Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет1/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   170


ƏОЖ 811.512.122
КБЖ 81.2 Қаз
С 94
Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі
Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің
тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен 
қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» 
аясында шығарылды
Жалпы редакциясын басқарған: 
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, 
ҚР ҰҒА корр. мүшесі, филол.ғ.д., проф. Е. Қажыбек
Пікір жазғандар: 
филол.ғ.д., проф. Г. Смағұлова; филол.ғ.д., проф. Ж. Дəулетбекова
Редакция алқасы: 
ҚР ҰҒА академигі Ө. Айтбайұлы, филол.ғ.д., проф. Т. Жанұзақов, 
филол.ғ.д., проф. Б. Əбілқасымов, филол.ғ.д., проф. К. Хұсайын,
филол.ғ.д., проф. Ə. Жүнісбек, филол.ғ.д., проф. С. Бизақов, 
филол.ғ.д., проф. Ж. Манкеева
Жауапты редактор: 
филол.ғ.д. О. Жұбаева
Жауапты шығарушылар: 
А. Шормақова, Т. Рамазанов, Ə. Ахмет
 
 
Сыздық Р. 
 
ТІЛ-ҒҰМЫР.  Ғылыми мақалалар жинағы. – Алматы: А. Байтұрсынұлы 
атындағы Тіл білімі институты, 2018. – 344 бет.
 ISBN 
978-601-80746-1-5
Кітапқа  көрнекті  тіл  маманы,  ҚР  ҰҒА  академигі  филология  ғылымдарының 
докторы, профессор Рəбиға Сыздықтың өмірі мен ғылыми шығармашылығы туралы 
очерк, ғалымның қазақ əдеби тілінің тарихы, тіл мəдениеті, лингвостилистика, поэзия 
тілі,  алаш  арыстары,  тілдік  норма  т.с.с.  бойынша  зерттеу  мақалалары,  сұхбаттары, 
əріптестері мен шəкірттерінің ғалым еңбектеріне берген пікірлері сараланып енгізіліп 
отыр. Сондай-ақ зерттеушінің əр жылдары түскен фотосуреттері де берілген. 
Кітап жалпы көпшілік қауымға арналған.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ƏОЖ 811.512.122
 
 
 
 
 
 
 
 КБЖ 81.2 Қаз
© Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне 
спорт министрлігі Тілдерді дамыту жəне 
қоғамдық-саяси жұмыс комитеті, 2018
© Сыздық Р., 2018
ISBN 978-601-80746-1-5
С 94


3
Тіл-ғұмыр
АЛҒЫ СӨЗ
Елбасының  «Қазақстанның  үшінші  жаңғыруы:  жаһандық  бəсе -
кеге  қабілеттілік»  атты  Қазақстан  халқына  жолдауы  мен  «Бола-
шаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының 
мазмұнына сай рухани жаңғыруды жүзеге асырудың негізгі тірегі – 
тіл.  Осымен  байланысты  ойлау  жүйеміз  бен  төлтума  қазынамыз-
дың  тілде  сақталған  елдік  сана  рухын  жаңа  заманның  деңгейіндегі 
рухани-ақпараттық  жүйеге  ендіріп,  əлемдік  ақыл-ой  кеңістігіне 
жол ашатын құралы жаңа қазақ əліпбиі болып табылады. 
Осы маңызды мемлекеттік мəселені іске асыруға ұйытқы болып, 
оны  болашақта  түпкілікті  жалғастырушы  негізгі  тілші-мамандар 
шоғырланған  қазақ  тіл  білімінің  ғылыми-теориялық  мəселелерін 
іргелі  жəне  қолданбалы  зерттеулер  деңгейінде  шеше тін  республи-
кадағы  жетекші  ғылыми-лингвистикалық  орталық – Ахмет  Бай-
тұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты екені белгілі.
Осы  Институттың  іргетасын  қалап,  Қазақстан  тіл  ғылымы 
мен мəдениетін халықаралық деңгейде танытқан, түркітануға елеу-
лі  үлес  қосып,  өзіндік  мектеп  қалыптастырған,  көрнекті  ғылым 
қайраткерлері,  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  ғылым  академия -
сының  академиктері – Əбдуəли  Туғанбайұлы  Қайдар,  Рəбиға 
Сəтіғалиқызы Сыздық, Шора Шамғалиұлы Сарыбаев.
Қазақ  елінің  ғылым,  білім  саласындағы  осындай  айтулы  тұлға-
лардың,  қоғам  қайраткерлерінің  ғылыми-танымдық  тəжірибесі 
зиялы  жəне  ғылыми  ортада  жоғары  бағаға  ие  болып  келеді.  Абыз 
ғалымдарымыздың  өнегелі  өмірін  жан-жақты  насихаттау  үшін 
Ахмет  Байтұрсынұлы  атындағы  Тіл  білімі  институтының  ұжымы 
«Тіл-ғұмыр»  атты  жинақ  шығару  туралы  бастама  көтеріп  отыр. 
Осындай  ізгі  жұмыстың  көшбасын  ғибратты  ғылыми  ғұмырлары 
тіл  құдіретімен  жəне  халық  тағдырымен  тамырлас,  бүгінде 90-
ның  төрінен  орын  алған  шын  мəніндегі  «халық  академиктері» 
Əбдуəли  Қайдар,  Рəбиға  Сыздық,  Шора  Сарыбаев  сынды  ғалым-
абыздарымыздың тұлғатануынан баста ғанды жөн көріп отырмыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет