ҚОРЫТЫНДЫ
Біз бүл еңбекте М.Әуезов ш ы ғарм аш ы лы ғы н окыту
мәселелерін түгелдей сөз етпедік. Өйткені “Әдебиет пәнін
оқытудың тиімді ж ол д ар ы ” (1991), “М.Әуезов шығар-
м аш ы лы ғы н о қы ту ” (1994) атты еңбектерде ж азуш ы
мүрасын оқытудың келелі мәселелеріне тоқталғанбыз. Екі
еңбекте де жоғары сыныпта оқыту жолдары қарастырылған
болатын. Үсынылып отырган бүл еңбекте үлы жазушының
шығармаларын, әсіресе, 5—8-сыныптарда оқытудың өзекті
мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. “Абай жолындай” ірі
туындыны төменгі сыныптан бастап оқытудың бағдар-
ламасы мен әдістемесі сөз етілді. Үжымдық оқыту мәселесіне
көбірек мән берілді. Сондай-ақ, ж азу ш ы әңгім елерін
оқытудың да тиімді әдістемесі үсынылып, бүрын оқытылып
келген ш ығармаларын оқушыға жеткізудің бағдарламасы
мен тиімді әдістемесінен ізденістер ортаға салынды. Жазушы
мүрасы ғасы рдан ғасы рға ж асай бермек. А л оны ж ас
үрпаққа ж еткізу айналасындағы ізденістер де толастамақ
емес. Бүл еңбек үстаздар қауымына, студент, шәкірттерге
тәжірибе ж инақтауға көмегін тигізер деген сенімдеміз.