Рəбиға Сыздық
бектерін таза орыс тілінде жазуы, араб, парсы, ағылшын, неміс, көне
түркі, моңғол, грузин, чуваш, коми тілдерін меңгеруі, ақындық, жур-
налистік, суретшілік, режиссерлік қыры мен психология, логика,
музыка, физиологияға қатысты мол білімін танытуы сияқты қыр-
ларын қалың жұртшылыққа таныстыру арқылы шын мəнінде тұлға
тұтастығы қалай танылатынын ұқтырады. Осылайша қазақ рухания-
тында өзіндік орны бар тұлғалардың лингвистикалық жəне жалпы
шығармашылығын зерттеу ісін олардың ғылым мен қоғамдағы алар
орны мен қосқан үлесін саралай отырып зерделеу, тағылымдық
жақтарын ашу, бағалау арқылы «Тұлғатану» ілімінің рухани, таным-
дық қуатының қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.
Алайда таланты мен ғылыми қарымына М.Əуезов, Ғ.Мүсірепов,
Қ.Аманжолов сияқты ұлт зиялылары өткен ғасырдың орта шенін -
де-ақ тəнті болған Р.Сыздық еңбектерінің бүгінгі таңда зерттелу
мəселесі қай деңгейде? Өкінішке қарай, бұл мəселе көзі тірі өзге де
ғалымдарымыз секілді мерейтой қарсаңындағы кезекті баяндамалар
мен көлемді мақалалар шеңберінен асып кете қойған жоқ. Осы олқы -
лықтың орнын толтыру мақсатында еліміздегі бірегей оқу орында-
рының бірі – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
елімізге белгілі тұлғалар есімін, əсіресе ғылым, білім саласында
еңбек еткен ғалымдардың есімін бүгінгі ұрпаққа таныстыру ісін қолға
алып келеді. Жуырда ғана университеттің ректоры Д.Ж. Нөкетаева-
ның басшылығымен оқу орнының 70 жылдығына орай жоспарланған
«70 жылдыққа 70 мерейлі іс-шара» бағдарламасы бойынша «ана
тіліміздің абыз-анасына» айналған Рəбиға апайға арнап «Акаде-
мик Рəбиға Сыздық атындағы» дəрісхана ашылды. Кабинет ашу тек
көркем безендіру емес, үлкен шығармашылық ізденісті талап ететін
жұмыс. Р.Сыздық сияқты көпқырлы ғалымның тұлғалық сипатын
ашу, оның ғылымдағы, өмірдегі ғибратты жолы мен азаматтық пози-
циясын таныту, ғалымның өзімен қатар қызмет еткен, соңынан келе
жатқан тілші, əдебиетші, əдіскер ғалым қыздардың өнегесін студент-
тер мен магистранттарға үлгі ету үшін Қазақ тіл білімі кафедрасы -
ның ұжымы, оның ішінде М.Қ. Қанабекова, Г.Қ. Қайдарова сияқты
шəкірттері айрықша еңбек етті. Ғалымның ғибратты өмір жолы
«Өмір өрнектері» айдарында топтастырылса, ғылыми-зерттеу бағыт-
тары абайтану, алаштану, түркітану, қазақ əдеби тілінің тарихы, линг-
востилистика, орфография, орфоэпия, лексикография т.т. салаларға
топтастырылып берілді. Осындай сан салалы еңбегіне орай фило-
логия феноменіне айналған ірі зерттеушінің шынайы табысының,
еңбегінің жанғанының дəлелі ретінде үкімет тарапынан алған ма-
рапаттары қамтылды. Сол сияқты ғалым Рəбиға Сыздық тұлғасын
319
Тіл-ғұмыр
танудың негізгі қырлары «Қайраткер ғалым», «Ұлағатты ұстаз»,
«Ұлт жанашыры», «Абыз ана» айдарымен түрлі фотосуреттер ар -
қылы айғақталса, «Тілтолғам» айтарында ғалымның ана тіліне, əде-
биетке, тұлғаларға қатысты айтылған түйінсөздері мен ұрпағына
айтар өсиеті топтастырылған. Ал «Замандас лебізі» айдарында ғы-
лымдағы алғашқы қадамына М.Əуезов, Ғ.Мүсірепов, Қ.Аманжолов
сияқты əдебиеттің ақтаңгерлерінің берген бағасы мен кейіннен
Əбіш Кекілбаев, Əбдуəли Қайдар, Өмірзақ Айтбай, Мұхтар Құл-
Мұхамед, Фаузия Оразбаева сынды қоғам қайраткерлерінің жүрек-
жарды лебіздері берілген. Дəрісхананың ашылу салтанатына қатыс-
қан А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты мен еліміздің
іргелі оқу орындарының белгілі ғалымдары, қоғам қайраткерлері,
ғалымның шəкірттері бұл күні тек дəрісхананың ғана тұсауы кесіл -
мей, «Рəбиғатану» деп аталатын ілімінің де тұсауы кесілгенін
айтып жатты.
Сол сияқты осы университет қабырғасында филология ғылым-
дарының кандидаты Ғ.Б. Шойбекованың жетекшілігімен «Академик
Рəбиға Сыздықтың лингвистикалық мұрасы» атты (Ə.Исламова)
магистрлік диссертация қорғалып, оны осы мерейтой аясында Мем-
лекеттік тілді дамыту институтының қолдауымен кітап етіп ұсынып
отыр. Бұл да «Тұлғатану» ілімінің бір саласы «Рəбиғатануға» қосыл -
ған алғашқы қадамдардың бірі.
Осы тұста өзі де Абай, Дулат Бабатайұлы, Махамбет, Шəкəрім,
Жамбыл, А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, М.Əуезов т.т. тұлғаларды
тануға үлес қосқан ғалымның өзі де тұлғатану ілімінің нысанына
айналуы заңды құбылыс деп санаймыз. Өйткені Рəбиға Сəтіғали-
қызының қаламынан туған сан салалы еңбектерінің тео рия лық,
методологиялық, таным дық, қолданбалық əлеуеті зор, сондықтан
бұл мұра əлі де талай ұрпаққа қызмет етері сөзсіз.
Əдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ə. Жасай бер, Тəуелсіз Қазақстан // Егемен Қазақстан. – 1998. –
16 желтоқсан.
2. Сыздық Р. Абай жəне қазақтың ұлттық əдеби тілі. – Алматы: Арыс, 2004. – 613 б.
3. Сыздық Р. Ясауи «Хикметтерінің» тілі. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2004. – 550 б.
4. http: //old.abai.kz/
5. Сыздық Р. Ғалым – азамат. – Алматы: Қазақстан, 1966.
Түркітану мен қазақ филологиясының дамуы:
ғылыми мұра жəне ғалым феномені.
Халықаралық ғылыми-теориялық конференция
материалдары. – Алматы, 2014.
320
Рəбиға Сыздық
Достарыңызбен бөлісу: |