90
Талдау екі нысанда болады: практикалық әрекет және ой тәсілдері
(Анализ; грек. аnalusis – ыдырату, ажырату). Талдау терминінің синонимі –
зерттеу. Адамның даралық дамуында талдау алдымен нақты тәжірибелік
әрекетпен іске асырылады. Талдаудың эмпирикалық материалды
механикалық бөлуі; тұтастың құрамындағы элементтердің өзара қатынасы
формаларын анықтау; білім құрылысын ашу; зерттеу объектісінің сипаты
мен динамикасын айқындау сияқты түрлері бар. Талдау элементарлы
сипатта болуы мүмкін, бұндай талдауда элементтердің бір-біріне және
тұтастай бастапқы жүйеге қатынасы айқындалмайды. Талдау барысында
зерттеу нәтижелерін бағдарламалар, кестелер, жоспарлар, жүйелер түрінде
жинақтауға болады. Бұл ретте аулақтау ережесі қолданылады, яғни күрделі
пікір болған жерде оның құрамды сөйлемдері де болуы керек. Конъюнкция
(лат. сonjunction – одақ, байланыс) ережесін де қолдануға болады, бұл ереже
бойынша екі немесе одан да көп пікірлерді бір күрделі сөйлемге біріктіруге
болады. Талдау мен жинақтау диалектикалық түрде бір-бірімен тығыз
байланысты, “талдау” термині көбінесе зерттеу үдерісі тұтастай зерттеу
үдерісінде қолданылады. Сондай-ақ белгілі бір нәтижелері бар деректерге
жүйеге кірерде және одан шығарда талдау жасап, салыстыруға болады.
Теориялық әдістің қажеттілігі мәселе анықтауға, гипотеза белгілеп,
жинақталған деректердің бағасын шығарудан туындайды. Теориялық әдіс
көптеген әдебиеттермен таныс болуды талап етеді:
- жалпы адамтану, соның ішінде педагогика классиктерінің еңбектері;
- жалпы және арнайы педагогикалық әдебиеттер;
- тарихи-педагогикалық ресми деректер мен құжаттар;
- педагогикалық мерзімді басылымдар;
- мектеп, тәрбие, мұғалім жөніндегі көркем шығармалар;
- педагогикалық анықтама құралдары;
- педагогика және онымен сыбайлас пәндер бойынша оқулықтар мен
әдістемелік қолданбалар.
Теориялық зерттеу әдістері
бұған салыстырмалы-тарихи талдау,
абстрактылықтан нақтылыққа өту, модель құрау жатады.
Салыстырмалы-тарихи талдау педагогикалық құбылыстарды жан-
жақты және терең зерттеп, пайда болған мәселелерді қазіргі кездегі алдыңғы
қатарлы әдістерге сүйеніп, өткеннің қателері мен кемшіліктерінің алдын
алып, оқу-тәрбие барысында жетілдірудің нақты шараларын жобалауға
мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: