Паразиттердің жіктелуі
Шынайы паразиттер тіршілігінің айтарлықтай уақытын иесінде өткізеді және паразитизм
осы түрдің арнайы белгісі болып табылады.
Жалған паразиттер – еркін өмір сүретін түрдің жеке даралары ағзаға кездейсоқ түскенде
иесінің қалыпты тіршілігін бұзылуына алып келуі мүмкін.
Уақытша паразиттер иесімен қоректену кезінде ғана жанасады.
Тұрақты паразиттерді салыстырмалы және үнемі тұрақты түрлеріне бөлуге болады:
салыстырмалы тұрақты паразиттер иесінде тіршілік циклінің кезеңдерінің бірін ғана
өткізеді, үнемі тұрақты паразиттер бүкіл тіршілігін иесінде өткізеді және сыртқы ортада
өздігінен тіршілік ете алмайды.
Иесінің ағзасында орналасуына байланысты экто- және эндопаразиттерді ажыратады.
Эктопаразиттер (сыртқы) иесінің терісінде, түктерінде, яғни сыртқы жабындысында
тіршілік етеді, ал эндопаразиттер (ішкі) кез келген мүшені зақымдауы мүмкін. Осыған
байланысты ішектің, бауырдың, өкпенің, зәр шығару және жыныс жүйесінің және т.б.
паразиттерін ажыратады. Сонымен бірге, кей жағдайда бірқатар паразиттер тек ғана белгілі
бір мүшені зақымдаса, енді бірі әртүрлі мүшелерді зақымдауы мүмкін, сонымен қатар,
дамуының әр сатысында әр түрлі мүшені зақымдауы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |