Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет117/158
Дата21.04.2022
өлшемі2,43 Mb.
#31845
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   158
Байланысты:
Kantarbai

1.  Жалпы ережелер 
1.1  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2008 
жылғы  18  наурыздағы  №125  Бұйрығымен  бекітілген  «Жоғары  оқу 
орындарындағы    білім  алушылардың  үлгерімін  ағымдағы  бақылау,  аралық 


 
173 
және  қорытынды  аттестаттаудың  үлгі  ережесі»,  2001  жылғы  28  мамырдағы 
№19 Мемлекетаралық стандарты және Қазақстан Республикасының жоғары 
кәсіптік білім бакалавриат мамандықтары бойынша 2004, 2006 жылдардағы 
мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарттары,  Қазақстан 
Республикасының  білім  беру  жүйесі.  Жоғары  оқу  орындарында  диплом 
жұмыстарын  (жобаны)  орындау  ережесі.  Негізгі  ережелер.  ҚР  МЖМБ 
Стандарты (5.04.020 – 2008) негізінде дайындалды. 
1.2  Диплом  жұмысы  -  типтік  оқу  жоспарына  сәйкес,  студенттердің 
жоғары  оқу  орнын  бітірерде  өз  бетімен  жазбаша  орындайтын  ғылыми 
жұмысы.  
1.3  Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: 

 
Болашақ мамандардың іздену-зерттеу әрекетіне бейімділігін дамыту; 

 
Студенттердің шығармашылық қабілетін шыңдау; 

 
Педагогикалық міндеттерді ғылыми негізде шешуге бағыттау; 

 
Әдіснамалық  негіздерді  және  ғылыми-педагогикалық  зерттеу 
әдістемесін игеру; 

 
Ғылыми  зерттеу  ізденісінің  барысында  түрлі  ақпараттық  көздермен 
жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру; 

 
Өз  бетінше  проблеманы  анықтау,  оны  шешу  жолын,  тәсілдерін 
айқындау, түсіндіру; 

 
Болашақ мамандардың ғылыми жұмысқа дайындықтарын тексерудің 
бір нысаны болып табылады. 
1.4. Нәтижесінде: 

студенттің теориялық білім деңгейін арттырады; 

теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын бекітеді; 

өз бетінше зерттеу біліктіліктерін қалыптастырады; 

зерттеу нәтижелерін шынайы бағалауға ықпал етеді; 

күтпеген  педагогикалық  жағдайлардан  шығу  жолын  таба  білуге 
үйретеді; 

студенттің  жеке  шығармашылық  қабілеттерінің  ашылуына 
мүмкіндік береді. 
1.5.  Бакалавриат  деңгейінде  білім  беру  бағдарламасы  бойынша,  білім 
алушы,  дәлелді  себептерге  байланысты,  диплом  жұмысының  орнына 
ректордың келісімімен екі мемлекеттік емтихан тапсыруға құқысы бар, олар 
төмендегідей жағдайлар: 

2 жасқа дейінгі сәби тәрбиелеу; 

ауру ата-анасын күту;  

денсаулығына байланысты ұзақ уақыт стационарда емделу. 
 
  Ол үшін диплом жұмысын қорғаушы ректордың атына өтініш жазады 
және  тиісті  дәрігерлік  анықтаманы  ұсынады.  Басқа  жағдайларда,  диплом 
жұмысын  мемлекеттік  емтихандар  тапсыру  арқылы  ауыстыруға  жол 
берілмейді.  Мемлекеттік  емтихандар  тізбесі  шығарушы  кафедраның 
шешімімен бекітіледі.  


 
174 
1.6. 
Диплом 
жұмысының 
тақырыптары 
мамандыққа 
және 
мамандарды дайындау профиліне сәйкес болуы керек. 
1.7. 
Диплом  жұмыстарының  тақырыптары  жыл  сайын кафедраларда 
қаралып, білім мен ғылымдағы, мәдениеттегі соңғы жетістіктерге, оның әрі 
қарай  дамуына  сәйкестендіре  толықтырылып,  факультет  кеңесінде 
бекітіледі.  Бітірушілерге  диплом  жұмысының  тақырыбын  таңдау  құқығы 
беріледі. Зерттеуге қажеттілігін негіздей отырып, бітіруші өз тақырыбын да 
ұсына алады. 
1.8. 
Бітірушілердің  диплом  жұмысының  тақырыбы  оқу  жылының 
басында  институт  ректорының  бұйрығымен  бекітіледі.  Дипломалды 
практикадан  кейін,  бітірушілердің  диплом  жұмысының  тақырыбы,  
қажеттілігіне  қарай,  кафедраның  ұсынысымен  өзгеруі,  нақтылануы  және 
өңделуі мүмкін. 
1.9. 
Мемлекеттік  аттестаттау  комиссиясының  жұмысы  басталмай 
тұрып,  екі  апта  бұрын,  бітірушілер  диплом  жұмысын  аяқтап,  жұмысының 
соңына  қол  қойып,  ғылыми  жетекшіге  тапсыруы  қажет.  Ғылыми  жетекші 
«Қорғауға  рұқсат  беріледі»  немесе  «қорғауға  рұқсат  берілмейді»  деген 
дәлелді  қорытындысы  берілген  сын-пікірді,  басқа  ұйымдардан  берілген 
рецензияны және диплом жұмысын кафедра меңгерушісіне тапсырады. 
1.10. 
Диплом  жұмыстарының  рецензенттерінің  жұмыс  орны  және 
лауазымы  көрсетілген  тізімі,  кафедра  меңгерушісінің  ұсынысы  бойынша, 
жалпы тізім арқылы ректордың бұйрығымен бекітіледі. 
1.11. 
Диплом жұмысын рецензиялауды басқа ұйымдардың мамандары 
ғана жүзеге асырады. 
1.12. 
Мемлекеттік  аттестаттау  комиссиясына,  сондай-ақ,  диплом 
жұмысының  ғылыми  және  практикалық  құндылығын  сипаттайтын  басқа да 
материалдарды,  диплом  жұмысы  бойынша  практикалық  қызметті  жүзеге 
асыратын 
ұйымдардан 
ресми 
емес 
сын-пікірлерді, 
жазбаша 
қорытындыларды, 
ғылыми 
зерттеу 
нәтижелерін 
енгізу 
туралы 
анықтамаларды  немесе  макеттерді,  материалдардың,  бұйымдардың, 
өнімдердің,  минералдардың,  гербарийлердің  және  т.б.  үлгілерін  ұсынуға 
болады. 
1.13. 
Диплом  жұмысын  қорғау  мемлекеттік  аттестаттау  комиссиясы 
мүшелерінің, кем дегенде, жартысы қатысқан ашық отырыста өткізіледі. 
1.14. 
Диплом  жұмысын  қорғау  қорытындысы  «өте  жақсы»,  «жақсы», 
«қанағаттанарлық»,  «қанағаттанарлықсыз»  деп  бағаланады.  Бағалау 
барысында  бітірушілердің  теориялық,  ғылыми  және  практикалық  деңгейі, 
ғылыми жетекшінің сын-пікірі, рецензенттің рецензиясы ескеріледі. 
1.15. 
Диплом жұмысын қорғау «қанағаттанарлық емес» деп танылған  
жағдайда,  мемлекеттік  аттестаттау  комиссиясы  білім  алушының  сол 
жұмысын  пысықтап,  қайтадан  қорғауға  ұсынуға  болатындығын  немесе 
кафедра белгілейтін жаңа тақырыпты әзірлей алатындығын белгілейді. 
1.16. 
Диплом  жұмысын  қорғау  нәтижелері  мемлекеттік  аттестаттау 
комиссиясы отырысының хаттамалары ресімделгеннен кейін, қорғалған күні 
жарияланады. 


 
175 
1.17. 
Диплом  жұмысын  қорғаған  және  мемлекеттік  емтихандарын 
тапсырған  білім  алушыға  мемлекеттік  аттестаттау  комиссиясының 
шешімімен  алған  мамандығына  сәйкес  біліктілік  беріледі,  сондай-ақ,  тиісті 
білім беру бағдарламасын игерген жағдайда, академиялық дәреже (бакалавр) 
беріледі. 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет