порталы
–
мұғалімдер,
басшылар,
тренерлер
жүктелген
портфолиолары бар, бағалау бойынша нормативті жəне нұсқаулық құжаттар жəне
сертификаттауға ұсынылған мұғалімдер мен басшылардың тізімі жарияланатын
интернет ресурсы;
27) Бағалау бойынша деректердің электронды базасы – бағалау бойынша
ақпараттарды жинауға негіз болып табылатын мұғалімдер, басшылар, тренерлер
бағаларының жиынтығы;
28) Сертификат – мұғалімдер курстары жəне басшылар курстары шеңберінде
мұғалімдер, басшылар, тренерлердің білім беру бағдарламалары стандарттарына
сəйкестігін куəландыратын бекітілген үлгідегі құжат;
29) Сертификаттау – нəтижесінде мұғалімдерге, басшыларға, тренерлерге
сертификат берілетін бағалауды қорытындылайтын рəсім;
30) Ресертификаттау – нəтижесінде тренерлерге мұғалімдер курстары мен
басшылар курстары шеңберінде стандарттарға сəйкестігін жəне үздіксіз дамуын
растайтын сертификат берілетін тəуелсіз бағалауды қорытындылау рəсімі.
31) Хаттама – мұғалімдер мен басшыларды сертификаттау, тренерлерді
сертификаттау мен ресертификаттауға ұсыну бойынша Емтихан кеңесінің
отырысында қабылданатын шешімнің тəртібі мен əрекеттерін белгілейтін құжат;
32) Мұғалімдер мен басшыларды сертификаттауға ұсыну бойынша Емтихан
кеңесі – мұғалімдер курстары мен басшылар курстарының сертификаттауға
ұсынылған жəне ұсынылмаған мұғалімдердің/басшылардың қорытынды тізімдерін
бекітетін ПӨО алқалы органы;
33) Тренерлерді сертификаттау мен ресертификаттау бойынша Емтихан
кеңесі – сертификаттауға, ресертификаттауға, мұғалімдер курстары мен басшылар
курстарының басқа білім беру бағдарламасын растауға тренерлердің қорытынды
тізімдерін бекітетін ДББҰ мен ПӨО алқалы кеңесі;
34) Мұғалімдер
Достарыңызбен бөлісу: |