Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен


Тапсырманы орындаудың ортақ тәсілдерін қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет113/158
Дата21.04.2022
өлшемі2,43 Mb.
#31845
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   158
Байланысты:
Kantarbai

Тапсырманы орындаудың ортақ тәсілдерін қалыптастыру 
 
Негізгі  мақсаттардың  бірі  -  пәнішілік  және  пәнаралық  байланысқа 
негізделген  әрекеттің  ортақ  тәсілдерін  қалыптастыру,  яғни  кез  келген  есеп, 
жаттығу,  тапсырмаларды  орындауға  ортақ  жолды  қарастыру.  Төжірибеде 
кез келген әрекет, оның  ішінде еңбек әрекетінің жалпы амалдық тәсілдерін 
қалыптастыру төмендегідей түрде жүзеге асырылады: 
а)  бастауыш  сынып  оқушыларында  әрекеттің  ортақ  (сәйкестік) 
тәсілдерін пәнішілік байланыс арқылы қалыптастыру. 
Мысалы,  ”Туынды  сын  есімдер”  тақырыбын  өткеннен  кейін  мұғалім 
сыныпқа мынандай сұрақ қояды: -туынды сын есім мен туынды зат есімнің 
арасында сөз құрамына талдауда сәйкестілік (ортақтық) бар ма? 
Оқушылар:  Екеуін  де  алдымен  сөздің  түбірі  мен  қосымшаларын 
ажыратамыз. 
 
Қосымшаның  жұрнақ  және  жалғау  екенін  табамыз.  Осылай  мұғалім 
әрекеттің ортақ тәсілдерін кез келген пәннің өз ішінде қалыптастыра алады. 
ә)  
мұғалімнің өз алдына келесі қоятын мақсаты - бастауыш сынып 
оқушыларында  әрекеттің  ортақ  тәсілдерін  пәнаралық  байланыс  негізінде 
қалыптастыруды  жүзеге  асыру.  Бұл  кезеңде  мұғалім  басты  назарды 


 
170 
бастауыш  сынып  оқушыларына  оқу  және  еңбек  міндетін  шешудің  барлық 
кезендерін  қамтудың  мүмкіндігі  мен  қажеттігін  түсіндіруге  аударады. 
Сонымен  бірге  операциялардың  ортақ  жүйесін  әр  пән  өзіндік  ерекшелігіне 
сай мазмұндық жағынан толықтырып отыратынын да атап көрсетеді. 
Мысалы,  қазақ  тілінен  293-жаттығуды,  математикадан  155-беттегі  №2 
есепті  орындап,  еңбек  сабағынан  ”конверт  дайындау”  тақырыбын  өткеннен 
кейін,  оқушыларға  үш  пәннің  тапсырмаларын  талдау  барысында  сендердің 
істеген  жұмыстарында  жалпылық,  ортақтық  болды  ма?  деген  сұрақ 
қойылды. 
Оқушылар:  Иә,  ортақ  белгі  болды.  Қазақ  тілі,  математика,  еңбек 
сабақтарында біз алдымен белгіліні (шартты), одан соң белгісізді (сұрақты) 
анықтадық.  
Мұғалім:    Математикадан  есеп  шығарып,  қазақ  тілінен  жаттығу 
орындап,  еңбек  сабағынан  белгілі  бұйым  дайындағаннан  кейін  күнде 
оқушылардан төмендегідей сұраққа жауап алып отырады. 
Мұғалім:  Еңбекке баулу, математика, қазақ тілі сабақтарында мақсатты 
анықтауда ортақтық не? 
Оқушылар:  Иә, ортақтық бар. Біз барлық сабақта да шартты (тақырып, 
өтілген  материал  бойынша  білім,  өткен  тәжірибе,  білім  мазмұнын)  еске 
түсіреміз. 
б) Ал, математика, қазақ тілі, еңбек сабақтарында жоспарларды жүзеге 
асырудағы ортақтық неде? 
Оқушылар  жауабы.  Жоспарлауда  әрекет  (операция)  тәртібі,  оның 
орындалу реті міндетті түрде сақталады. 
в)  
математика,  қазақ  тілі,  еңбек  сабақтарында  әрекеттің  мақсатын 
анықтауды тексеруге тән ортақтық бар ма? 
Оқушылар: Иә, ортақтық бар. 
Біз  барлық  пәнде  де  қажетті  шартты  дұрыс  анықтағанымызды 
тексереміз 
г)  тексеру  әрекетін  жүзеге  асыруда  пәндер  бойынша  айырмашылық 
кездесе ме? 
Оқушылар:  Айырмашылық  сонда,  әр  пәннің  өзіне  тән  шарттары 
болады,  мысалы  еңбек  сабағында  (бұйымның  үлгілері),  математикада 
(жұмыс үлгісі), қазақ тілінде (жаттығу берілген тапсырма). 
д)  
оқушы  сабақта  есепті  шешкенде,  ересектер  еңбек  еткенде 
ортақтық бар ма? 
Оқушылар:  Иә,  ортақтық  бар.  Екі  жағдайда  да  жұмыс  талдаудан 
басталады. 
Мұғалім:  Жауапты кім толықтырады? 
Оқушылар: Екі жағдайда да мақсат қою керек. 
Мұғалім:  Тағы кім өз ойын айтады? 
Оқушылар:  Екі  жағдайда  да  әрекет  тәртібі  анықталып,  оның  орындалу 
реті сақталды. 
Мұғалім:  Дұрыс. Жауапты тағы кім толықтырады? 
Оқушы: Екі жағдайда да жұмыс процесі тексеріледі. 


 
171 
Мұғалім:  Жарайсыңдар!Тағы кім толықтырады? 
Оқушы: Екі жағдайда жұмыс нәтижесі бағаланады. 
 
Мұғалім:    Өте  дұрыс  айттыңдар.  Балалар,  бұның  бәрін  сендер  қайдан 
білдіңдер? 
Оқушылар:  Біз  бұларды  математика,  қазақ  тілі,  еңбек,  дүниетану 
сабақтарында үйрендік. 
 
Мұғалім  оқушыларды  мақұлдай  отырып,  кез  келген  міндетті,  оның 
ішінде  еңбек  міндетін  де  шешу  барысында  оқушылар  (ересектер  де) 
жоғарыда  аталған  әрекеттерді  жүзеге  асыратыны  туралы  қорытынды 
жасайды. 
 
Біршама  уақыт  өткен  соң  оқушылармен  бірлесе  отырып  кез  келген 
тапсырманы,  есепті  (оның  нақты  мазмұнына  қарамастан)  орындағанда, 
шешкенде  орындалатын  операцияларды  белгілі  ретпен  орындаудың 
қажеттігі  туралы  қорытындыға  келеді.  Оқушылардың  іскерліктерін  бекіту 
мақсатында  жаттығу,  есеп,  тапсырманы  орындауға  тән  ортақ    тәсілдерді  өз 
беттерімен орындауға мүмкіндік беріледі. 
    
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет