Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет23/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

АРА-ТҰРА. Бұл қос сөздің мағынасы айқын: ол «кей-кейде, ан-

да-санда» деген мағынаны береді. Ал жеке-жеке қолданыста ара сөзі 

көрсетілген  мағынаға  біршама  қатысты  болғанымен,  екінші  тұра 

сыңарының оған жақындығы жоқ екені көрінеді. Көне замандардағы 

ата-бабаларымыздың  қолданысында  арата-арата  сөзі  «анда-сан-

да, мезгіл-мезгіл» деген ұғымда жұмсалған екен (ДТ, 50). Бұл тұлға 

айтыла  келе  ара-тұра  болып  кетпеді  ме  екен  деген  ойға  қаламыз. 

Әрине,  бұл  да  –  жорамал  және  «ішек-қарны  көрініп  тұрған»  тым 

жеңіл жорамал, әрі қарай іздестіру – алдағы міндет.



43

АРУ.  Қазірде  тілімізде  бар  ару  сөзін  ертедегі  қазақ  әдебиеті 

нұсқаларынан жиірек кездестіреміз. Мұнда бұл сөз екі түрлі ұғымда 

келеді: бірі – әйел, қыз деген сөздерден бұрын тұрып, «сұлу, сүйкімді», 

«абзал,  ардақты»  дегенді  білдіреді  немесе  жеке  тұрып  «сұлу  қыз, 

сүйікті әйел» деген мәнде жұмсалады. Доспамбет жырау өзі туралы 

толғауының бір жерінде:

Алғаным Әли ағаның қызы еді, 

Қас арудың өзі еді. 

Маңдайы күнге тимеген, 

Желге шашы үрмеген, 

Серпіліп адам бетін көрмеген, – 

дейді.  Сонымен  қатар  XV-XVII  ғасырлардағы  нұсқалардан  ару  ат, 



ару ұл, ару батыр деген тіркестерді ұшыратамыз. Шобанда:

Ақтабан ару торы ат жайлаған...

Шалкиізде:

Айсұлдың ару Әметі тұрғанда... 

Айсаның ару ұлы Қолай бар.

Бұл күнде ару ат, ару жігіт деген тіркестер құлаққа жат естіледі. 

Қазірде ару сөзі әйелге, көбінесе сұлу жас қызға қатысты қолданылса, 

ертеректе  ару  сөзінің  «пәк,  таза,  кіршіксіз»  және  діни  ұғымдағы 

«әулие,  ие»,  осылардан  барып  «игі,  мінсіз,  игілікті,  асыл,  күнәсіз, 

пәк»  деген  ауыспалы  мағыналары  пайда  болған.  Сондықтан  көне 

түркі ескерткіштерінде арығ тон (таза киім), аруғ азуқ (адал тамақ), 

қылқы аруғ (мінез-құлқы игі), ару күмүш (таза, қоспасыз күміс) де-

ген тіркестерді көреміз. Көне түркі тілдеріндегі аруғ қызлар тіркесі 

осы күнгі қазақ тіліндегідей жалпы «сұлу қыздар» емес, «күнәсыз, 

пәк  қыздар»  деген  ұғымда  келеді.  Орта  ғасырлардағы  түркі  жазба-

ларында  да  ару  (ары,  арығ,  аруғ,  арық)  сөзінің  «таза,  кіршіксіз», 

«әулие, игі» мағыналары сақталған. Мұнда да ары тон (таза киім), 



ары гәуһар (шынайы гауһар), арық гүл (таза гүл), арығ сув (таза, ағын 

су), арығ сифат (игі сипат) деген тіркестерді көреміз. Бұл сөз, тегі, 

тек түркі емес, түркі-монғол тілдеріне ортақ ежелгі сөз болу керек. 

Өйткені монғол тілінде де ариг сөзі «таза» мәнін береді. Монғолша 



ариг ус – ауыз ту (таза, ішуге келетін су), арила(х) қазақша арула(у) 

«тазарту, тыйылу (жауынның ашылуы), жойылу, жоғалу» мағынасын 

береді, ариун – 1) «киелі, әулие, таза, адал, 2) үсті-басы таза жүретін» 

деген мәндегі сөздер.

Жоғарыда қазақ өлеңдерінде кездескен ару сөзінің жылқыға және 

ер адамға қатысты айтылған сәттері бұл сөздің көне мағыналарының 

қазақ тілінде де қолданылғандығын танытады. Дегенмен ару сөзінің 

көне  мағыналарының  баршасы  қазақ  тілінде  біз  сөз  етіп  отырған 

дәуірлерде-ақ  сақталмаған.  Мысалы,  бұл  сөздің  су,  киім,  тамақ 



44

сияқтыларға қатысты қолданылуы келдеспейді. Тек адам мен онық 

жан  серігі  –  жылқыға  байланысты  қолданысын  көреміз  және  «игі, 

мінсіз» дегеннен ауысқан «өте жақсы, абзал» деген мәндерде келгенін 

байқаймыз.

Ару  түбірінен  жасалған  туынды  сөздер  де  ұмытылған,  мысалы, 

арусыну, арулық сөздері бұл күнде жоқ. Немесе ару сөзінің қолданылу 

аясы  тарылып,  белгілі  бір  тіркесте  ғана  сақталған.  Ол  –  арулау 

етістігі. Бұл сөз өлікті «ақ жуып, арулап қою (көму)» тіркесінде ғана 

қолданылады. Өлікті арулап таза жудыру тіркесі қырғыз тілінде де 

бар. Ол тіркес «өлікті тазалап жуу» деп түсіндіріледі (Юдахин, 71). 

Ал қазақ тілінде өлікті арулап жуу, таза арулау, арулап көму (қою) 

тіркестері бар. Сірә, мұнда «тазалау», «тазалап жуу» мәнімен қатар 

(ол мәнді ақ жуу тіркесі де береді), «қастерлеу, әулие тұту» мәні де бар 

тәрізді. Өйткені ару түбірінің діни ұғымдағы бір мағынасы «әулие», 

«құдайы», осыдан өлген адамдарды арулап көму – оны әулие тұтып, 

Құдайдай  қастерлеп  жерлеу  дегенге  де  саяды.  Бұл  сөздің  «әулие, 

әулиедей қастерлі, ардақты» деген мәні қарт, сыйлы әйелге айтыла-

тын аруана тіркесінде де байқалады.

Ару  сөзінің  «таза,  игі»  ұғымы  қазақ  тілінде,  біздіңше,  және  бір 

жерде  сақталған  сияқты.  Ол  –  ар  ма?  армысыз!  деп  амандасқанда 

айтылатын сөзде. Мұның өзі де көне. Қазірде бұлайша амандасулар 

белгілі бір стильдік мақсатпен қолданылады. Бұл тұлғалар қазақтың 

эпостық  жырлары  мен  ертегі-аңыздарында  көбірек  сақталған. 

Көріскенде  арбаң!  деп  амандасу  қырғыз  әдебиетінде,  әсіресе 

оның  оңтүстік  диалектісінде  кездеседі.  Бұл  сөздің  морфологиялық 

құрылымын К. К. Юдахин ары + ба + ң деп береді де мағынасын 

«шаршау,  шаршап-шалдығу,  арықтау»  мәндегі  ару  етістігімен  бай-

ланыстырады,  яғни  арбаң  –  «шаршама»  деген  сөз  деп  аударады. 

Біздің  топшылауымызша,  қазақ,  қырғыз  және  татар  тілінің  кейбір 

диадектісінде  кездесетін  ар  ма,  армысыз,  арбаң,  арумы  сөздерінің 

түбірі  –  «шаршау»  мағынасындағы  ары  емес,  «таза»,  одан  барып 

«ауру-сырқаудан  таза,  есен-сау,  аман»  мағынасындағы  ары  (арығ, 



ару) сөзі болар дейміз.

Ару ма (татарша ар мы, қырғызша ары ба сөздері) «деніңіз ауру- 

сырқаудан таза ма, есен-саумысыз» деген ұзақ амандықтың ықшам- 

далған  варианты  болар.  Зерттеуші  Р.Г.Ахметьянов  татар  тілінің  бір 

диалектісінде,  сондай-ақ  башқұрт,  удмурд  және  мари  тілдерінде 

(соңғының бір диалектісінде) ару сөзі сәлемдесуде айтылатындығын 

көрсетеді. Мысалы, татар, башқұрт тілдерінде арумы тұлғасы «жақсы 

тұрып  жатырсыз  ба!  (жақсымысыз!  амансыз  ба!»)  деген  мағынада 

жұмсалады дейді (Ахметьянов, 19).




45

Қазақтың ертедегі үлгілерінде амандасудың (мүмкін, тілдесудің) 

бұл тұлғамен берілуі арма! (ар ма!) түрінде келеді және бұл лебізді 

көбінесе  жасы  кіші  үлкенге  білдіреді.  Мысалы,  «Қобыланды»  жы-

рында  жас  батыр  Қобыланды  «қырық  күншілік  Қазанға»  өзінен 

бұрын аттанып кеткендердің ішінде Қосдәулетті қуып жеткенде:

Үлкен едің, арма! деп, 

Алдында кісі бар ма? Деп, – 

тілдеседі.  Аққозы,  Қарақозы  сияқты  өзінен  үлкендерге  де  арма

дейді,  ал  құрдасы  Қараманды  қуып  жеткенде,  онымен  бұлайша 

сәлемдеспейді. Бірақ, сірә, арма сөзі жалпы амандасу үшін де айты-

ла берген сияқты. Мысалы, Бекежан Жібек қызға Төлегеннің өлгенін 

айтуға келгенде, сөзін:

Айтамын айт дегеннен, арма, Жібек, 

Ботасы өлген түйедей зарла, Жібек! – 

деп  бастайды.  Ал  кейінгі  кезеңдерде  жазушылар  бұл  сөзді  аман- 



бысың!  амансыз  ба!  амансыңдар  ма!  деген  сөздердің  тепе-тең 

баламасы ретінде қарап, армысың! армысыз! арсыз ба! армысыңдар

деген  тұлғаларда  қолданғандары  байқалады.  Мысалы,  «Жанталас» 

романында:

– Арсыз ба, Бұхареке!

– Барсыңдар ма, өрендерім! – деген диалогті оқимыз.



Арма  сөзін  бұлайша  сыртқы  тұлғасын  құбылтып  қолдану  не 

түсінбестіктің, не тілге жауапсыздау қараған еркіндіктің жемісі бо-

лар. Өйткені о баста бұл сөз – тек ару ма (ары ма) деген жеке сөз 

бен  шылаудың  тіркесі  түрінде  ғана  қалыптасқан  қолданыс  сияқты. 



Арығ, ары(у) сөзінің соңындағы ығ(ыу) дыбыстарының түсіп қалуы, 

сөйтіп, арма болып кірігіп кетуі – заңды құбылыс. Сәлем сөз арма

болса, оған қайырылатын сөз бар бол! болуы керек, бұл «бәрекелді, 

рақмет!» деген сияқты мәнді беретін болса керек.



Ару  (ары)  сөзінің  «таза»  мағынасы  қазақ  тіліндегі  арылу 

етістігінде де сақталған. Арылмақ сөзі қазіргі түрік тілінде екі түрлі 

ұқсас мәнде жұмсалады: 1) тазару, таза болу, 2) аурудан сауығу, жазы-

лу (Турец.-русск. сл. 1977, 62). Татар тілінде де ару – «таза», арулық 

– «тазалық», аруламақ – «тазарту». Қазіргі қазақ тілінде арылу сөзі 

«бір нәрседен құтылу, тазару», одан барып «ақталу» деген ауыспалы 

мәнде жұмсалады (ҚТТС, 1974, І, 360).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет