8. Авторитарлық режимөзінің ерекшеліктеріне байланысты тоталитар-
лық режимге де, демократиялық режимдермен салыстырғанда аралық сипатта
болады. Онда тоталитарлық режимге де, демократиялық режимдерге тән
белгілер болады. Авторитарлық билік қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету,
қоғамдық тәртіпті сақтау, сыртқы күштерден қорғау және сыртқы саясат
мәселелермен айналысады. Сонымен қатар ол экономикалық даму стратегия-
сына ықпал жасап, әлеуметтік саясатты қызу жүргізуі мүмкін. Бірақ, мүнда
нарық заңдары бүзылмайды. Саяси элита сақталады және ол тағайындалады.
Қорыта айтқанда, авторитарлық режим тарихта кең орын алған биліктің түрі.
Олар бірнеше түрлі болып келеді. Мысалы: монархия, деспотизм, диктатура,
әскери хунталық, популистік т.б.
Демократия деген сөз гректің «демос» - халық
және «кратос» - билік деген сөздерінен түрады,
яғни «халық билігі» деген мағынаны білдіреді. Қазір
бүл сөз бірнеше мағынада қолданылады:
1) мемлекеттің түрпаты мен жалпы саяси жүйесі;
2) мүшелерінің теңдігіне, басқару органдарының мерзімді сайлануы және
көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау қағидаларына негізделген кез келген
120