Бағдарламасы шеңберінде бағалау рəсімдерін өткізу ережесі жалпы ережелер осы бағалау рəсімдерін өткізу Ережелері «Тиімді оқыту мен оқу»



Pdf көрінісі
бет10/89
Дата22.04.2022
өлшемі0,92 Mb.
#31922
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   89
Байланысты:
PrOceniv

8. БАҒАЛАУ РƏСІМДЕРІН ҚОРЫТЫНДЫЛАУ 

 

29. ПӨО: 



1) сертификаттауға ұсынылған мұғалімдер мен басшылар тізімін ары қарай БҒМ-

не жіберілуі үшін ДББҰ-на жібереді; 




1

 

2) сертификаттауға 



немесе 

ресертификаттауға 

ұсынылған/ұсынылмаған 

мұғалімдер,  басшылар,  тренерлердің  тізімі  жəне  «есептелмеді»  шешім  бойынша 

негіздемелер Оқыту орталықтарына ресми хатпен жібереді;  

3) сертификаттауға/ресертификаттауға 

ұсынылған 

мұғалімдер, 

басшылар, 

тренерлердің тізімі ПӨО порталында жарияланады.  

 

 

9. АПЕЛЛЯЦИЯ 



 

30. Апелляция бағалау рəсімдері өрескел бұзылғанда қабылданады: 

1) техникалық ақаулар бойынша; 

- ПӨО порталына электронды форматтағы портфолионы жүктеу кезінде интернет 

желісінің болмауы; 

- зақымдалған файлдың жүктелуі; 

2) ПӨО бағалауды өткізу мерзімі мен рəсімдерін сақтамауы. 

31. Мұғалім, 

басшы, 

тренер 


ПӨО 

порталында 

сертификаттауға 

немесе 


ресертификаттауға  ұсынылған  мұғалімдер,  басшылардың,  тренерлердің  тізімдері 

жарияланғаннан  кейін 5 (бес)  жұмыс  күні  ішінде,  тренер,  эксперт  ПӨО  порталында 

сертификаттауға  ұсынылған  тренерлер,  эксперттер  тізімдері  жарияланғаннан  кейін 5 

(бес)  жұмыс  күні  ішінде  осы  Ереженің 8-қосымшасындағы  үлгі  бойынша  ПӨО-на 

жазбаша  өтініш  бере  алады,  өтінішті  ПӨО-ның info@cpi.nis.edu.kz мекен-жайы 

бойынша  электронды  поштасына  дəлелдемелермен  бірге  жібереді.  Белгілеген 

мерзімнен кешігіп түскен апелляция өтініштері қарастырылмайды. 

32. Апелляцияны  қарастыру  үшін  ПӨО  директорының  бұйрығы  бойынша  өтінішті 

қарап  тиісті  шешім  қабылдай  алатын  бес  уəкілетті  адамнан  тұратын  апелляциялық 

комиссия құрылады.  

33. Апелляциялық комиссияның құрамына ПӨО директорының орынбасарлары, ПӨО 

құрылымдық бөлімшелерінің бөлімдері басшылары жəне заңгер кіреді. Апелляциялық 

комиссияның хатшысы – ПӨО құрылымдық бөлімшесінің қызметкері.  

34. Апелляциялық  комиссияның  шешімі  комиссия  мүшелерінің  жалпы  санының 

көпшілік  дауысымен  қабылданады.  Егер  дауыстар  тең  болған  жағдайда,  төрағаның 

дауысы  шешуші  болып  табылады.  Апелляциялық  комиссияның  шешімі  осы 

Ережелердің 9-қосымшасына  сəйкес  үлгі  бойынша  апелляциялық  комиссия  төрағасы 

жəне барлық мүшелері қол қойған хаттамасы арқылы ресімделеді.  

35. Апелляциялық  комиссия  Қазақстан  Республикасының  заңында  белгіленген 

мерзімдерге  сай  мұғалімдер,  басшылар,  тренерлердің  өтініштерін  қарайды  жəне 

апелляциялық  комиссия  отырысы  өткізілгеннен  кейін  апелляция  бойынша 

тыңдаушыға  жазбаша  түрде  себептемелі  жауап  береді  жəне  жауапты  тыңдаушының 

өтінішінде көрсетілген электронды поштасына жібереді.  

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет