Қамажай. Егер күткің келсе.
Қабен. Жарайды. Келістім. Таңға шейін күтем. Тек келсең болғаны...
* * *
(Үйде Омар, Нәзила, Гауһар. Қамажай кіріп келгенде, Нәзила орны- нан ұшып тұрады.) Нәзила. Жолдастар (
Қамажай аңырып тұрып қалады). Біздің әпкейдің
жеке мәселесін қарауға арналған үй жиналысын ашық деп жариялай
мын. Түрлі себептермен жиналысқа екі адамымыз қатыса алмай отыр.
Тимур қызбен кездесуге кетті. Ермек, түнгі сағат он бір болғандықтан,
жиналысқа қатыса алмайтынын мәлімдеп, ұйықтауға кетті. Жиналыс
ашық дегендеріңіз қол көтеріңіздер (
өзі бастап бәрі қол көтереді).
Қамажай. Ойбайау, сендерді... бұларың не? Мен ... сәл... кешігіп
қалғаным...