56
Жалпыланған кҥйде кӛкейкестілік ғылыми идеялар мен практикалық
ҧсыныстарға болатын сҧраныс (қандай да қажеттілікті қамтамасыз ету
ҥшін) пен дер кезеңдегі ғылым мен практиканың мҥмкіндігі арасындағы
айырмашылық деңгейін сипаттайды.
Жалпы жағдайда кӛкейтестілік ғылыми ойлар және тәжірибелік
ҧсыныстар арасындағы қайшылық денгейін сипаттайды. Зерттеу
кӛкейтестілігінің бҧлтартпас дәлелі - шешімін кейінге қалдыруға
болмайтын қоғамдық маңызды мәселелерді, яғни әлеуметтік тапсырыстар
болып табылады.
Зерттеу тақырыбы шешімі қалтқысыз табылуы қажет, ӛте кҥрделі де
қоғамдық маңызға ие болған
проблемалармен ҧштасқан әлеуметтік
тапсырыс нақты тақырыптың негіздеме дәйегін талап етеді. Ал бҧл, ӛз
кезегінде, қойылған мәселенің ғылым аймағында зерттелу дәрежесінен
туындайды.
Егер әлеуметтік тапсырыс педагогикалық практиканы талдаудың
нәтижесінде ҧсынылатын болса, ғылыми проблеманың ӛз негізі басқаша.
Оның міндеті ғылым қҧрал-жабдықтарын пайдалана отырып, негізгі
қарама-қарсылықтарды баяндап беру. Әдетте, проблема шешімі зерттеу
мақсатын қҧрайды. Мақсат – қайта тҥзіліп, ӛрнектелетін проблема.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
1. Зерттеу проблемасы дегеніміз не?
2. Зерттеу тақырыбы ненің негізінде жасалады?
3. Қазіргі бастауыш білім беруде қандай проблемалар зерттеуді қажет
етеді?
4. Ғылыми басылымдар, авторефераттармен жҧмыс істеу негізінде
педагогикалық зерттеу проблемасын және тақырыбын талдаңыз.
5. Курстық жҧмысыңыздың проблемасын және тақырыбын анықтаңыз