Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет33/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   170
– Ол еңбегіңізге қаламақы төлей ме?
–  Жоқ.  Олардың  заңдары  бойынша,  авторлардың  еңбегіне  ақы 
төлемейді.  Қаламақы  төлеу  үшін  кітап  шығаруы  тиіс  көрінеді.  Сол 
үшін  журналға  басып  шығады.  Еш  уақытта  «қиын  болып  жатыр» 
деп  жазған  емеспін.  Өзімнің  істеген  ісімнен  өзім  рақаттанам.  Кейде 
өзімнің  жазғанымды 10 жылдан  кейін  оқысам: «Мен  жаздым  ба?» – 
деп таңғалатын кездерім де болады.
–  Тілімізде  айтуға  ауыр,  стаж – өтіл,  класс – сынып  дегендей 
аудармалар  қаптап  жүр.  Осындай  сөздердің  көбеюіне  «тер  төгіп» 
жүрген терминологтардың еңбегіне көңіліңіз тола ма?
–  Аудармалар  бірден  қалыптасып  кетпейді.  Басында  екі-үш  нұс -
қасы  болады  да  соңында  біреуі  ғана  қалады.  Ал  сəтті  шыққандары 
бірден  қалыптасып  кетеді.  Бұл  мəселе  ақпарат  құралдарына  байла-
нысты.  Солар  күнде-күнде  құлаққа  құя  берсе,  қалыптаспай  қайтеді? 
Мысалы,  арақ  ішпеу,  темекі  шекпеуге  байланысты  «салауатты  өмір 
сүрейік»  деген  ұран  шықты.  Осы  салауат  деген  сөздің  қолданылуы 
мүлдем дұрыс емес. Ол – арабтың сөзі. Қазаққа мүлдем қатысы жоқ. 
Біз  бір  кездері  араққа  қарсы  шығып,  тойымызды  арақсыз  өткізіп 
жүрдік  қой.  Сол  кезде  осындай  бір  термин  керек  болды  да  «сала-
уат»  сөзі  сол  ұғымның  орнына  қолданылып  кетті.  Араб  тілінде  бұл 
сөздің  бір  мағынасы  «кешірім»  дегенге  келеді.  Сонда  қазақшаласақ: 


69
Тіл-ғұмыр
«ішсең де кешіреміз» деген болып шығады. Сондықтан бұл сөз мүл-
дем дұрыс қолданылып жүрген жоқ. Дəл сөз табылмады. Енді бұрын 
салтымызда ішу, мас болу деген болмаған ғой. Мүмкін соның да əсері 
шығар. Күнде-күнде айтыла берген сөз болса да, қалыптасып кетеді. 
Орыс  тілінен  тікелей  аударуға  келетін  сөздер  болады.  Халықаралық 
терминдердің бəрін аудара беруге болмайды. Белгілі бір ғылыми тер-
миндер  күнделікті  тұрмыста  қолданылатын  аударуға  бейім  сөздер 
болады.  Араб-парсы  тілдерінде  бір  сөздің  бірнеше  мағыналары  бар. 
«Майдан»  деген  сөздің  парсы  тілінде  алты  мағынасы  бар.  Соның 
бірі – «көгал»  деген  мағынаны  білдіреді.  Ал  бізде  майдан  «ұрыс» 
деген мағынада ғана қолданылады. «Қыз Жібек» дастанында Төлеген 
ұшып бара жатқан құсқа: 
Қонар болсаң, жануар, 
Міне – майдан, міне – саз, – 
дейді  ғой.  Осындағы  майдан  дегені  «көгал,  саз»  дегеннен  шыққан. 
Майдан  дегенді  «соғыс  алаңы»  деп  тұрған  жоқ.  Сондай-ақ  «и» 
жұрнағы  бар  «тарихи», «əдеби»  деген  сөздерді  Мұхтар  Əуезов  мо-
йындамай  кетті.  Ол  сөздерді  əдебиеттік,  тарихтық  деп  көрсеткен. 
Тəуелсіздік алған жылдары орыс терминдерінен арылу үрдісі бастал-
ды.  Орыстардың  терминдерінен  құтылудың  жолы  тілге  байланыс-
ты  болды.  Пейіл  дұрыс.  Бірақ  орыс  термині  деп  жүргеніміздің  бəрі 
олай емес қой. Арасында халықаралық терминдер де бар. Президент, 
депутат  дегендер  ортақ  болып  қала  береді. «Орыстың  сөздерінен 
құтылсақ»  деп  жүргенде  министрді  уəзір  деп  соқтық.  Осылардың 
ішінде  орыс  тілінен  енген  сөз  деп  кластың  орнына  сынып  деп  жүр -
міз.  Бұл – арабтың  сөзі.  Бір  шет  тілді  сөзден  екінші  шет  тілдің  несі 
артық?  Араб  пен  орыс  араласып  көрген  емес. 10 жыл  класс  деп 
келгенімізді  сынып  деп  өзгертіп  алу  ақылға  сыймайды.  Ал  ол  неге 
сіңіп кетті. Неге? Көкем-ау, елімізде неше мың мектеп бар, оның одан 
да  көп  мұғалімі  бар.  Соны  күнде-күнде  айта  берсе,  сіңбегенде  қай-
теді.  Сол  сияқты  өткенде  бір  газеттен  «көп  сөздің  аудармасы  былай 
болса екен» дегенге келіңкірейтін мақаланы оқыдым. Сонда: «Робот-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет