6. БАҒАЛАУ НƏТИЖЕЛЕРІН МОДЕРАЦИЯЛАУ
21. Модерация рəсімі эксперттермен, тимлидерлермен жəне ПӨО бас экспертімен
жүзеге асырылады:
1) Мұғалімдерді бағалау нəтижелері:
- модерация №1: «шекті деңгей» бағасы бар мұғалімнің портфолиосын
жəне/немесе таныстырылымын эксперттердің тəуелсіз ЖБ;
- модерация №2: Емтихан бойынша тиісті өту балын жинамаған мұғалімдердің
сұрақ кітапшаларын, бағалау парақтарын эксперттердің, ПӨО қызметкерлерінің қайта
(механикалық) тексеруі: сұрақ кітапшасынан жауап парағына жауаптарды енгізген
кезде пайда болған техникалық қателер; сұрақ кітапшасында жауапты дұрыс белгілеп,
жауап парағына дұрыс түсірмеу мүмкін жағдайларды анықтау;
- модерация №3: мұғалімнің портфолио/таныстырылым бойынша «жақсы» баға
алғанда, бірақ Емтихан бойынша өту балына 1-2 балдың жетпеген жағдайда мұғалім
портфолиосы жəне/немесе мұғалім таныстырылымын эксперттердің тəуелсіз ЖБ;
- модерация №4: мұғалімнің портфолио/таныстырылым бойынша алған бағасы
қанағаттанарлық, бірақ Емтихан бойынша тиісті өту балдарын жинамаған жағдайда
мұғалім портфолиосы жəне/немесе мұғалім таныстырылымын эксперттердің тəуелсіз
ЖБ.
2) басшылар портфолиосын бағалау нəтижелері мына жағдайларда:
- топ тренері мен тəуелсіз тренердің бағалары екі түрлі деңгейде болғанда;
- топ тренері мен тəуелсіз тренермен «есептелмеді» деген шешім қабылданған
жағдайда, соның ішінде плагиат анықталған болса немесе «шекті» деген баға
қойылған жағдайда;
- тренерлер портфолиосын бағалау нəтижелерінде бекітілген жəне тəуелсіз
эксперттердің ЖБ айырмашылық болған кезде немесе «есептелмеді» деген шешім
қабылданған жағдайда, сонымен қатар плагиат анықталған жағдайда өткізіледі.
22. ПӨО бағалау рəсімдерін модерациялау рəсімі бойынша осы Ереженің 5
Қосымшасына сəйкес Актіні ресімдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |