Қамажай. Маған қалғандары да кішкентай.
Қабен. Онда бәрін де қолға аламыз.
Қамажай (
күліп). Жожоқ. Ол болмайды. Мүлде қисынсыз.
Қабен. Қамаштай (
құшақтамақ болады).
Қамажай. Қой, бала болмайық. Бізге бала болу жараспайтын секілді.
Қабен. Сен жасыңа жетпей егделікке бой ұрмасаңшы. Кәрілік қайда
қашады дейсің?
Қамажай. Мен сені түсінемін. Бірақ, амалым не? Үйдегі төртеуі төрт
азамат болмай, өз басымның қамын ойлауға хақым жоқ. Өз жөнін тауып,
әке кетті, талқаны таусылып, шеше байғұс арманда ол кетті. Тағдырдың
соққысынан есеңгіреген естерін енді жинап, көкіректерінен қайғы ұмыт
бола бастағанда, «Не болсаң, о бол» деп өз жөніме мен кетсем, олардың
күні не болмақ? Жожоқ, Қабен, кешір мені. Бақытыңа кедергі болғым
келмейді. Сенің жолың басқа. Інілерімнің біреуі шығып қалса, ұят бо
лар. Сау бол. Таңертең ерте жұмысқа баруым керек. Өмірімде бірінші
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
145
рет (
күледі). Балалардың тамағы бар, жуатын киімі бар. Оо, тірлік деген
бастан асып жатыр.