1-тапсырма. Толғауды оқи отырып, тақырыбын анық таңдар.
2-тапсырма. Толғаудың идеясы мен ой түйінін дәптерлеріңе қорытып
жазыңдар.
3-тапсырма. Толғаудағы теңеулерді негізге ала отырып, сұлтанға мінез
деме беріңдер. 4-тапсырма. «Ақылсыз дос – адамға сын» тақырыбында өз ойларыңды
баяндаңдар. Толғаудан дәлел тауып, мағынасын түсіндіріп беріңдер. 5-тапсырма. Берілген үзіндіден метафораны табыңдар. Үзіндіні өлең
құрылысына қарай талдап, дәптерлеріңе жазыңдар.
Сен алтынсың – мен пұлмын,
Сен жібексің – мен жүнмін,
Сен сұлтансың – мен құлмын,
Сен сұңқарсың – мен қумын.
6-тапсырма. Берілген үзіндіні пайдалана отырып, көріктеуайшық
тау құралдарын теріп жазыңдар:
...Жоғары қарап оқ атпа,
Жуық түсер қасыңа.
Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа,
Күндердің күні болғанда
Сол жаман айғақ болар басыңа.
Жақсы да келер бұ көпке,
Жаман да келер бұ көпке,
Түгел іс қойып болмас бір кепке.
Сен алтынсың – мен пұлмын,
Сен жібексің – мен жүнмін,
Сен сұлтансың – мен құлмын,
Сен сұңқарсың – мен қумын,
Жемсауыңа келгенде,
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
46
Сұлтан ием, сом жүрегім аяман,
Саған дұспан – маған жау,
Керекті күні алдыңда,
Ғазизленген сұлтан, жаным аяман!