149
Мұғалім: Жарайсыңдар, дұрыс айттыңдар! Сендердің ойларыңша
ересектер есеппен (тапсырманы орындаумен) қайда кездеседі?
Оқушылар: - жұмыста;
- үйде;
- барлық жерде, бір нәрсе істеуді ойластырғанда.
Мұғалім: Қазір сендер есеппен (тапсырманы орындаумен) мектепте және
сабақтан тыс әрекетте оқушылар ғана емес, жұмыста ересектер де
кездесетініне көздерің жетті. Сонымен, кез келген әрекет сол әрекетке
сәйкес есепті (тапсырманы) орындау ретінде қарастырылады деген
қорытынды шығады. Әңгіме соңында үйге берілетін тапсырма: өздеріңе
қызықты да ”өмірден” алынған есептер (тапсырма) қарастырыңдар,сабақта
талдаймыз. Ересектердің де өндірісте (жұмыста) қандай міндеттерді
(тапсырманы, есептерді) орындайтындарын сұрастырып,жазып келіңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: