1-тапсырма. а) Берілген нақыл сөздердің мәнін ашатын мақалмәтел табыңдар.
Төмендегі үлгі бойынша дәптерлеріңе жазыңдар.
Қорқыт атаның нақыл сөздері
Мақалмәтелдер
ә) Берілген нақыл сөздердің мәнін түсіндіріп, баяндап беріңдер.
б) Нақыл сөздердегі психологиялық параллелизмдерді тауып, талдаңдар.
2-тапсырма. Қорқыттың нақыл сөздерінің идеясы неде? 3-тапсырма. Қорқыттың нақыл сөздерінің идеясын аша отырып, Қор
қытқа мінездеме беріңдер.
4-тапсырма. «Тәкаппарлықты Тәңірі де сүймес» деген нақылдың мағы
насын талдай отырып, «тәкаппарлық, менменшіл» қасиеттері туралы өз
ойларыңды баяндап беріңдер.
5-тапсырма. «Қанша байлық жисаң да, бұйырғаннан артық жей алмай
сың» нақыл сөзін талдай отырып, композициялық құрылымның барлық
кезеңдері сақталған шағын әңгіме жазыңдар.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
26
6-тапсырма. Қорқыт нақыл сөздерін негізге ала отырып, диалогтік сауал
жауап құраңдар.