48
етеді;
- зерттеу нәтижелерін объективті бағалауға тәрбиелейді;
- озат тәжірибелерді жинақтауға ҥйретеді;
- талдай білуге және кҥтпеген жағдайларда жол таба білуге ҥйретеді;
- мамандығына, пәнге, ғылыми ізденуге қызығушылығын оятады;
- студенттің жеке «ішкі» қабілетін ашады; сӛйлеу мәдениетін дамытады.
Студенттің пәнде оқылатын материалдарды меңгеруге арналған
арнайы тапсырмаларды орындауын, сонымен қатар рефераттар жазуды
студенттердің ғылыми-зерттеу жҧмысына жатқызуға болады. Сабақтан
тыс оқу залдарында, компьютерлік кластарда, ҥйде орындайтын танымдық
тапсырмаларды орындау барысында оқулықтар мен оқу қҧралдарын,
лекция конспектілерін, сонымен қатар ғылыми монографияларды және
мерзімдік басылым материалдарын пайдаланса, онда ол дербес таңдау
жасағаны. Мҥндай студенттер ізденімпаздығымен ерекшеленіп, ғылыми-
зерттеу жҧмысына бейімділік танытады. Ал егер ол танымдық іс-
әрекетті нҧсқау және оның дҧрыстығын бақылайтын ережелер арқылы
жҥзеге асыратын болса, онда оны дербестік емес, оның белсенділігі
ретінде қарастыруға болады.
Демек, студенттердің ғылыми-зерттеу жҧмыстарын тек оқу-
танымдық әрекет қана емес, болашақ мамандарды даярлаудың қажетті
шарттарының бірі деп тҥсінуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: