289
Тіл-ғұмыр
Бұл сөзге мен күлем. Шахан аға жымияды...
– Айналайын, – дейді апай маған, – осының бəрінде дəтке қуат бір
нəрсем бар: жазған кітаптарым кітап сөресінде жатпайды. Нансаң,
дүкенге жақында түсті, алам ғой деп жүргенде, өтіп кетеді де, өз
кітабымды өзім іздеп жүргенім...
Қызық, əрине. Автордың жазуға уақыты бар, дүкендегі кітабын
сатып алып келуге уақыты жоқ... Бірақ бұл – айдай ақиқат нəрсе...
Ал осы жайттың бəрі сонау 1945 жылы Алматыға Ақтөбеден рес-
публикалық мұғалімдер жиналысына делегат болып келген қаршадай
ауыл қызының бір батыл əрекетінен басталған ғой. Қызыл дипломды
қыз өткір болған. Жиналыста қарсыласының кім екенін білместен,
пікір таластырып та қалған. Сол жиналыста бір дуалы ауыздан: «Жа-
нып тұрған бала екен», – деген сөз шығып кеткен. Бірақ бұл сөзді
маған апай айтқан жоқ, бұдан біраз жыл бұрын жазушылар арасын -
дағы бір сөз иінінде үлкен бір жазушы ағамыз айтқан. Ол кісінің
аты-жөні – Қазақстан халық жазушысы Əбу Сəрсенбаев. Мен Рəбиға
апайдың əкесінің де 1937 жылы сталиндік зұлмат құрбаны болғанын
осы жолы білдім.
– Шахаң екеуміздің отандасуымыздың да бас себебінің өзі осы, –
деп, күледі ғалым апамыз. Атақты Дездемонаның Отеллоға айтатын:
«Я его за муки полюбила!» деген сөзінің тап осы арада алдымнан
шығатынын мен қайдан білейін... Тек осы сөз есіме түскеннен кейін
ғана осы очерктің аты да тіліме өзінен-өзі орала берді...
«Қазақстан əйелдері» газеті, 1993, №12.
Достарыңызбен бөлісу: