Калық зерттеу әдістемесі оқу қҧралы АҚтау 2010 Ж


 Ғылыми ақпаратпен жұмыс жасау әдістері



Pdf көрінісі
бет36/83
Дата27.04.2022
өлшемі1,02 Mb.
#32560
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   83
Байланысты:
КАЛИЕВА Э.И.Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі

 
2. Ғылыми ақпаратпен жұмыс жасау әдістері  
               Ғылыми  ақпараттармен  жҧмыс  жасау  әдістеріне:  ақпаратты 
іздестіру  тәсілі;  алынған  ақпаратты  ӛңдеу  тәсілі;  ғылыми  ақпараттарды 
жҥйелеу және сақтау жатады. 
1) 
Ақпарат көзін таңдау және игеру 
Ғылыми  ақпаратты  іздестіру.  Ғылыми  ақпарат  ғылыми  әдебиетте 
ҧсынылады.  Б.Г.  Тяпкин  ғылыми  ақпаратқа  келесідей  анықтама  береді: 
«зерттеу  жҧмысының  барысы,  оның  нәтижелері,  ғылымның  соңғы 
жетістіктерімен  мамандарды  қҧлақтандыру  мақсатында  баспа,  жазба 
тҥрінде  ҧсынылатын  ақпараттар    жиынтығы.  Білімнің  белгілі  бір 
салаларына  тәуелсіз,  ғылыми  әдебиеттің  негізгі  мазмҧны  -  ғылым  және 
ғалымдар ашқан жаңалықтар, заңдар және ойлар болып табылады.Зерттеу 
жҧмысының  нәтижесі  жазбаша  тҥрде  басылып,  кӛпшіліктің  назарына 
ҧсынылмаса, ғылыми жҧмыс толық аяқталмаған болып есептеледі.» 
Библиографиялық ізденістің ең дҧрысы энциклопедиялармен арнайы 
сӛздіктерге  жҥгіну.  Энциклопедия  мақалалары  белгілі  бір  мәселе 
бойынша  қысқаша  ақпарат  мазмҧнын  емес,  сонымен  қатар  сол  тақырып 
бойынша жарияланған мақалалар тізімін береді.  
Зерттеу  жҧмысы  туралы  жалпы  ақпарат  алғаннан  кейін,  кітапхана 
тізімдемесімен жҧмыс бастауға болады.  
Каталогтың  мынадай  тҥрлері  бар:  әліпбилік,  пәндік,  жҥйелік,  жаңа 
тҥсірілімдер тізімдемесі. 
Әліпби  тізімдеме-
 
  автордың  аты-жӛнімен  ақпарат  алу  кӛзін  нақты 
білгенде жҥгінуге болады. 
Пәндік  тізімдеме  -  пәндер  бойынша  библиографиялық  жазбалар 
әліпбилік ретпен жасалатын кітапханалық тізімдеме. 
Жҥйелік  тізімдемеде    кітаптар  аты  бойынша  топталады.  Пәндік 
каталогпен  салыстырғанда,  алфавит  бойынша  емес,  пән  бойынша 
топталады.  
Каталогты  назар  аударып  қарау  маңызды.  Қысқа  да  нҧсқа 
тізімдемелік  карточкалар  мол  ақпарат  береді:  автордың  аты-жӛні, 
кітаптың аты, басылымды дайындаған ғылыми мекеменің аты, баспа аты, 
кітаптың шығарылған жылы, беттерінің саны. Тізімдік карточкадан
 
кітап, 
мақала  туралы  библиографиялық  ақпарат  толық  әрі  нақты  жазылып 


60
 
 
алынады. 
Жазбаларды 
бӛлек 
карточкаларда 
жасаған 
дҧрыс. 
Библиографиялық  оқылым  барысында  жасақталған  биоблиографиялық 
карточка  бойынша  библиографиялық  тізім  жасалады.  Библиографиялық 
тізім  зерттеушінің  ғылыми  еңбегінде  пайдаланған  библиографиялық 
ақпарат кӛздерінің тізбектілігін бейнелейді.  
Зерттеу 
жҧмысының 
барысында 
библиографиялық 
тізімді 
қҧрастырудың  бірнеше  тәсіл  қолданылады:  әліпбилік,  тақырыптық, 
хронологиялық.   
Әліпбилік  тәсілде  библиографиялық  тізім  авторлардың  аты-жӛні 
және  ақпарат  кӛзінің  аты  (автор  белгісіз  жағдайда)  бойынша 
жасалады.Осы  әліпбилік  жолмен  ғылыми  еңбектердің  библиографиялық 
тізімі жасалады.  
Ғылыми  ойлардың  дамуын  кезеңдермен  бейнелеу  қажет  болғанда 
хронологилық  библиографиялық тізім жасалады.  
Кейде  зерттеу  жҧмысы  кезінде  библиографиялық  тізім  алфавит 
бойынша емес, саны бойынша топталады.
 
 
Зерттеуші  жҥмыс  барысында  жҥгінген  энциклопедиялар  мен 
анықтамалықтар бӛлек тізіммен кӛрсетілетінін атап ӛту керек. 
Ғылыми  әдебиетпен  және  оқулықпен  жемісті  жҧмыс  жасау  ҥшін 
кітап  оқу  мәдениетін  білу  қажет.  Оқу  мәдениетіне  келесілер  жатады: 
уақытылы  оқу,  оқу  жылдамдығы,  оқу  тҥрлері,  кітапханалардың 
ақпараттық-іздестіру  жҥйесімен  және  тізімдемесімен  жҧмыс  жасай  білу, 
оқылым тиімділігі, жазбалар жҥргізе білу. 
Әдеби материалдарды кӛп игеру ҥшін жылдам оқи білу қажет.  Оқу 
жылдамдығы  -  негізгі  мақсат  емес.  Ол  міндетті  тҥрде  оқыған  мәтінді 
қабылдау, алынған ақпараттарды есте сақтау сапасымен ӛлшенеді.  
Зерттеуші  ҥшін  оқудың  мақсатын  айқындап  алу  және кітап  оқудың 
әр тҥрлі тәсілін меңгеру маңызды.  
Оқудың келесі мақсаттары бар: 
-  Ақпараттық-ізденуші - қажетті ақпаратты табу; 
-  Қорытушы - ақпаратты және ойлау қисынынтҥсінуу; 
-  Сараптамалық-сынаушы  -мәтінді  ҧғыну,  кітап  оқушының  мәтінге 
қатыстылығын анықтау; 
-  Шығармашылық - ақпаратты ҧғыну
 
негізінде оны толықтыру, дамыту. 
Мамандар оқудың негізгі ҥш тҥрін жиі қолданады: 
1.   Ізденуші: кітаппен, мақаламен алдын ала танысу ҥшін. Басты міндеті - 
кітапта  қажетті  ақпараттың  бар-жоқтығын  анықтау.  Бҧл  ҥшін  алғы  сӛз, 
аңдатпа, қорытынды сӛз қаралады. Кейде кітап туралы ой қалыптастыру, 
автордың  негізгі  ойын  ҧғыну  мен  жҧмыстың  ерекшеліктерін  білу  ҥшін 
осының ӛзі жеткілікті болады.  
 
Егер  оқудың  осы  тҥрінде  жасалатын  жҥйелі  іс-әрекетті 
анықтасақ,тӛмендегідей  болады: 


61
 
 
-  Мәтіннің  қҧрылымы  мен  мазмҧны  туралы  жалпы  мағлҧмат  алу  ҥшін 
тақырыпшаны белгілеңіз. Тақырыпшаны сҧрақ тҥрінде ҧсынуға болады. 
Мысалы, тақырыпша «Тәрбиелеу жҥйесі тҧлғаның даму шарты ретінде» 
дегенді  сҧрақ  тҥрінде  «Ӛсіп  келе  жатқан    баланы  тҧлға  ретінде 
қалыптастыру  ҥшін  тәрбиелеу  жҥйесі  қандай  болуы  қажет»  деп 
ӛзгертуге болады; 
-  Мазмҧны жайында жалпы мағлҧмат алу ҥшін алғашқы және соңғы азат 
жолды қараңыз;  
-  Тҧтас мәтінге кӛз жҥгіртіп кӛріңіз; 
-  Оқитын мәтінге сҧрақ қойыңыз: «Бҧл тақырып туралы мен не білемін?», 
«Не  білуім  керек?»  Тақырыпшаларды  оқи  отырып  және  сҧрақ  қою 
арқылы сіздің кітап оқу ҥрдісіңіз белсенді болады және оқу мақсатыңыз 
айқындалып,  бҧрын  жинаған  мәліметтеріңізбен  жаңа  ақпараттардың 
арасында байланыс пайда болады.  
   
2.  Таңдап  оқу  (танысу,  қысқаша  мазмҧндау)  белгілі  бір  ақпаратты 
толық  меңгеру  қажеттілігі  туындағанда  кітапты  немесе  мақаланы 
қайталап  оқу.  Бҧл  кезде  кітаптың  немесе  мәтіннің  ӛзімізге  қажетті 
бӛлімдерін ғана оқимыз.  
      
 
3.Тереңдетіп  оқу  (танып  білу,  сараптамалық,  сынаушы)  -  негізгі 
мақсаты                 оқылған дҥниені ҧғыну және есте сақтау. Бҧл ретте біз 
детальдарға назар                   аударып, ақпаратты талдап, бағалаймыз. Бҧл 
оқылымның ең жауапты тҥрі.  
       Тиімді оқылым ҥшін мынадай іс-әрекет тізбегін ҧсынуға болады: 
1. Шолу  және  қарау:  жалпы  ақпарат  алу  ҥшін  кіріспені,  мазмҧнын, 
тҥйіндемені  Талдау  -  кітапты  оқып  отыруыңыздың    себебі  туралы 
ойлану;  
2. Белсенді  оқу  -  оқу  мҥмкіндігіне  байланысты  негізгі  ойды  жазбаша 
тҧжырымдау.  Жҧмысты  аяқтап,  оқылған  дҥниені  қаншалықты 
менгергеніңізді тексеру.  
3. Ойды  дамыту  -  оқылған  дҥниеге  қатысты  ӛзіңіздің    кӛзқарасыңызды 
білдіру.  
Оқылымның  барлық  тҥрі  бір-бірімен  тығыз  байланысты.  Оқылым 
нәтижесі  алынған  ақпаратты игеру  дәрежесі және жҧмсалған  уақытпен 
анықталады.  Оқу  жылдамдығы  зерттеуші  ҥшін  маңызды.  Орташа  оқу 
жылдамдығы  минӛтіне  200-250  сӛз  оқумен  анықталады.  Дегенмен, 
тарихта  ӛте  жылдам  оқитын  адамдар  боған  (О.Бальзак,  А.Эдисон), 
мысалы,  Джон  Кеннеди  минӛтіне  шамамен  1200  сӛз  оқыған.  Жылдам 
оқу ҥшін арнайы жаттығулар жасау қажет. 
 
 
 
 


62
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет