Сұрақтар мен тапсырмалар 1. Педагогикалық зерттеулердегі негізгі түсініктерді талдау не үшін
қажет деп ойлайсыз?
2. Ғылыми әдебиетпен жұмыс – ғылыми зерттеу іс-әрекетін меңгерудің
шарты дегенді қалай түсінесіз?
3. Белгілі бір мәселе аясында ғылыми түсініктердің тізбегін жасап
көріңіз.
Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары: 1. Зерттеу жұмысының кіріспесіндегі негізгі ұғымдардың тізбегін белгіле: А) мақсат;
В) обьекті;
С) шығарма;
D) баяндама;
Е) болжам.
2. Зерттеу жұмысының ең соңғы құрылымының бөлігін белгіле: А) баяндама;
В) тезис;
С) педагогикалық сөздік;
D) пайдаланылған әдебиеттер
3. Зерттеу жұмысын жазу барысында пайдаланған әдебиеттерді жазу тәртібі: А) Т.Сабыров дидактика оқу құралын жазды;
В) [1.-3б.]
С)[- 3 б.]
D) 1,2,3;
Е) бірнеше еңбек жазған.
4. Зерттеу жұмыстарының көздерін толықтыр:
Монография, ...