Компендиум– қандай да бір ғылымның, зерттеулердің және т.с.с.
негізгі ойларын қысқаша, жинақтап беру;
Диссертация – ізденушінің (диссертанттың) ашық қорғайтын және
ғылыми дәреже алу үшін ұсынатын зерттеуі, ғылыми жұмысының
қолжазбасы, автордың ғылыми дәреже алу үшін (ғылым кандидаты немесе
докторы) ғылыми немесе ғылыми-білімдік мекемелерде дайындаған және
ғалымдар кеңесінде қорғайтын ғылыми біліктілік жұмысы.
Симпозиум, конференция материалдары – ғылыми конференция
қорытындылары кіретін мерзімді емес жинақ (бағдарлама, баяндамалар,
ұсыныстар, шешімдер);
Журнал – әр түрлі қоғамдық саяси, ғылыми, өндіріс және басқа
сұрақтар бойынша мақалар және /немесе рефераттар, сонымен қатар әдеби
туындылар, иллюстрациялары бар кітапша тәрізді түптелген мерзімді
мәтіндік басылым, осы түрде ресми бекітілген басылымдар: республикалық «Білім – Образованиие», «Жоғары мектеп хабаршысы», «Вестник высшей
школы Казахстана», «Ізденіс – Поиск», «Творческая педагогика», «Парасат»,
және т.б.; ресейлік-«Вестник высшей школы – Alma mater», «Высшее
образование в России», «Педагогика», «Мир образования», «Вопросы
психологии», «Вопросы философии» және т.б.; халықаралық «Перспективы:
вопросы образования», «Курьер ЮНЕСКО»;