Туындыларын


“АБАЙ  Ж ОЛЫ ”  ЭПОПЕЯСЫН  ТӨМЕНГІ  СЫНЫІІТАРДА



Pdf көрінісі
бет16/51
Дата18.04.2022
өлшемі3,05 Mb.
#31354
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51
Байланысты:
bitibaeva kanipa mukhtar uezov tuyndylaryn mektepte okytu

“АБАЙ  Ж ОЛЫ ”  ЭПОПЕЯСЫН  ТӨМЕНГІ  СЫНЫІІТАРДА 
ОҚЫ ТУДЫ Ң  Ж О Л ДА РЫ
5-сы ны пта  эпопеяның  “Қайтқанда”  бөлімінің  2 8 -3 7 - 
беттері  бойынша  “Қанды  үкім ”  тақырыбымен  Қодар  мен 
Қ ам қа  өлім ін  оқы туға  болады .  Ең  алды м ен,  м ү ғал ім  
алдындағы негізгі мақсат — үзіндінің мазмүнын меңгерту, 
мәтінді  оқыту.  Көмек-нүсқау  арқылы,  мәтінді  алдын  ала 
үйге беруге болады.
Көмек-нүсқау мына м азм үнда болуы мүмкін:
— Қарашоқы қыстауының сипаты. ЬІрғызбайлардың 
оған қызығу себебі.
—  Жексен  аулындағы  жиын.  Қодар  мен  Қамқаның 
осында әкелінуі.
— Ж азаға дайындалған қара атан сипаты.
—  Қ ам қаны ң  сүрағы .  Қ амысбайды ң  арсы з,  пәле 
жапқан  жауабы.
— Қодардың алдындағы топ. Қүнанбай, Майбасарлар...
— Қодардың Қүнанбайларды өткір сөзбен масқаралауы.
— Қодарды түйеге асу.  Оның жаны қиналуы.
— Божейлер мен Қаратайлардың тіл қатысулары.
—  Қүнанбайдың  ж аң а  бүйрығы.  Қодарды  қүздан 
қүлату.  Тас  лақтырту.
— Абай мен Жиреншенің осы сүмдық үстіне тап болуы.
— Қүнанбай сүмдығының сыры. Ол туралы Бөжейдің 
пікірі.
Осы  сю жеттік  жоспар  арқы лы   оқуш ы ларды ң  үйден 
алдын  ала  оқып  келуін  ж үзеге  асыру  керек.  Сабақтың 
алғашқы кезеңінде осы көмекші-нүсқауды басшылыққа ала 
отырып,  әңгімелеу  әдісімен  үзіндінің  ж алпы   мазмүнын 
о қ у ш ы л а р д ы ң   қ а л а й   м ең гер ген ін   те к сер ге н   дүры с.
2 5


Оқушылар  жоспарды  басш ы лы ққа  ала  отырып  мазмүн- 
дайды, мүғалім толықтырып, көмектесіп отырады. Сабақтың 
екінш і  кезеңінде  мүғалім  белсенділік  көрсетеді.  Күрделі 
үғы м дар,  сөздерді  түсіндіреді.  М ысалы,  ш ариғат  заңы 
бойынша  туыс адамдар  арасындағы  үйлену,  ж ақындыққа 
салынатын қатаң тыйымға, оның дүрыстығына, бірақ атасы 
мен келіні арасындағы  өсектің шын  еместіғіне,  Қүнанбай- 
ларды ң  Қодар  мен  Қ амқаны   өлтіртуінің  басты  себебіне 
тоқталу керек. Сондай-ақ, “қара атан”, “шом”, “ж үзі қара”, 
“қы ры қ рулы ел”,  “қүн сүрау” деген сөздердің мән-жайын 
түсіндірген дүрыс. Ары қарай Қодар мен Қүнанбай, Бөжей, 
С үйіндік  арасы ндағы   д и ал о гті  үзіндіден  қ ай та  оқып, 
тү сін д ір м ел і  әдіс  а р қ ы л ы   м азм үны н  и герту  ж үм ы сы  
жүргізіледі. Әсіресе, диалогтерді мәнерлеп оқуға, оқушыға 
мәнерлетіп оқытуға көңіл бөлінеді. Мәтінмен толық жүмыс 
істеген соң, әңгімелеу әдісімен оны талдауға көңіл бөлінеді.
Әңгімелеу сурақтары:
1.  Қодар  мен  Қам қаны   Қүнанбайлардың  ж азалау 
себебі не?
2.  Ол  туралы   Бөж ей,  С үйіндіктердің  пікірі,  ойы 
қандай?
3.  Қодардың  өлер  алдындағы  ащы  сөзі,  ашу-ызасы 
қандай шындықтардың бетін ашып түр деп ойлайсындар?
4.  Қамқа  сүрағында,  оның  бірден  талып  қалуында 
қандай сыр жатыр?
5. Ж аны  қиналған Қодарға “қыры қ рулы елге қырық 
кесек тас” лақтыртудың іш кі есебі неде?
6.  Бөжей  мен  Сүйіндіктер  осы  ж азаны  қостай  ма? 
Қостамаса, оның сыры неде?
7.  Ж аза  өтіп  ж атқан ауыл,  оның адамдарының күй- 
ж айы қалай сипатталған?
Әңгімелесуден соң, үжымдық жүмыс арқылы мәтінмен 
мынадай жүмыс жүргізуге болады:
1.  Бірінш і  кезеңде  ж үптағы   бірінші  бала  Қараш оқы 
сипаты,  қара  атан  суреттелетін  ж ерлерді  тауып  оқиды. 
Екінші бала Қодарды түйеге асу баяндалатын жерді тауып, 
бір-біріне оқиды (мәтін көрсетіліп беріледі).
2.  Келесі  кезеңде  бірінші  бала  Қодарға  тас  лақты ру 
баяндалатын жерді, екінші бала Абайдың күй-жайын тауып, 
бір-біріне оқиды.
2 6


3. 
Осы тәсілмен Қодар — Қүнанбай, Сүйіндік—Бөжейлер 
арасындағы диалогтерге де көңіл бөлінеді.
Мәтінмен  осындай  ж үм ы с  атқары лған  соң,  м үғалім  
төмендегі сүрактарды қоя отырып, әрі қарай талдау жүмысын 
жүргізеді.
1.  Қодардың  Қүнанбайға:  “Ел  ж үртқа  масқара  етіп, 
қор  етіп,  анау  соқыр  көзіңнің қүнын  менен алайын деп 
пе едің?” дегенін қалай түсіндірер едіңдер?
2.  Қодардың:  “Иә,  мен  көк  ит  болсам,  сендер  көп 
итсіңдер!  Ж абыларсың,  таларсың  да  жерсің!”  —  деген 
сөзінің мәнінде қандай ой жатыр?
3.  “Ақ,  қарамды  тексермедің бе,  өңшең қан  жүтқан, 
қара бет?” — деген Қодар сөзі қандай шындықтың бетін 
ашады?
4.  Қүнанбайдың: “Енді анау кәпірден өз жанымызды 
ақтап, аулақ әкету үшін, қырық рудың қырық кісісі кесек 
атсын!” — деген бүйрығының мәнін түсіндіріндер.
5. “Ш ариғаттың шын бәлесін түпке сақтапты ғой. Бүл 
шариғат  та  айлаға  қүры қ  бере  беретін  болды  ғой.  О  да 
Қүнанбайдың қойны-қоншында десеңші” деген Қаратай 
сөзінің тереңінде не жатыр?
6.  “Бөкенші,  Борсақ қаш ан айттың деме,  шылбырды 
Қодар  мойнына  салған  жоқсың.  Бүйырса,  осыменен  өз 
мойныңа  да  салған  боларсың,  ж азға н ”  деген  Бөж ей 
сөзінен не аңғарасыңдар?
Мәтінге сүрақ қою — оны мазмүндатудың маңызды бір 
жолы. Оның үстіне әңгімелесу, пікірлесу, тіпті, мазмүндату 
да  ж ал п ы лам а  түсінік  емес,  нақты ,  ойлы,  әрі  деректі 
мысалдар арқылы оқушыларды жетелеуге таптырмайтын 
әдіс.  Мәтінді талдауға  оқушыны  төменгі сыныптан бастап 
ж етелеу  керек.  Ө кініш ке  орай,  4—8-сынып  әдебиетін 
әдебиеттік оқу, мазмүндау, әңгімелеу түрінде ғана өту керек. 
Талдау  бүл сыныптарда  ертерек деген  пікірлермен де  ж иі 
кездесеміз.  Математика  сабағында  қосу  мен  алу,  көбейту, 
бөлуді  жоғары  сыныптарда  оқыту  керек  деп  ешкім  айта 
алмайды.  Ал  әдебиет  сабағы  —  сөз  өнері  сабағы  болса,  ең 
басты  мақсат  —  көркем  сөздің  мәні,  мағынасы,  қуаты н 
таныту.  Оны  неге  біз  жоғары  сыныптар  үлесіне  қалдыра- 
мыз. Әрине, талдау әр сыныптағы әдебиеттен берілетін білім
2 7


мен дағды талабына бағынады, окушының жас ерекшелігін 
ескереді. Төменгі сыныптан бастап мәтінмен жүмыс жүргізу, 
сөз  куатын  таныту  әдебиетті  оқытудың  ең  басты  мақсаты 
болуы керек.
Әрине,  ж оғары дағы   мәтінмен  ж үм ы ста  м үғалім   өзі 
көмекке келіп отырады. Сүрақ қоя отырып, мәтінге үңілдіре 
отырып,  мүғалім  оқушыны  ойландырады,  таным  белсен- 
ділігін дербестендіруді талап етеді. Оқушымен бірігіп, ж аңа 
білім беруді, икем-дағдыларын жетілдіруді жүзеге асырады. 
Осы үзіндідегі ең негізгі, ең басты мәселенің бірі — Абайдың 
ж аза  үстіне  тап келуі,  ж ас  баланың сүмдық  шошынуы,  өз 
ортасы,  әкесінің  қатал  іс-әрекеттерінен  жиренуі.  Келесі 
сабақта  м үғалім   осы  оқиғаға  ерекш е  назар  аударады. 
Ж үпты қ жүмыс арқылы   оқуш ылар  Абайдың ж аза  үстіне 
келуін,  іс-әрекетін  оқып,  меңгереді.  Ж үптарға  төмендегі 
үлгіде көмек-нүсқаулар үсынылады (оқушылар оны басшы- 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет