят болды
ау... Енді не амал бар?
Нәзила. Ұят ештеңесі жоқ, қайта алғыс айтсын. Бірінбірі жақсы
білетін адамдар қосылуы керек (
пауза.) Жақында шақыру билеті де да
йын болады.