Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет26/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   170
Рəбиға Сыздық
(тіпті,  ол  біздің  заманымызға  дейін  жетіп  отыр), «оның  тілі  əдеби 
тіл  санатына  кіреді»  деп  табамыз  (бұл  пікірді  тұңғыш  ұсынушы  біз 
емеспіз,  жоғарыда  көрсеткендей,  өзге  біраз  зерттеушілер  де  осылай-
ша таныған-ды). Бұл тілді, бір жағынан, ауыз əдебиеті тілінен, екінші 
жағынан,  жазба  əдеби  тілден  айырып  тану  үшін  біз  оған  «қазақтың 
жазба алдындағы (орысша: «предписьменный») əдеби тілі» деген атау 
ұсынамыз.  Əрине,  ең  қолайлысы – «ауыз  əдеби  тілі»  деген  атау  бо-
лар, бірақ бұдан қашып отырған себебіміз: «халық ауыз əдебиеті тілі» 
деген ұғыммен шатастыру қаупі барлығында. Онсыз да екеуін қосып 
жіберіп,  бір  қазанда  қайнатып  жүрген  жағдайымызда  «екеуінің  тілі 
ең  болмаса  термин  жағынан  бөлектеніп  тұрса»  дегенді  көздедік. 
Жазба  алдындағы  əдеби  тілдің  қазақтың  жазба  əдебиет  тілінен 
айырмашылықтары  мен  жақындықтары  жəне  бар.  Оның  жоғарыда 
көрсетілген ауыз əдебиеті тілімен жақын келетін сəттері, бір жағынан, 
жазба тілден ерекшеленетін белгілері болып шығады, екіншіден, жаз-
ба алдындағы əдеби тілдің арнасы мен үлгілері жазба тілге қарағанда 
əлдеқайда  тар,  үшіншіден,  жазба  алдындағы  əдеби  тілдің  стильдік 
тармақтарға  бөлінуі  жазба  тілмен  салыстыруға  мүлде  тең  келмейді. 
Жазба  алдындағы  əдеби  тіл  негізінен  көркем  поэзия  мен  ішінара 
əдет-ғұрып  заңдары  (билер  сөздері,  немесе  шешендік  сөздердің  дені 
қазақтың  əдет-ғұрып  (заңның  жазылмаған  «статьялары»  іспетті) 
түрінде  (стилінде)  ғана  өмір  сүріп  келеді,  оның  көркем  проза,  пу-
блицистика,  қоғамдық-саяси,  ғылыми  стильдері  болмады.  Ең  үлкен 
айырмашылық  бұлардың  таралу,  сақталу  əдісінде.  Жазба  алдындағы 
əдебиет, негізінен, ауызша таралады, ауызша сақталады. Ал жазудың 
болу-болмауы – біздіңше,  ақын-жыраулар  тілін  жазба  тілден  ажыра-
татын бірден-бір белгі емес.
Осы  айырмашылықтарды  көрсету  үстінде  жол-жөнекей  айтып 
отырған  ескертулеріміз,  бір  жағынан,  қазақтың  жазбаға  дейінгі  ав-
торлы  əдебиетінің  тілінде  жазба  тілге  тəн  кейбір  белгілердің  де 
болғандығын  жəне  танытады.  Сондықтан  қазақтың  жазба  əдеби  тілі 
тұтқиылдан, айталық, Абай мен Ыбырайдың шығармаларынан немесе 
кейбір зерттеушілер атағандай, «Түркістан уалаяты газеті» мен «Дала 
уалаяты  газеттерінің»  алғашқы  нөмірлері  шыққан  күннен  басталған 
емес. Рас, ХІХ ғасырдың екінші жартысында ол белгілі бір ізге түсті. 
Ыбырай, Абай сияқты ірі қаламгерлердің творчествосы мен қызметі, 
баспасөздің  пайда  болуы,  діни  жəне  азаматтық  əдебиеттің  едəуір 
дамуы. Мұрат, Омар, Шəңгерей, Біржан, Ақан, Ақмолда, Базар, Май-
лықожа т. б. сияқты жазба ақындар шығармаларының біртіндеп баспа 
бетін көруі жəне ауызша кеңінен таралуы (мүмкін, ішінара қолжазба 
түрінде тарауы), қазақ қауымының оқу-ағарту, мəдени өмірінің едəуір 


57
Тіл-ғұмыр
жандана жəне демократтана түсуі, тағы басқа да осылар сияқты көп-
теген факторлар себепкер болғаны айтылып келеді. Ал жаңа кезең – 
қазақтың  жазба  əдеби  тілінің  жаңа  сападағы  белгілерге  ие  болған 
дəуірі, «кітаби тіл» дегеннен арасын ашып алған дəуірі, əдеби тілдің 
əлеуметтік  қызметінің  кеңейе  түскен  тұсы,  стильдік  тармақтарға 
бөліне  бастаған  шағы,  қысқасы,  ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысы – 
жалпы қазақ əдеби тілінің емес, қазіргі əдеби тіліміздің басы.
Қазіргі қазақ əдеби тілінің жазба жəне ауызша түрі бар. Тегі, «ауыз 
əдеби  тілі»  деген  атау  мен  «ауызша  əдеби  тіл»  деген  терминді  ша-
тастырмау  керек.  Ауызша  əдеби  тіл – əдеби  тілдің  ауызекі  сөйлеуде 
қолданылатын түрі, мысалы, біз топ алдында сөйлегендей (жиналыс-
тарда, радио мен телевидениеде, лекция оқығанда, сабақ бергенде т.т.) 
айтпақ ойымызды күнделікті қарапайым ауызекі сөйлеу тілімен емес, 
əдеби  тілмен  жеткізуге  міндеттіміз.  Ал  «ауыз  əдеби  тілі»  деген  тер -
минмен халық ауыз əдебиетінің тілін атау керек. Бұл жерде біз қазақ-
тың бай ауыз əдебиеті тілін де «əдеби тіл» деп танимыз.
Сөйтіп,  қазақтың  əдеби  тілі  ауыз  əдеби  тілі,  жазба  алдындағы 
əдеби  тілі,  жазба  əдеби  тілі  деген  түрлерге  бөлінеді.  Жазба  əдеби 
тілдің  өзі  ортаазиялық  түркі  тіліне  сүйенген  «кітаби  тіл»  атанған 
түрі  мен  қазақтың  қолтума  жазба  алдындағы  əдеби  тілінің  жал -
ғасы  ретінде  дамыған,  ХІХ  ғасырдың  орта  тұсынан  басталатын 
түрі  болып  жəне  екіге  бөлінеді.  Біздіңше,  жазба  əдеби  тіліміздің 
соңғы  түрі  мен  оның  ұлттық  дəуірінің  қалыптасуы  тұтас  келеді,  мұ -
ның заңды жалғасы – əдеби тіліміз.
 «Қазақ əдебиеті» газеті, 
1980 жыл, 28 март.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет