Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін бақылау іскерлігі деңгейін анықтау
Бастауыш сынып оқушыларының өз оқу әрекетін тексеру іскерлігінің
қандай дәрежеде қалыптасқанын анықтау мақсатында мынандай
тапсырмаларды ұсынуға болады (бастауыштың жоғары сыныптарында
жазбаша, төменгі сыныптарында жеке әңгіме түрінде орындалады):
1. Өзіңнің тапсырманы орындауыңның, жоспар құруыңның, есеп
шығаруыңның дұрыстығына күмән келтірген жағдайлар болды ма?
2. Ондай жағдай болғанда не істейсің?
3. Қандай да болмасын бір тапсырманы орындағаннан кейін өзіңді
тексересің бе?
4. Егер өзіңді тексерсең, оны қалай істейсің?
5. Қандай тапсырмаларды және қай пәндерден тексересің?
6. Өзіңді неге тексересің?
7. Орындалған тапсырманы тексеру дегенге қалай түсінесің?
8. Математика,
қазақ
тілі,
еңбек,
дүниетанудан
орындалған
тапсырмаларды тексергенде, оларға ортақ сәйкестілік кездесті ме?
Кездессе, оларды ата.
Келесі тапсырма: Баланың есепті шығаруы дұрыс па, бұрыс па?
Ойланып, жауабыңды жаз. Қате болса. түзе, өзіңнің неліктен бұлай
ойлайтыныңды дәләлде (есеп мәтінін және оның қате шешімін беру).
Мектеп көрмесіне бастауыш сыныптар 35 қағаздан, 8 матадан
жасалынған бұйым және техникалық модельдер ұсынды. ¦сынылған
бұйымның жалпы саны 87 болса, көрмеге қанша техникалық модель
ұсынылған?
Шешуі: 35-8=27 87-27=60
Мынандай тапсырманы да ұсынуға болады: ойланып, жауабын жаз.
Оқушы жалғау түрлерін дұрыс анықтай алды ма? Қате жіберсе, оны жөнде,
себебін дәлелде (қате орындалған тапсырма беріледі).
Келесі тапсырма: көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жаз.
Сөйлемде 2 қате жіберілген, бұл пікірмен келіссең, оны дәлелде
(шындығында бір қате жіберілген).
Дала т..лге толді.
Оқушылар жауаптарын талдау барысында олардың жұмысты орындау
нәтижесін немесе барысын тексеретініне зейін аударған жөн.