135
ҚОСЫМШАЛАР
Қосымша А (5-дәріске)
I.Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетінің қалыптасу деңгейін
анықтау
Зерттеу құрылымы
Дайындалған әдістемеге сәйкес оқу әрекетінің әуелі жеке
компонентттерін, содан кейін тұтас меңгеру дәрежесі анықталады.
Талдау іскерлігін анықтау
Оқушылардың тапсырманы (есепті) талдау деңгейін анықтау
мақсатында төмендегідей сипаттағы тапсырмаларды ұсынуға болады:
1 мәтіннен белгілі мен белгісізді табу. Тапсырмалар әр түрлі пәндер
материалдар негізінде беріледі. Мысалы, не белгілі бір, не белгісіз екі
сызыңыздар. ”Бір үйде 45 пәтер бар. Екінші үйдегі пәтер саны одан 18-ге
артық болса, екі үйде қанша пәтер болғаны?”;
2 күдік туғызатын тапсырмалар ұсыну. Мысалы, ”ойыншық” сөзіне талдау
жаса; ”25 алманы 5 балаға бөліп берді” есепті шығар; Егер оқушы
тапсырманы орындамаса, себебін анықтау керек;
3 құрамы толық емес тапсырмаларды ұсыну. Мысалы, суретін сал;
122-жаттығуды орында (мәтін берілмейді) немесе мәтін беріледі
(сұрақ көрсетілмейді);
4 тапсырманы орындауға қатысы жоқ артық мәліметі бар материалдар
ұсыну. Мысалы, дүкенге бірінші күні 25 жәшік, екінші күні 10
жәшік, үшінші күні 15 жәшік жеміс әкелді. Бірінші, үшінші күні
барлығы неше жәшік жеміс әкелді?
Алынған жауаптарға талдау жасау негізінде оқушылардың талдау
жасау іскерлігін қаншалықты меңгергені анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: