Тимур. Ом, бұл сенің рұқсат бермеймін деген сөзің емес пе?
Омар. Егер осы қасиеттер адам бойында қалыптасқан болса...
Тимур. Қалыптасқан.
Сұлтан. О
о, қалыптасқан, қалыптасқан. Үш айлық болды!
Омар. А?.. Мұндай жағдайда, мен өз тарапымнан інімнің үйленуіне
рұқсатымды беремін.
Сұлтан. Ура, жолдастар!
Нәзила. Гип
гип, ура!
Қамажай. Сұлтанау, сонда, той қашан болмақшы? Асығыс емес пе,
әйтеуір?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
144
Сұлтан. Жоқ, асығыс емес. Дайындалуға уақыттарыңыз бар. Бес
күннен соң.
Қамажай. Бес күннен соң?! Ойбайау, асығыс болғанда қандай бол
мақшы сонда? Енді қайттім? Дайындалу керек, онымұны сатып алу ке
рек... Ертең жұмысқа шығатын едім...