1-мәтін. Уақыты – 10 минут.
2. Нақыл сөзді тыңдай отырып, негіз болған тірек сөздерді теріп жазыңдар.
2-мәтін. Уақыты – 4 минут.
3. Берілген нақыл сөздің идеясына мән бере отырып, болашақтағы өз арман
мақсаттарыңа өз ойларыңнан үш нақыл сөз жазыңдар.
3-мәтін. Уақыты – 10 минут.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
27
Қожа Ахмет Ясауи
(1093–1166)
Хикмет – даналық сөзі, ақыл сөзі. Бұл сөздерді қалдырған Қожа Ахмет
Ясауи.
Қожа Ахмет Ясауи – түркі тілдес халық
тар арасында сопылық әдебиеттің негізін қа
лаушылардың бірі, аса көрнекті ақын, есімі
ислам әлеміне мәшһүр ойшыл, қайраткер.
Түркістан қаласындағы Ахмет Ясауи кесе не
сі – ортағасырлық сәулет өнерінің көрнекті ес
керт кіші. Кесене XII ғасырда өмір сүрген бүкіл
Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, сопылықты
уағыздаушы Қожа Ахмет Ясауи (Йасыдан шыққан
деген мағынада) бейітінің басына орнатылған. Орта
Азиядағы сәулет өнерінің тамаша үлгісі ретінде дүниежүзіне танылған
бұл ғимарат бүкіл Шығысты тітіренткен әйгілі қолбасшы Әмір Темірдің
бұйрығы бойынша ХІV ғасырдың соңында салынған.
Қожа Ахмет Ясауи ортағасырлық Испиджаб (Сайрам) қаласында
дүниеге келген. Ақынның толық атыжөні: хазіреті Сұлтан Шейхул
Ислам Қожа Ахмет Ясауи деп жазылған. Ержете келе Түркістан (ол кез
де Йасы деп атаған) қаласына келіп тұрады. Йасыға қоныс аударғаннан
кейін ол осындағы атақты Арыстан Бабтан тәлімтәрбие, діни дәріс алады.
Түркістан
қаласындағы
Қожа Ахмет
Ясауи
кесенесі
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
28
Біраз жыл бұрын Бұхара шаһарында оқыған.
Сөйтіп, Йасы қаласына атақты ғұлама болып
оралған.
Ахмет Ясауидің есімін мұсылман әле
міне мәшһүр еткен шы ғармасы «Диуани
хикмет» («Даналық кітабы»). Оны «Ақыл
кітабы» деп те атайды. Ақын өз кітабын Орта
Азия мен Қып шақ даласының түркілеріне
кезінде түсінікті болған шағатай тілінде
жазған. Мұның өзі араб тілінде жа зылған
Құран мен түрлі ха дистерді жергі лік ті түркі
халықтарының түсініп оқуы на мүмкіндік
бер ді. «Диу ани хик мет» – көш пелі елдің
ауыз әдебиеті үлгілеріне не гіз де ліп, түркі халықтары фольк лорының
тіл дікстильдік, модель дік тә сілдерін зор шеберлікпен пайдалана жа з
ыл ған дидактикалықэтика лық туынды.
«Диуани хикмет» – түркі тілдес халықтардың ХІІ ғасырдан сақталған
әдеби жәдігерлерінің бірі. Бұл өлеңдер жинағы қазақ әдебиетінің де
ортағасырлық нұсқасы болып табылады.
Ясауи хикметтерінің тілін ұзақ жылдар бойы зерттеген көрнекті
ғалым А.К. Боровковтың пікірі бойынша, «Даналық кітабы» – оғыз
қып шақ тілінде өмірге келген әдеби туынды. Кезінде ол өлеңдер өте
қарапайым, көпшілікке түсінікті тілмен жазылған.
Ақын Орта Азиядан бастап, Еділ жағалауына дейінгі ұланғайыр
өлкеде көшіпқонып жүрген түркі тайпаларының бәріне де түсінікті бола
тындай ауызекі сөйлеу тілінде жырлағаны
дау тудырмайды. Бірақ бертін келе жинақты
көшірушілер өз тарапынан көптеген араб
парсы сөздерін қосып жіберген.
Бұл өлеңдер жинағының алғашқы түп
нұсқасы сақталмаған. Ең ескі нұсқасы
ХV ғасырдың орта кезінде араб емлесімен
көшірілген. «Даналық кітабы» Қазан (1887
және 1901 ж.), Стамбұл (1901 ж.), Ташкент
(1902 және 1911 ж.) баспаларынан бірнеше
рет жекежеке кітап болып баcылып шы
ғады. Ахмет Ясауи өлеңдер жинағының ең
толық нұсқасы Қазан басылымы болып та
былады. Мұнда 149 хикмет берілген. Соның
109 хикметі Ясауидің өзінікі екені даусыз.
«Диуани Хикмет».
Қазан, 1887 ж.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
29
Қалғандары шәкірттері тарапынан жазылып, жинаққа еніп кеткен жыр
жолдары болуы мүмкін.
Қожа Ахмет Ясауи 63 жасқа келгенде, қылуетке (қылует – арабша «оңа
шалану» деген сөз) түсіп, өмірінің соңына дейін сонда болады. Ол – жарық
дүниеден қол үзіп, жер астында жекедара өмір сүру арқылы бұл дүниенің
күнәларынан бойын аулақ ұстау, тазалану, сөйтіп Хаққа жақын болудың бір
түрі ретінде Ясауидің өзі енгізген амал болып табылады. Жарық дүниемен
тек шәкірттері арқылы байланысып, сол жер астында осы кітабын жазған.
Ясауи бұл қолжазбаны 63–73 жас аралығында жазған. Сөйтіп, ойларын өлең
түрінде бір жүйеге түсірген. Барлығы – 149 хикметжыр.
Түркия ғалымы Ф. Көпрүлзаде Қожа Ахмет Ясауи хикметтерінің жа
зылу тарихын, поэтикасын, әлеуметтік бағдарын тұңғыш рет әдебиеттану
ғылымы тұрғысынан жанжақты зерттеп, ол туралы келелі ғылыми
еңбек жазғаны мәлім. Ғалым 1928 жылы Ахмет Ясауи поэзиясын ғы
лыми негізде жүйелеп, Стамбұл баспаларының бірінен жеке кітап етіп
шығарды. Қазіргі зерттеушілердің барлығы дерлік Ахмет Ясауи жырла
рының осы басылымын негізге алып жүр.
«Диуани хикмет» көбінесе 11 буынды не 12 буынды болып келеді.
Төрт тармақтан бір шумақ құрайды. Ұйқасы бізге тым жақын. Сырттай
алып қарағанда аааә, бббә ұйқасымен келіп отырады.
Қожа Ахмет Ясауидің «Даналық кітабы» ежелгі түркі поэзиясы мен
қазақ әдебиеті арасындағы дәстүрлі байланысты айқындайды.
Ахмет Ясауи кітабында «Аллаға жақындай түсу үшін» әрбір адам
өзінің өмір жолында төрт басқыштан өтуі керектігін айтады.
Біріншісі, «шариғат» – ислам дінінің қағидалары мен шарттарын
тақуалықпен мүлтіксіз орындауды әрі Құдайға құлшылық жасауды та
лап етеді.
Екіншісі, «тариқат» – дін ғұламаларына шәкірт болып, жалған дү
ниенің түрлі ләззаттарынан бас тарту. Аллаға деген сүйіспеншілікті
арттыра түсу болып табылады. Бұл суфизмнің негізгі идеясын, мұрат
мақсатын аңғартады.
Үшіншісі, «мағрифат» – негізінен дін жолын танып білу сатысы.
Не гіз гі талабы – күллі дүниедегі болмыстіршіліктің негізі «бір Алла»
екенін танып білу, түсіну.
Төртіншісі, «хақиқат» («фано») – Аллаға жақындап, оны танып
білудің ең жоғарғысы.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
30
Ясауи сопылық әдебиетті тудыра отырып, қазақ әдебиетінде адам
бейнесін, оның қоғамдағы қызметін, өмір мұратын суреттеуге жол сал
ды. Ясауи хикметтері қоғамға, адам тіршілігіне жоғары талап қоятын
сыншылдық дәстүр әкелді. Бұл сыншылдық дәстүрі кешегі Дулат,
Сүйін бай, Шортанбай, Мұрат т.б. жырларында, тіпті бүгінгі күні де өз
жалғасын тауып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |