89
барысында жекелеген деректерден жалпы ережелерге көшу жүзеге асады.
Дедуктивті әдіс – ғылыми теорияны құру тәсілі, өзгешелік ерекшелігі
қорытындының дедуктивті (дедукция) техникасын қолдану болып
табылады, яғни, жалпы талқылаудан жеке қорытындыға келу.
Теориялық әдістер мәселені анықтауға, болжамды белгілеуге және
жинақталған деректерді бағалауға қажет.
Теориялық әдістер әдебиеттерді оқумен байланысты: педагогика
классиктерінің еңбектері, жалпы және арнайы педагогика еңбектері, тарихи
материалдар, құжаттар, мерзімді баспасөз құралдары, мектеп, мұғалімдер
туралы көркем шығармалар, педагогикалық әдебиеттер, анықтамалық,
оқулықтар және әдістемелік оқулықтар.
Әдебиет көздерін зерделеу – көздердің библиографиялық атауларын
жекелеген карточкаларға тіркеу және олардың аңдатпасын (аннотация)
құрастыру; мәселеленің жеткілікті зерделенгенін, қайсысымен ғылыми
пікір-сайыстар жүруде, не ескірді, ал қандай мәселелердің әлі
шешілмегендігін білуге мүмкіндік береді. Адамтану мәселесі бойынша
тұтастай және педагогиканы да қоса алғанда классиктердің еңбектері;
педагогика бойынша жалпы және арнайы жұмыстар; тарихи-педагогикалық
жұмыстар;
мерзімдік
педагогикалық
басылымдар;
анықтамалық
педагогикалық әдебиеттер; педагогика мен араласа ғылымдар бойынша
оқулықтар мен әдістемелік құралдар зерделенеді. Әдебиет пен жұмыс жасау
мынадай әдістерді пайдалануды көздейді:
- библиография құрастыру – зерттелетін мәселемен байланысты жұмыс
үшін іріктелген әдебиет көздерінің жүйесі;
- рефераттау – жұмыстың негізгі мазмұнын қысқаша баяндау;
- конспектілеу – жұмыстың басты идеялары мен ережелерін бөліп
көрсету негізінде жасалатын ерекше жазбалар жүргізу. Шығармашылық
конспектіге жеке ойлар, сұрақтар, күмәндар, пайымдаулар да енгізіледі;
- аннотациялау – кітаптың және мақаланың жалпы мазмұнының
қысқаша жазбасы;
- үзінді алу – әдеби көздерде кездесетін сөйлемдерді, нақтылы немесе
сандық деректерді сөзбе-сөз жазу;
- «педагогикалық консилиум» – нәтижесінде оқушылармен оларды
оқытуда, дамытуда және тәрбиелеуде табылған кемшіліктерді жою жолдары
бойынша жалпы көзқарас (баға) әзірленетін, ұжымдық талқылаудан және
педагогтің, әкімшіліктің және т.б. оқушылардың оқу нәтижесін бағалаудан
тұратын тәуелсіз сипаттарды жинақтау әдісінің алуан түрлілігі;
Педагогикалық консилиум әдісі – (Ю. К. Бабанский) тәрбиелеушіні
зерттеудің нәтижелерін ұжымда отырып талдау. Оқу-тәрбие үдерісінің
нәтижелерін талқылау, тұжырым жасау арқылы арнайы бағдарламалар
бойынша жүргізіледі.
- терминологиялық
– проблеманың базалық және шалғайлық
ұғымдарын пайдалану, педагогикалық құбылысты талдауды педагогика
теориясы тілінде бекітілген ұғым арқылы орындау.
Достарыңызбен бөлісу: