35
ғалымдардың ашқан жаңалықтарын сараптай отырып, шумер-
лер атты ежелгі халықтың мыңдаған ғасырлық тарихы мен
адам таңқаларлық жетістіктерін, жоғары мәдениетін, жазуы
мен әдебиетін, наным-сенімін кітап етіп шығарып, қазақ тілін-
дегі оқырмандарға жеткізуді ойладым.
С.Крамердің «Мифология шумеров. Мемуары Американс-
кого философского общества XXI века» деген еңбегі жарық
көргеннен кейін шумерлердің мәдениеті мен әдебиетіне әлемнің
назары аударылды. Әлемдегі ең қиын сынажазулы ескерткіш-
тердің қатарына 3000-ға жуық фрагменттер мен кестелерден
тұратын шумерлік әдеби мәтіндер жатқызылады. Олардың бәрі
дүниежүзінің мұражайларына таралып кеткен, бірақ үштен екісі
Филадельфия мұражайында сақталған.
Шумерлерге тән ерлік поэмалары Урук бірінші динас-
тиясын билеуші Күн құдайы Уту мен Инанна құдайының аға-
сына арнап жазылған. С.Крамердің көрсетуінше, шумерлердің 9
поэмасы-ның екеуі Энмеркарға, екеуі Лугальбандқа, бесеуі
Гильгамешке арналған. Үш батыр да Уруктың бірінші динас-
тиясының өкілдері болған. Энмеркар туралы поэма шумер әде-
биетіндегі ең көне жанр, 20 фрагменттер мен тақтайшалардан
тұрады. Ең толық тақтайша 600 жолдан тұратын мәтін 12 ба-
ғанға бөлінген. Бұл Стамбулдың Ежелгі Шығыс мұражайында
сақтаулы.
Поэма образды сөздерге толы, жауыздық пен мейірімділік
күштерінің арасындағы соғысқа арналады. Кейіпкерлері –
қарғысқа ұшыраған аңдар мен құстар бейнесіне түсірілген адам-
дар. Гильгамеш – Уруктың бірінші династиясының бесінші пат-
шасы. С.Крамердің атап көрсеткеніндей, шумерлердің мұрасы
«Энмеркар және Арат билеушісі» деп аталатын эпикалық поэма
Иран мен Ирак туралы жазылған, 600-ден астам
жолдан тұратын
мәтін 20 кестелер мен фрагменттерден құрылған. Бұл мұра
Стамбул мұражайында сақтаулы. Осы эпикалық повестің екі
басты кейіпкері – Энмеркар, билеуші, абыз. Шумерше Эн –
көне шумер қаласы Эрехтің билеушісі болған. Крамер осы мә-
тіндерді жинастырып, аударып, талдап, бастыру сияқты өте
ауыр міндетті атқарады. Оның «Шумерлер мифологиясы» атты
еңбегі, шумер діні мен мифологиясына негізделген. Ол