Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет36/141
Дата14.04.2022
өлшемі2,02 Mb.
#30976
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   141
1-мәтін. Уақыты – 20 минут.
Шалкиіз жырау
(1465–1560)
Қазақ  жыраулық  поэзиясының  атасы  – 
Шал киіз Тіленшіұлы 1465 жыл шамасында Жа
йықтың шығыс бетінде дүниеге келеді. Жы рау
дың әкесі сахара байларының бірі болса, шешесі 
кейін  Кіші  жүздің  ұйытқысы  болған,  Сыртқы 
Орда аталатын ұлыстың әмірі Мұса бидің қызы 
екен.
Болашақ  жырау  үш  айлығында  анасынан  
айырылады  да,  нағашы  әжесінің  қолына  бері
леді. Сөйтіп, Шалкиіздің ДештіҚыпшақ жерін 
жай лаған  түркі  руларының  бірінен  екіншісіне 
көшкен  бір  ғасырға  жуық  сапары  жөргектен 
бас талады.  Мұсылманша  жақсы  білім,  сахара 
сал тымен тамаша тәрбие алған Шалкиіз қай атырапта өсіп, ержетті – бұл 
жағы белгісіз. Тек айдынды аламан ғана емес, арқалы жырау ретінде де 
даңқы шыққан. 
Шалкиізді 1490 жылдарда Ноғайлы әміршісі Темір бидің төңірегінен 
көреміз. Шығармаларына қарағанда, осы кезде жырау бірде әскери жо
рықтар  сапында,  бірде  әміршісінің  нөкері  қатарында  Қырым,  Терістік 
Кавказ, Дон бойын тегіс аралап шығады.  
Өз  заманындағы  саяси  күрестердің  ешқайсысынан  сыртқары  қал
маған Шалкиіз Ноғайлыда ХVІ ғасырдың 40жылдары басталған Жүсіп 
пен  Исмайылдың  әйгілі  тартысы  кезінде  Жүсіпті  жақтайды.  Алайда 
дұшпандары тарапынан қуғынға, достары тарапынан күндеуге ұшыраған 
жырау көп ұзамай нағашыларымен біржола араздасып, Қазақ Ордасына 
қайта өтеді. Шалкиіз бір ғасырға жуық жасап, 1560 жылдарда қайтыс 
болды деп шамаланады. 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


42


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет